1.1-сурет – «Найти в Огу» қосымшасының көрінісі
1.5 REST API
Мобильді қосымша клиент сервер бөлімінен тұратындықтан, REST
технологиясын қолдану арқылы жұмыс жасалынады.
RESt - клиент-сервер моделі бойынша желіде бөлінген қосымша
компоненттердің өзара әрекеттесуінің ерекше бір архитектуралық стилі ретінде
саналады.
Архитектуралық стиль ерекшеліктеріне:
- әрбір мәнде бірегей идентификатор – URI болуы керек.
- мәндер өзара байланысты болуы тиіс.
- деректерді оқу және өзгерту үшін стандартты әдістер қолданылуы тиіс.
- ресурстардың бірнеше түрлерін қолдау болуы тиіс.
- өзара іс-қимыл жағдайсыз жүзеге асырылуы тиіс.
REST API-белгілі бір көлемдегі деректерді қайтаратын стандартты
әдістердің қашықтағы шақырулардың жиынтығы.
REST API -ды пайдалану, әлбетте, Интернетті пайдалануға байланысты
болып табылады. Дегенмен, Android бағдарламалары тек android рұқсаты бар
болған жағдайда ғана Интернетке қол жеткізе алады. Ол үшін бағдарламалық
кодта android.permission.INTERNET жолы болуға тиісті.
Rest бағдарламасының артықшылықтары:
-
Rest компоненттердің өзара әрекеттесуі үшін бірыңғай интерфейсті
ұсынады;(веб-бет және мобильді қосымша)
-
REST-деңгейден тұратын жүйе. Жекелеген компоненттер қазіргі уақытта
өзара әрекеттесетін деңгеймен шектеледі;
-
REST тамаша, өйткені ол жағдайды бақыламайды (stateless) Егерде cіз
деректермен жұмыс жасасаңыз, ол оның жолын бақыламайды;
-
Rest арқылы сіз HTTP кэштеу қуатын басқара аласыз!(яғни
сұраныстармен жұмыс жасай аласыз.)
Rest API архитектурасымен төмендегі 1.2-суретте таныса аласыздар.
1.2 - сурет – REST API архитектурасы
Rest көбінесе веб-бетпен жұмыс жасауға ыңғайлы. Ал мобильді қосымшаға
келетін болсақ, бірқатар заңдылықтар арқылы жұмыс жасайды. REST cерверден
алынған мәліметтер әдетте sql деректер қорында сақталады. Себебі олар activity-
ға тікелей берілмейді және де деректер қорында қосу, өшіру, енгізу
операциялары орындалатын болса, онда Rest сервирі екі рет орындалады. Бірі
операцияны жіберсе, екіншіде соған жауап қайтады.
|