студенттер білімді, іскерлікті және дағдыларды меңгереді, әрбір тақырыптың
мазмұнын, әр мәселенің мазмұнын ашудың логикалық түрін қалыптастырады.
Оқу
аудиториясы
жабдықтарының
ерекшелігі
көрнекі
баспа
құралдарының (схемалар, фотоальбомдар, фото стендтер, плакаттар)
және де
техникалық құралдардың (кинопроекторлар, диапроекторлар, технологиялық
процестерді бейнетехника - түсіру, дербес компьютерлер) болуы.
Оқу аудиториясын ұйымдастыру мәселелерін шешудегі басты рөл пәнді
оқытушыға беріледі. Сол себепті оқытушылар тиісті білім беру үшін
аудиторияның толық жабдықталғаны маңызды. Жобаның басты мақсаты-
оқытушыға көмек ретінде қалаған аудиторияны брондау жүйесі болып саналады.
Кей кездерде студенттер саны мен сабақ кестесі бойынша қойылған
Аудитория
саны сәйкес келмей, көп қиындық туғызып жатады. Бұл
жағдайда студентке және оқытушыға да қолайсыз болады. Сол себепті
аудиторияны брондау жүйесі қазіргі уақыттың жаңалығы болып саналады.
Себебі оқытушы өзіне қолайсыз аудиторияны ауыстыруға немесе қосымша сабақ
өтуге аудиторияны іздеп брондай алады.
Аудиторияны брондау – бұл университеттің бастапқы оқу ғимаратында
қажетті аудитория туралы мәлімет алып(техникалық құралдар), оны брондау
жүйесі. Брондау тек оқытушыларға арналған. Ал студенттер тек аудитория
туралы мәлімет ала алады. Брондау үшін оқытушыға
қажетті мәліметтер
жиынтығын толтыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: