2.2 Java бағдарламалау тілі
Андроид операциялық жүйесі негізінен Джава бағдарламасын негізге алып
жұмыс істейді. Программа барысында жазылған кодтың барлығы арнайы
Android Packagе есімді файлда сақталады. Сол себепті бағдарлама жазуда Джава
бағдарламасының орны ерекше.
Java бағдарламалау тілін Джеймс Гослинг және басқа да Сан Микросистем
компаниясының инженерлері ойлап тапқан. Бұл бағдарлама мың тоғыз жүз
тоқсан бірінші жылы ұйымдастырылған, алайда жарыққа тек мың тоғыз жүз
тоқсан бірінші жылы шыққан. Java алғашында С++ бағдарламалау тілінің
орнына құрастырылған болатын және оның атын Дуб деп қоймақшы болған.
Бағдарламаны құрудағы ең негізі мақсаттардың бірі ақпаратты қашықтыққа
кодтау қауіпсіз болу үшін және еркін тұтас платформа құру үшін арналған.
Java бағдарламау тілі обьектіге бағытталған бағдарлама тілі болып
саналады. Java тілі Android операциялық жүйесіне арналған мобильді
қосымшаларды жасау үшін белсенді қолданылады. Бұл ретте бағдарламалар
Dalvik виртуалды машинасын пайдалану үшін стандартты емес байтты-кодқа
айналдырады. Мұндай компиляция үшін Google компаниясы әзірлеген Android
SDK (Software Development Kit) қосымша құралы қолданылады.
Android бағдарламасына арналған әр қосымша бөлек үрдісте өзінің
меншікті данасындағы Dalvik машинасында жұмыс жасайды. Бүкіл есте сақтау
қабілеттілігі мен үрдістерді басқару жауапкершілігі Android-қа жүктеледі.
Бірінші кезеңде, Java тілінде жазылған бағдарлама компилятор арқылы
байтты кодқа айналдырады. Бұл жасалынатын компиляция бір нақты
процессордың және әлдебір нақты компьютердің архитектура үлгісінен тәуелді
болмайды. Ол бағдарламаны жазып болған соң бір рет орындалады.
Байт кодтар бір немесе бірнеше файлда жазылып, сыртқы жадқа сақталып
немесе желі арқылы жіберіле алады. Бұл файлдың шағын өлшемді байт-кодтар
үшін өте ыңғайлы болып келеді. Компиляция нәтижесінде, яғни бағдарлама
нәтижесінде алынған байт кодтарды кез келген JVM-ді жүзеге асыратын жүйесі
бар компьютерлерде орындауға болады.
Байт кодтардың интерпретациясы және үдемелі процесс бірталай
бағдарламаның орындалуын баяулатады. Байтты кодтарды желі арқылы
жібергенде ескерілмеді. Сол себептен ылғи интерпретаторды жетілдіру жұмысы
жүріп жатады.
Java – бағдарламада класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы
әрқашан да тек бір файлда болады. Бұл бағдарламалау тілінде мұрагерлік жоқ,
тек конструктор бар.
Android қосымшасы арнайы VM Dalvik атты виртуалды машинада іске
қосылады. Виртуальды машина негізінен маңызды емес, дегенмен жұмыс жасау
кезінде пайдалы қызметтер атқарады. Яғни қабық қызметін атқару арқылы
мәліметтерді сақтайды. Кез келген Android қосымшасы қандай да бір
операциялық жүйеде жұмыс жасау үшін арнайы виртуалды машинаның
данасымен жұмыс жасайды. Қосымша операциялық жүйеде қаралып сақталады,
егерде дұрыс жасамай жатқан жағдайда операциялық жүйе ол қосымшаны
жауып тастайды.
Класстар
–
java тіліндегі обьектіге бағытталған бағдарламалаудың базалық
элементінің класс түрі болып табылады. Класс құру үшін шығыс файлы болуы
жеткілікті. Файл құрамында class негізгі сөзі, одан кейін идентификаторлар мен
фигуралы жақшалар жұбы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: