Дипломдық жобаның мақсаты нақты мысал негізінде компанияның бренд



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата12.04.2022
өлшемі3,5 Mb.
#30729
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
2019 5B090800 Джабасова А., Рахимова Д.

2.4   Салыстырмалы тәсілмен бағалау 

Материалды  емес  активті  салыстырмалы  тәсілмен  бағалаудың  негізгі 

әдістерін қарастырайық. 

1)  Рейтинг/  ранжирлеу  әдісі.  Бұл  әдіс  өз  атауын    бағаланып  отырған 

объект  және  аналог  арасындағы  «ұқсастық»  дәрежесін  салыстыру  шкаласын 

қолдану  арқылы  анықтаудан  алып  отыр.  Бұл  әдіс  табыстық  әдіспен  бірге 

қолдану  арқылы  Роспатенттік  методикаларда  кең  қолданды.  Бірақ  оны  көп 

жағдайда тек қосымша ретінде ғана қолданады. Рейтинг/ ранжирлеу әдісі келесі 

үш кезеңнен тұрады: 

 

  -нәтиже  белгілі  бір  жүйеде  біріктірілген  брендті  бағалау  критерийлеріне 



байланысты; 

 

  -бағалау, оны өлшеу және нормалау; 



 

  -бренд құндылығын есептеу. 




 

46 


 

  Бұл әдістің ерекшелігі оның сарапшылық, яғни субъективті сипаты болып 

табылады.  Мүмкіндігінше объективті мән алу үшін өз кажеттілігіне белгілі бір 

жүйені  таңдау  керек  және  соған  бейімделу  қажет.  Бір  қарағанда,  рейтинг/ 

ранжирлеу  әдісінің  артықшылықтарына  қарағанда  кемшіліктері  көп.  Әлбетте, 

ол субъективті. Алайда, қатыстырылған тәуелсіз бағалаушылар саны жеткілікті 

болса, бағалауды әділетті деп санауға болады: 

-нәтиже критерийлерді таңдауға тәуелді; 

-тікелей  көбейткіш  ретінде  салмақ  коэффициенттерін  қолдану  өздігінен 

даулы  болып  келеді  және  сызықты  шкала  бойынша  болжамның  негізділігіне 

байланысты; 

-әдіс  бағалауда  тек  шағын  ауытқулар  ғана  болғанда  пайдаланылуы 

мүмкін.  Қандай  да  бір  фактор  қатерлі  кемшілікке  ие  болса,  оның  қолданылуы 

қолайсыз.  Әрбір  критерийді  бөлек  пайдалану  жақсы  балама  болып  табылады. 

Мысалы,  барлық  басқа  көрсеткіштер  шамамен  сәйкес  келсе,  бірақ  салыққа 

дейінгі  табыста  екі  еселік  айырмашылық  болатын  болса,  теориялық  тұрғыдан 

құндар арасында екі есе айырмашылық болады [9].    

2)  Мультипликативті  әдіс  салалы  стандарттарды  қолдануға  негізделген. 

«Өнеркәсіптік  стандарттар»  термині  жеткілікті  мөлшерде  және  спецификада 

(бұл  жағдайда,  брендпен  байланысты  мәміле)  алдыңғы  мәмілелер  бойынша, 

қолданушы  өзіне  келетін  көрсеткіштерді  таңдап  алуы  үшін  деректер  базасын 

белгілеуге қолданылады. Ең дұрысы, салалық нормативтік нормаларды тарихи 

ретроспективада  салыстыруға  жеткілікті  бағалаулар  жүргізілген  кезде  қолдану 

керек.  Алайда,  іс-жүзінде  бұл  әдісті  пайдалану  ұқсас  параметрлермен 

мысалдарды  табудың  қиындығымен  байланысты  шектеледі.  Брендті  бағалау 

мақсатында  роялти  (компаниялар  немесе  салалар  бойынша)  көлемдері  мен 

мультипликаторлар қолданылады. 

Соңғылардың  арасында  ең  таралғаны  акция  құнының  акциядан  түскен 

пайдаға  қатынасы,  акция  құнының  бір  акцияға  қатысты  меншікті  капиталдың 

баланстық  бағасына  қатынасы  және  акция  құнының  бір  акцияға  қатысты 

сатылым көлеміне (ақшалай түрде) қатынасы [10]. 

3)  Мәміле  әдісі.  Мәміле  әдісі  салыстырмалы  тәсілдің  негізгі  әдісі  болып 

табылады. Осы әдіске сәйкес материалды емес активтің құны осы сынды аналог 

материалды  емес  активтермен  нарықта  болған  мәмілелер  негізінде  талданады. 

Жалпы алғанда, осы әдісті қолдану келесі қадамдарға бөлінінуі мүмкін: 

-біріншіден, 

бағаланып 

отырған 


материалды 

емес 


активпен 

салыстырғанда  аналог  объектілердің  артықшылықтары  мен  кемшіліктері 

талданады; 

-әрі  қарай,  бағаланып  отырған  материалды  емес  актив  пен  аналогтар 

арасындағы айырмашылыққа байланысты түзету коэффициенттері белгіленеді; 

-ақырында,  мультипликаторлар  есебі  жүргізіледі  және  олар  бағаланып 

отырған материалды емес активке қатысты қолданылады.  

Мультипликаторларды  есептеу  үшін  материалды  емес  активтің  қандай 

параметрлері  қолданылуы  мүмкін?  Біріншіден,  активті  қолданумен  қатысты 

қаржылық  көрсеткіштер:  мысалы,  лицензия  бойынша,  патентті  қолдана 




 

47 


отырып, сауда белгісімен шығарылған өнімді сатудан түскен табыс. Екіншіден, 

мысалы,  сайтқа  кіру  саны,  компания  абоненттерінің  саны  және  т.б.  болуы 

мүмкін.  

Егер  бағалау  объектісіне  ұқсас  объектілер  нарығы  болса,  бұл  әдіс 

материалды емес активтерді бағалаудың қарапайым және ең тікелей әдісі болып 

табылады.  Өкінішке  орай  тәжірибеде  керісінше  жағдай  жиі  кездеседі:  аналог 

объекттер нарығы тым кішкентай немесе жоқ. 

 «РАХАТ» 

брендін 

бағалау 


үшін 

біздің 


зерттеуде 

бағалау 


мультипликаторлары әдісі қолданылды.  

Бағалау  мультипликаторы  –  бұл  кәсіпорынның  сатылуының  нарықтық 

бағасы  немесе бір  акцияның  бағасы  мен  қаржылдық көрсеткіштер  арасындағы 

қатынастарды көрсететін коэффициент. 

Аналог  ретінде  кондитер  өнімдерін  шығаратын  кәсіпорын  «Баян  Сұлу» 

компаниясы таңдалды, – бағаланып отырған компанияның басты бәсекелесі.   

«Баян  Сұлу»  АҚ  –  Қазақстан  Республикасындағы  кондитерлік  өнім 

шығаратын ірі кәсіпорындардың  бірі. Фабрика 1974 жылы құрылып, содан бері 

өнімдерімен  тұтынушыларды  қуантып  келеді.  Атаулы  кәсіпорын   өзгеріп  келе 

жатқан тенденциялармен қатар аттап, өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді. 

Сонымен қатар аталған кәсіпорын құрылуынан бастап бүгінгі таңға дейін 

түрлі технологияларды  енгізе отырып, қызмет атқарып келеді [11]. 

№  9

 

кестеде  берілген  есептеуде  «Баян  Сұлу»  АҚ-ның  2017  жылғы 



қаржылық есептілігіндегі деректер қолданылды.

 

 



9  -  кесте  -  «Баян  Сұлу»  АҚ-ның  2017  жылғы  қаржылық  есептілігіндегі 

деректер (31.12.2017 ж.) 

 

Көрсеткіш 



млн. тг 

1. Негізгі өндірістен түскен таза ақша қаражаттарының 

түсімі 

37 278,493 

2. Таза ақша ағымы  

2 258 


Ескерту - [12] ақпарат көзіне негізделіп құрастырылған 

 

Атаулы  фабрика  өнімдерінің ассортименті де  баршылық.  Олар жоғары 



сапа талаптарына жауап береді. «Баян Сұлу» АҚ  жоғары іскерлік беделіне  ірі 

отандық  және  шетелдік  компаниялармен  жасаған  келісім-шарттары  мен 

әріптестігі  кепіл  бола  алады.  Атаулы  фабрика  Ресей,  Украина,  Белорусь, 

Германия,  Польша,  Нидерланд,  Дания,  Финляндия  және  т.б.  мемлекеттерінің 

кәсіпорындарымен  іскерлік  қатынаста.  Олардан  өндірілген  өнім  ассортименті 

мен  өнім  сапасын  арттыру  мақсатында  түрлі   қондырғылар  мен  құралдарды 

сатып алады. 

Мультипликаторларды  есептеуде  келесі  ақпарат  қолданылды:  KazBrand  

рейтингіне сәйкес ТОП 50 ең қымбат қазақстандық брендтер 2018 мақаласында 

берілген ақпарат бойынша «Баян Сұлу» компаниясының бренді 38,5 млн. АҚШ 

долларын құрап (12 794,705 млн. тг) 13 орында тұр [20].  



 

48 


Бренд  құнын  бағалаудың  салыстырмалы  тәсілінде  мультипликатордың  6 

түрі қолданылады: 

«Баға/Пайда»  және  «Баға/Ақша  ағымы»  – бұл  мультипликаторлар  ең  жиі 

қолданылатындары  болып  табылады,  себебі  пайда  туралы  ақпарат  ең  қол 

жетімді  болып  келеді.  Тәжірибе  көрсеткендей,  ірі  кәсіпорындарды  таза  пайда 

негізінде  бағалау,  ал  шағын  кәсіпорындарды  салық  салудан  болатын 

жеңілдіктердің  әсері  азаятындықтан  салық  салуға  дейінгі  пайда  негізінде 

бағалау  тиімді.  Кредиттер  мен  салықтар  бойынша  пайыздар  алынғанға  дейінгі 

пайда  негізінде  есептелген  мультипликаторды  бағаланып  отырған  кәсіпорын 

мен  аналог-кәсіпорынның  меншікті  және  қарыз  капиталының  қатынасы  әр 

түрлі болғанда қолдану ұсынылады. Ақша ағымы болып салыстырмалы тәсілде 

амортизация  сомасына  көбейтілген  пайданың кез-келген  көрсеткіші  табылады. 

«Баға/Ақша  ағымы»  мультипликаторы  негізгі  құралдары  басым  болатын 

кәсіпорындарды 

бағалауда 

пайдаланылады. 

Бұл 

мультипликатордың 



артықшылығы – кәсіпорынның күрделі салымдары мен амортизациясын есепке 

алу мүмкіндігі. 

«Баға/Дивидендтер»  іс  жүзінде  төленген  және  потенциалды-төленуі 

мүмкін  дивидендтер  негізінде  қолданылады.  "Потенциалды"  дивидендтер 

ретінде  таза  пайдадан  пайыз  ретінде  есептелген,  салыстырмалы  кәсіпорындар 

группасы  бойынша  типтік  дивидендті  төлемдер  түсіндіріледі.  Патенциалды 

дивидендтер бақылау пакеттерін бағалау кезінде қолданылады, өйткені бақылау 

пакетінің 

иесі 

дивиденттік 



саясатты 

анықтау 


құқығына 

иеленеді. 

Бақыланбайтын  акция  пакеттерін  бағалау  кезінде  пакет  иесі  пайда  болған 

дивидендті  политиканы  өзгерте  алмайтын  болғандықтан,  нақты  төленген 

дивидендтерге  негізделеді.  «Баға/Дивидендтер»  мультипликаторын  қолдану 

бағалау объектісінде де, аналог-кәсіпорындарында да дивидендттер төленулері 

тұрақты сипатта болса ұсынылады. 

«Баға/Өнімді 

сатудан  түскен  түсім»  –  мультипликаторы  сауда 

кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласында қолданылады.  

«Баға/Өндірістің 

физикалық  көлемі»  –  бұл  мультипликатордың 

ерекшелігі 

натуралды 

көрсеткіштерді 

қолдануда 

(тау-кен 

өндірісі 

компанияларында  қорлар  мен  тау-кен  жұмыстарының  көлемін  бағалау, 

энергетикалық  компанияларды  бағалауда  белгіленген  қуат,  ұялы  байланыс 

компанияларын бағалауда абоненттер саны және т.б.) 

«Баға/Активтердің  таза  құны»  –  холдингтік  компанияларды  бағалауда 

қолданылады,  сонымен  қатар  акциялар  пакетінің  үлкен  мөлшерін  жылдам 

бағалау  қажет  болғанда  қолданылады.  Тәжірибеде  келесі  қатынастар 

орнатылған- бизнес тиімділігі неғұрлым жоғары болса, бұл мультипликатордың 

маңызы соғұрлым зор.  

Біздің  жағдайда  «Баян  Сұлу»  компаниясының  деректері  негізінде  келесі 

мультипликаторлар есептелді: 

 

 

k₁ = Баға/Өнімді сатудан түскен түсім 



(5) 

k₁ = 12 794,705 млн. тг / 37 278,493 млн. тг = 0,343 




 

49 


 

 

k₂ = Баға/Таза ақша ағымы 



(6) 

k₂ = 12 794,705 млн. тг / 2 258 млн. тг = 5,666 

Аналог-кәсіпорынның алынған мультипликаторының мәні мен қаржылық 

есептілік деректері негізінде (қосымша А) біз бағаланып отырған компанияның 

бренд құнын есептей аламыз: 

 

 



«РАХАТ» брендінің құны = Өнімді сатудан түскен түсім * k₁ 

(7) 


«РАХАТ» брендінің құны 56 411,213 млн. тг * 0,343=19 349,0461 млн. тг. 

 

 



«РАХАТ» брендінің құны = Таза ақша ағымы * k₂ 

(8) 


«РАХАТ» брендінің құны = 6 623,009 млн. тг * 5,666=37 525,969 млн. тг. 

Салыстырмалы тәсілмен бағалау нәтижесінде бренд құнының екі нұсқасы 

алынды. Алдын ала құнды шығару үшін орташа мәнді есептеу қажет, сонымен 

бірге  үлес  салмақтар  бастапқы  ақпараттың  толықтығы  мен  сенімділігіне 

байланысты  тағайындалады.  Талдау  негізінде,  «РАХАТ»  брендінің  нарықтық 

құнын 


есептеу 

кезінде 


«Баға/Өнімді 

сатудан 


түскен 

түсім» 


мультипликаторының  үлес  салмағын  0,4,  ал  «Баға/Таза  ақша  ағымы» 

мультипликаторының үлес салмағын 0,6 ретінде қабылдау шешілді. 

Нәтижелерді сәйкестендіру: 

 «РАХАТ» брендінің нарықтық құны =  19 349,0461   *  0,4 + 37 525,969   * 

0,6 = 30 255,1998 млн. тг. 

Осылайша, 

салыстырмалы 

тәсілмен 

есептелген 

«РАХАТ» 


компаниясының брендінің құны 30 255,1998 млн. тенгені құрады.  

Бағалаудың 

халықаралық 

және 


ұлттық 

нормативтік-әдістемелік 

ережелерінде  мүлік  құнын  анықтаудың  үш  әдісі  –  шығындық,  салыстырмалы 

және  табыстық  тәсілдерін  қолдану  қажет  делінген.  Әрине,  осы  талаптарды 

ұстанатын  әрбір  бағалаушы  алдында  үш  тәсіл  шеңберінде  әртүрлі  әдістермен 

алынған бағалау нәтижелерін салыстыру мәселесі туындайды. 

Мысалы,  Г.С.  Хариссонның  танымал  «Жылжымайтын  мүлікті  бағалау» 

монографиясында  төмендегідей  ұсыныстар  берілген:  «Нәтижелерді  салыстыру 

кезінде  бағалаушы  деректерді  және  үш  тәсілмен  алынған  құн  көрсеткіштерін 

бірге  жинайды  және  бағалау  мақсаты  болып  табылатын,  ақылға  қонымды 

қорытындыға әкелетін, себеп-салдарлық талдау әдісімен бағалайды. Бағалаушы 

жұмыстың  сипатын  және  көлемін  нақты  анықтап,  проблемаға  қатысты  түрлі 

деректер  мен  тәсілдердің  маңыздылығын  және  қолайлылық  салмағын 

салыстыра бастайды» [13]. 

Дж.  К.  Эккерттің  жалпы  редакциясымен  жазылған  «Жылжымайтын 

мүлікті  бағалауды  және  салық  салуды  ұйымдастыру»  кітабында  нәтижерді 

сәйкестендіру егжей-текжейлі және терең талданған. 

Көптеген жағдайларда мақсат, әдетте сатудың ең ықтимал бағасы ретінде 

анықталған  нарықтық  мәнді  есептеу  болып  табылады  және  бұл  құн  бағалау 

әдістерінің  біреуімен  алынған  нәтиже  болмауы  мүмкін.  Бағалаудың  түпкілікті 

құны  осылардың  арасында  анықталады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  соңғы  нәтиже 



 

50 


бір  тәсіл  бойынша  таңдалуы  мүмкін.  Алайда,  нарықтық  құндылық 

тұжырымдамасының  ықтималдық  сипаттамасын  ескере  отырып,  бұл  ереже 

емес  ерекшелік  деген  ойға  тоқталамыз.  Сонымен,  қорытынды  нәтиже  –  үш 

тәсілмен  алынған  мәндерді  ықтималдық  (статистикалық)  салмақтарын 

салыстыру көмегімен анықталатын ықтималдық көлем [14]. 

Біздің  жағдайда,  «РАХАТ»  компаниясының  брендінің  құнын  анықтау 

субъективті  сарапшылық  қорытындылар  (№10  кесте)  негізінде  анықталған 

салмақ үлестері көмегімен жүргізілді. 

 

10  -  кесте  -  «РАХАТ»  компаниясының  брендінің  қорытынды  құнын 



анықтау 

 

Бағалау тәсілі 



Бағалау әдісі 

Алынған 


құн, млн. 

тенге 


Сарапталған 

үлес салмағы 

Қорытынды 

құн,  


млн. тенге 

Шығындық тәсіл 

Құру құны әдісі 

33 567,0878 

0,3 

10 070,1263 



Табыстық тәсіл 

Шығынды үнемдеу 

әдісі 

33 115,045 



0,3 

9 934,5135 

Түсімдер әдісі 

(ықтимал нұсқа) 

18 254,95 

0,1 


1 825,495 

Салыстырмалы 

тәсіл 

Мультипликаторлар 



әдісі 

30 255,1998 

0,3 

9 076,55994 



Барлығы: (млн. тг)                                                                                         30 906,6947 

Млн. АҚШ долларында ( курс 1 АҚШ долларына 332,33 тг )                       93,00 

Ескерту - цифрлар авторлармен есептелген 

 

Осылайша,    «РАХАТ»  компаниясының  бренд  құны  30 906,6947  млн.  тг 



немесе 93,00 млн. АҚШ долларын құрады.  

Қорытындылай келе айта кету керек, KazBrand  рейтингісіне сәйкес ТОП 

50  ең  қымбат  қазақстандық  брендтер  2018  мақаласында  берілген  ақпарат 

бойынша  «РАХАТ»  компаниясының  бренді  96  млн.  АҚШ  долларын  құрап 

(31 903,68 млн. тг) 1 орында тұр [22]. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

51 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет