Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері



бет2/20
Дата16.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#139855
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Жобаның өзектілігі: XXI ғасырды химия ғасыры деп сеніммен айта аламыз. Химиялық заттар адамдар өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Дегенмен техногенді даму өзінің пайдасы мен қатар, түрлі мәселені де ала келді.
«Табиғат – сарқылмас байлық көзі, адамға керегінің бәрін беріп, қажетсізінің бәрін тастауға болатын түпсіз құдық» деген сананы өзгертіп, жаңаша ойлауға бағыттау, сөйтіп экологиялық сананы қалыптастыру - жедел қамдануды талап ететін ұзақ мерзімді шара. Бұл ұзақ мерзімді шараны біз оқушыларға химияны экологиямен байланыстыра оқыту арқылы тәрбие қалыптастырамыз.
Мaқсaты: Оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын, химия пәнін (бейметалдар тарауы) оқыту арқылы табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету.

Мiндеттерi:


  1. Бейметалдар тарауын оқыту барысында, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың арасында болатын құбылыстың салдарынан туындайтын зиянды жағдайларды ашып көрсету;

  2. Химиялық эксперимент нәтижесінде зауыттардан бөлінген бейметалдар (S, N, P) туындыларының зиянды жақтарын нақтылау;

  3. Бейметалдар тарауын экологиялық аспектілері арқылы химиялық

– экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру;

  1. Химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру;

  2. Химиялық экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.

Жобадан күтілетін нәтижелер: Білім алушылар қазіргі қоғамда болып жатқан экологиялық мәселелерді адамның ықпалынан болып жатқанын түсіну. Жаһандық жылыну мұхиттар мен жер бетінің температурасының көтерілуіне алып келеді, соның ішінде су тасқыны, полярлық мұздықтардың аударуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, сондай ақ жауын - шашынның табиғи емес үлгілері. Мысалы: су тасқыны, өрттер, дауылдар, құрғақшылық, шамадан тыс қар жаууы және шөлейттену. Климаттың өзгеруі - қазбалы отындардың бұрғылануы арқылы атмосфералық температураның жоғарылауына немесе өнеркәсіп орындарының зиянды газдарды шығаруына байланысты болатынын оқушы санасына қалыптастыру. Қышқыл жаңбыр әсері Мектеп оқушылaрына химия пәнін оқыта отырып (соның ішінде Бейметалдар тақырыбы), өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың арасында болатын құбылыстың салдарынан туындайтын зиянды жағдайларды түсінуі, Бейметалдар тақырыбын экологиялық аспектілері арқылы химиялық – экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет