Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері


Сайт бағдарламасы және нәтижесі



бет14/20
Дата16.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#139855
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Сайт бағдарламасы және нәтижесі


  1. «Бейметалдар тарауын оқыту барысында экологиялық білім қалыптастыру сайтына» кіру алгоритмі. Жұмыс үстелінде 5-суретте көрсетілгендей шолғыштың мекен-жайы жолына URL мекен-жайы енгізіледі (https://coreapp.ai/app/teach/course/625149f7a57b447bd96ecc47). Сілтемеге өткенде сайтқа кірудің түрлері ұсынылады. Оқушы ешқандай тіркеусіз, өз аты-жөнін жазып кіре алады; өзінің аккаунты бар болған жағдайда, аккаунтпен кіре алады; аккаунты болмаған жағдайда жаңа аккаунт құрып сайтқа кіре алады.

Сурет 5
Сайт бағдарламасына кіру


  1. Сайт бағдарламасы

Компьютерді немесе телефонды қосқаннан кейін оқушылардың әрқайсысы барлық параметрлердің жүктелуін күтіп, ғаламтордың болуын тексеруі керек. Жұмыс үстелінде 6-суретте көрсетілгендей шолғыштың мекен-жайы жолына URL мекен-жайы енгізіледі (https://coreapp.ai/app/teach/course/625149f7a57b447bd96ecc47). Сілтемеге өткенде сайттың басты мәзірі ашылады.
Сурет 6
Сайт бағдарламасының бастапқы беті

Оқушылар сайтта «Бейметалдар тарауын оқыту барысында экологиялық тәрбие қалыптастыру» тақырыбында жоспармен таныса алады. 7-суретте көрсетілгендей сайттағы сауаланама; әлем зиянды тәжірибені тоқтату қажет; күкірт, азот, фосфор элементтері; сапалық реакция көрсетілімі; «Экология жақсаруы үшін мен не істей аламын» эссе; нәтиже сауалнама жайлы мәліметтер шығады.
Сурет 7
Сайт бағдарламасының құрылымы

Оқушылар өздерінің экологиялық білім деңгейін анықтау үшін 15 сұрақтан тұратын сауалнаманы тапсыра алады. Ол үшін «Сауалнама» батырмасын басу қажет. Сол кезде 8-суреттегідей сауалнама беті ашылады.
Сурет 8
Бастапқы сауалнама

Сауалнама барысы 1 қосымшадағыдай сұрақтардан тұрады. Сауалнама нәтижесі бойынша №31, 100 мектеп, №178 мамандырылған лицейдің 9 сынып оқушылары қатысты. №31 мектептің 9 «А» сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысты. Орташа балл көрсеткіші 31% болды. №100 мектептің 9 «А» сынып оқушыларынан 17 оқушы қатысты. Орташа балл көрсеткіші 32% болды. №178 мамандырылған лицей 9 «Е» сынып оқушыларынан 14 оқушы қатысты. Орташа балл көрсеткіші 35% болды. 9-сурет көрсетілгендей, жалпы
№31, 100 мектеп, №178 мамандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларының орташа балы 32% болды.
Сурет 9
Сауалнама нәтижесі

«Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет» тақырыбында анықтамалық бейнекөрсетілімді көре алады. Ол жерде 10-суреттегідей экология жайлы, экология салалары, химиялық ластану түрлерімен таныс болады.


Сурет 10 Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет атты сайт құрылымы

Алған білімін жетілдіру үшін 11-суретте көрсетілген сөзжұмбақ тапсырмасын орындайды. Сөзжұмбақ жауабы дұрыс немесе қате екені оқушыларға бірден белігілі болады.


Сурет 11
«Экология» сөзжұмбағы

Бейнекөрсетілімдегі және анықтамалықтан жинақталған материал бойынша оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Сөзжұмбақтың сайттағы құрылымы 2 қосымшадағыдай сұрақтардан тұрады. Жауап нұсқасын енгізу қатарына сұраққа сәйкес өз жауабын енгізеді. Дұрыс немесе қате жауап енгізгенін «Проверить» батырмасы арқылы тексереді. Дұрыс жауап берсе жасыл түс, қате жауап берсе қызыл түс жанады.


«Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет» тақырыбында өтілген дәріс бойынша 3 мектептің 9 сынып оқушыларынан 34 оқушы қатысты. Оқушылар алған білімдері бойынша 3 –қосымшадағыдай нәтиже көрсетті. Орташа балы 56 %.
Бейметалдар тарауы бойынша S, N, P элементтеріне қатысты тапсырмаларын орындайды. Әр элементке байланысты әртүрлі тапсырмалар көрсетілген. Күкірт элементі бойынша табиғаттағы айналым бейнесі, түсініктемесі; Азот элементі бойынша «Химиялық сот» атты көрініс сабағы, тест тапсырмасы; Фосфор элементі бойынша әрбір ғалым өкілдерінің фосфор
жайлы айтқан тұжырымдамасы, тест тапсырмасы ретімен 12-суреттегідей көрсетілген
Сурет 12 Азот, фосфор, күкірт элементтері бойынша мәліметтердің сайтта
орналасуы

Азот, фосфор, күкірт тақырыптары бойынша №31,100,178 мектептің 9 сынып оқушылары 13-суреттегідей нәтиже көрсетті. Орташа балы 56%.


Сурет 13 Азот, фосфор, күкірт тақырыптары бойынша оқушылардың алған
білімдері

Сапалық реакция көрсетілімі батырмасын басқан кезде 14- суреттегідей жаңа бет ашылады. Бұл жерде бейметалдар тарауы бойынша S, N, P элементтерінің сапалық реакция көрсетілімін бақылай алады. Алған білімдерін тест тапсырмасын орындау арқылы бекітеді.
Сурет 14
Сапалық реакция көрсетілімі

Нитрат анионына сапалық реакциясы батырмасын басқан кезде 15- суреттегідей бет ашылады. Ол жерде біздің жасаған сапалық реакция бейнематериалымыз және анықтама, қажет құрал-жабдықтар, реакция теңдеуі бейнеленеді.
Сурет 15 Нитрат анионына сапалық реакция көрсетілімінің сайтта орналасуы

Біліміңді тексер батырмасын басу арқылы оқушылар сапалық реакция көрсетілімі бойынша берілген ашық сұрақтарға жауап беріп, өз білімін тексере алады. Сұрақтар барысы 4 қосымшада көрсетілген. Сапалық реакция көрсетілім бойынша №31, 100, 178 мектептің 9 сыныптан 34 оқушы қатысты. Оқушылардың ортақ көрсеткіші 5 қосымшада көрсетілгендей 62% көрсетті.


Эссе батырмасын басу арқылы 16-суреттегідей жаңа бет ашылады.
«Экология жақсаруына мен не істей аламын?» тақырыбында эссе жарысына оқушылар өз жұмыстарын Word программасында жазып, сайтқа жүктейді
Сурет 16
«Экология жақсаруы үшін мен не істей аламын» атты эссенің сайтта
орналасуы

Сайтқа жіктеу үшін «Прикрепить файл» батырмасын басып өз құрылғысынан дайындаған материалын жүктейді. «Экология жақсаруы үшін
мен не істей аламын?» эссе жарысына жалпы 15 оқушы қатысты. Оқушыларды ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақымен марапаттадық. Бірінші орын иегері №31 ЖББМ оқушысы Дүйсен Нұрай. Бұл эссе байқауында оқушылар біздің берген 6 күндік бағддарламадағы сабақтарымызды пайдалана отырып, өздерінің түйген ойларын анық түрде жеткізді. Еліміздің экологиялық мәселелеріне алаңдаушылық көзқарас білдіретінін жеткізді. Болашақта экологияның жақсаруына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді. 17-суретте көрсетілгендей орын алған оқушыларды марапаттап, сертификат ұсындық.
Сурет 17 Эссе жарысы бойынша оқушылардың көрсеткен нәтижелері

Қорытынды батырмасын басу арқылы 18-суреттегідей жаңа бет ашылады. Оқушылар 1 апталық курс бойынша алған білімдерін экологиялық тәрбие қаншалықты қалыптасқандығы жайлы қорытынды-сауалнама тапсырады. Қорытынды сауаланам барысы 6 қосымшада көрсетілген.
Сурет 18
Сауалнама нәтиже сайтта орналасуы

Оқушылар аудио-сұрақтарға жауап береді. Соңғы сауалнама нәтижесі бойынша №31, 100, 178 мектептің 9 сынып оқушылары 7-қосымшадағыдай нәтиже көрсетті. Орташа балы 66%
Сурет 19
Бағдарлама нәтижесінің қорытынды диаграммасы

ҚОРЫТЫНДЫ


XXI ғасырды химия ғасыры деп сеніммен айта аламыз. Химиялық заттар адамдар өмірін айтарлықтай жеңілдетеді, дегенмен, техногенді даму өзінің пайдасы мен қатар, түрлі мәселені де ала келді. «Табиғат – сарқылмас байлық көзі, адамға керегінің бәрін беріп, қажетсізінің бәрін тастауға болатын түпсіз құдық» деген сананы өзгертіп, жаңаша ойлауға бағыттау, сөйтіп экологиялық сананы қалыптастыру - жедел қамдануды талап ететін ұзақ мерзімді шара. Бұл ұзақ мерзімді шараны біз оқушыларға химияны экологиямен байланыстыра оқыту арқылы тәрбие қалыптастырамыз.


Оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын, химия пәнін (бейметалдар тарауы) оқыту арқылы табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету. Оқушы табиғатпен тікелей байланысты екенін түсінуі және сол табиғатта болып жатқан экологиялық ахуалға оқушы өзі жақсартуға күш сала алатындығын түсінуі, экологиялық сананың қалыптасуы біз жасаған қосымша сайт арқылы жүзеге аспақ. Бейметал элементтерінің қандай зат құрамында болатынын, олардың қоршаған ортаға әсері қандай болатындығы жайлы білім қалыптасады.
Атомнан молекула құралатын секілді, алты күндік бағдарламада блум таксаномиясы секілді қарапайымнан күрделіге жүйеленді. Оқушыларға экологиялық тәрбие қалыптасқанын білу үшін қорытынды эссе өткізілді. Сонымен қатар бұл жоба барысы жалпы көрілімге шығу үшін тик-ток желісіне үлгі аларлық видио жүктеді. Бейметаллдар тарауын оқыту барысында әр баланың ойлау жүйесіне негізгі экологиялық тәрбиені қалыптастырды. Жалпы қандай пәнді оқытады, қай ғылымды үйретейік балаға, жалпы өскелең ұрпаққа тәлім тәрбиесі мол азық беру міндетіміз. Біз химияны, соның ішінде бейметалдар тарауын экологиямен байланыстыра отырып, экологиялық тәрбие қалыптастырды деп сеніммен айта аламыз.
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI



  1. Қазақстан Республикасының конституциясы 38 бабы https://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/38.htm

  2. Атырайбаева Р.Н. Жаратылыстану және педагогика пәндерін экологиялық білім беруге байланысты интеграциялау.- Алматы, 2003. – 16 б.

  3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. – М.: Қайнар

- Алматы, 1990. – 112 б.

  1. Сағымбаев Ғ. Қ. Экология негіздері . – М.: Алматы, 1995. – 98 б.

  2. Коробко В. И. Экология. – М.: Институт непрерывного образования, 2016. – 21-40 б.

  3. Саметова Г. Химия пәнінен экологиялық білім мен тәрбие беру // Ұлттық тәрбие № 1, 2014. - 81 б.

  4. Қуанышева Ж. Қ. Химиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық білімі мен біліктілігін қалыптастыру әдістемесі.– Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 21 б.

  5. Асанова А. А. Химия сабақтарындағы экологиялық тәрбие // Білім № 1, 2012. - 77 б.

  6. Болтаев А. Экологиялық білім мен тәрбиенің тиімді жолдары // Қазақстан мектебі № 3, 2006.- 31-33 б.

  7. Дүйсекова А. А. Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру негіздері // Байқоңыров Ө.А. атындағы Жезқазған ун-тінің хабаршысы

№ 2, 2008. - 75-80 б.

  1. Құтпанбаев Ә. Жалпы білім беретін орта мектептердің (5-9 сыныптарға) оқушыларына арналған экологиялық тәрбие бағдарламасы // Алдаспан № 3-4, 2004. - 15 б.

  2. Құсайынов А. Қ. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002. – 201 бет.

  3. Темірболатова Ә., Нұрахметов Н., Жұмаділова Р., Әлімжанова С. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 152 б.

  4. Асанова А.А. Химия сабақтарындағы экологиялық тәрбие // Білім № 1, 2012. - 78 б.

  5. Бекбатырова С.С. Проблемы экологии на уроках химии // Әдіскер мұғалім № 3, 2008 . - 22-24 б.

  6. Пірәлиев С. Ж., Бутин Б.М., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия 2 том – М.: Дәуір, 2003. — 41 б.

  7. https://twig-bilim.kz/uploads/material-group/49/kz/kktwig- beymetaldar.pdf

  8. Гринвуд Н.Н., Эрншо А. Химия элементов / ағылшын тілінен аударылған Михайлова В. А. 5-ші шығарылым, 1 том, Лаборатория знаний, 2021. - 205 б.

  9. Гринвуд Н.Н., Эрншо А. Химия элементов / ағылшын тілінен аударылған Михайлова В. А. 5-ші шығарылым, 1 том, Лаборатория знаний, 2021. - 382 б.

  10. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия оқу құралы, 4-ші басылым – М.: Дәуір, 2011. – 394 б.

  11. Пірәлиев С. Ж., Бутин Б.М., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия 2 том – М.: Дәуір, 2003. — 180 б.

  12. https://melimde.com/3-deristi-tairibi-orshafan-ortadafi-himiyali- zattardi-taralui.html?page=18

  13. Гринвуд Н.Н., Эрншо А. Химия элементов / ағылшын тілінен аударылған Михайлова В. А. 5-ші шығарылым, 1 том, Лаборатория знаний, 2021. - 444 б.

  14. Гринвуд Н.Н., Эрншо А. Химия элементов / ағылшын тілінен аударылған Михайлова В. А. 5-ші шығарылым, 1 том, Лаборатория знаний, 2021. – 388-389 б.

  15. https://kk.drunkentengu.com/predelno-dopustimaya-kontsentratsiya- pdk-eto-vajnyiy-pokazatel-okrujayuschey-sredyi-0e0

  16. http://www.tarbie.kz/33027

  17. Орынова Г. Тіршілік элементі / Химия мектепте, №1, 2006.– 60 б.

ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша 1



Сауалнама сұрақтары

Нұсқа

1

Аты жөніңізді толық жазыңыз




2

Мектебіңіз, сыныбыңызды жазыңыз




3

Қазіргі жағдайда дүние жүзінің
экологиялық ахуалы алаңдатады ма?

Ия/Жоқ

4

Қаладағы экологиялық қызмет іс - шараларына қатысасыз ба?
(сенбіліктер, эко клубтар)

Ия/Жоқ

5

Экологиялық мәселелерді шешуде кім жұмыс жасауы қажет ?

Мен/Мектеп/Үкімет/Мұғалім

6

Сіз үшін қаладағы экологиялық мәселелерді тудыратын негізгі факторлар қандай?

Зауыт шығындылары/ Атмосфера құрамындағы газдар/ Велосипед жаяу жүргіншілері/ Рұқсат етілмеген қоқыс төгетін орындар/ Көлік түтіндері/ Адамдардың қоқыс тастауы/
Органикалық қалдық әсері

7

Қышқыл жаңбырдың
көрсеткіші?

сутектік

рН < 10/ рН < 5,6/ рН > 5,6/
рН >10

8

Жылыжай эффектісін
негізгі газ?

тудыратын

СО2/ СО / Cl2 / NO

9

Фотоцинтез процесінде бөлінетін газ?

СО2 / О2 / Cl2 / NO

10

Қай элемент жайлы айтылған?

Азот/Фосфор/Күкірт/Хлор

11

Атмосфералық азот
жағдайларда бір байланысады?

қандай бірімен

Биологиялық процесстерде/ Өндірістік процесстерде/ Найзағай болған жағдайда/ Атмосфералық разрядтарда/
Барлығы дұрыс

Қосымша 2


«Экология» сөзжұмбағы сұрақтары

Қосымша 3 Әлем зиянды тәжірибені тоқтату қажет бөлімі бойынша оқушылар
нәтиже көрсеткіші

Қосымша 4


Сапалық реакция бөлімі сұрақтар барысы

Қосымша 5 Сапалық реакция көрсетілімі бойынша оқушылар көрсеткен нәтиже



Қосымша 6
Қорытынды сауалнама барысы

Қосымша 7 Сауалнама бойынша оқушылардың көрсеткен нәтижесі


Қосымша 8 16 (VI)-топ элементтері. Күкірт. №7 көрсетілім «Күкірттің аллотропиялық


түр өзгерістері» тақырыбына арналған ҚМЖ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет