Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

күре тамырлардың стенозында 
күре тамырлардың 
стенозындағы
систолалық шу да II қ/а (жалпы жүрек аймағында) естілуі 
мүмкін, асығыс тұжырым жасамас үшін, тамырларды пальпациялап, екі 
жағын да салыстыра тыңдау керек. 
 
Үшінші тыңдау нүктесінде диастолалық регургитация шуы (Грехэм-
Стилл шуы) – 
өкпе артериясы қақпақтарының салыстырмалы 
шамасыздығында
 
кездеседі, оның себептері:
митраль стенозы, жүрекше 
аралық перде дефекті, Эйзенменгер синдромы, сонымен қатар, кіші шеңбер 
гипертензиясы. 
Шудың эпицентрі – сол II қ/а, аорта қақпақтарының 
шамасыздығымен салыстырғанда әлсіздеу, ешқайда тарамайды. ЭКГ: оң 
қарынша гипертрофиясы, ЭхоКГ – оң камералардың ұлғаюы нақталады [4].
 
Эйзенменгер синдромының
диагноздық ізденісінде қарынша аралық 
дефекке тән клиника дамитынын, бірақ қарынша аралық дефект жоғары 
орналасқандықтан, систолалық шу II-III қ/а естілуі мүмкіндігін есепке алу 
керек [4].
 
Төстің сол жағында II-III қ/а 
систолалық-диастолалық шудың
естілуі – 
ашық артериялық өзекке тән,
сәбиді физикалық күштемедегі ентігу, жүрек 
қағуын сезу, жүрек аймағында ауырсынудың болуы мазалайды. Объективті: 
тері жамылғылары қуқыл, II-III қ/а-та систолалық діріл, пульстік қысымның 
жоғарылауы, сол жерде – систолалық-диастолалық – үзіліссіз машина шуы 
естіледі (эпицентрі – II қ/а, тынысты ішке алғанда күшейіп, (Вальсальв 
сынамаларында) күшенгенде әлсірейді, тіптен жойылады).


30 
ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы.
Рентгендік зерттеуде: жүректің митраль пішіні, сол жүрекшенің 
мардымсыз үлкеюі, сол қарынша ұлғаюы, аорта кеңеюі, өкпе артериясы сол 
тармағының ұзаруы мен шығыңқылығы, гиперволемия (өкпе түбірі және 
тармақтар бойымен артериялық тамырлардың кеңеюі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет