Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет24/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 
Диагноздық қысқаша ізденіс есептері (“миға шабуыл” тәсіліндегі) 
Жүрек аускультациясының алгоритмі негізіндегі аускультациялық 
көріністердің диагноздық тұжырымдарын жасау жаттығулары 
1.
18 жастағы бойжеткенде төс сүйегінің сол жағындағы III қ/а күшті емес 
систолалық шу естіледі. ЭКГ тексеруде кардиомегалия синдромы (оң 
қарынша гипертрофиясымен көрінген) және Гис будасы оң аяғының толық 
емес блогі анықталды. 
Жауабы:
Төс сүйегінің сол III қабырға аралығында естілетін күшті емес систолалық 
шу – функциялық шу болуы мүмкін, бірақ, Гис будасы оң аяғының толық 
емес блогінің анықталуы келесі тума ақаулар туралы тұжырым жасауға 
көбірек ықпалын тигізеді: жүрекше аралық перде дефекті, ашық артериялық 
өзек, өкпе веналарының аномалиялық дренажы. 
2.
6 жастағы ер балада айқын диффузды цианоз. Төс сүйегінің сол 
жағындағы IV қ/а күшті, дөрекі систолалық шу естілді. 
Жауабы:
Төс сүйегінің сол жағындағы IV қ/а күшті, дөрекі систолалық шу мен айқын 
диффузды цианоз Фалло ақауларына (Фалло тетрадасы) ізденіс жасауды 
талап етеді. 
3.
28 жастағы әйелде ырғақсыз тондар (дұрыс ырғақ кезеңдері жоқ) естілді, 
тынысын ұстап қалғанда да ырғақтылығы қалыптаспады. Төс сүйегінің сол 
жағындағы II қ/а үш мүшелі ырғақ естілді, жүрек ұшында систола-
диастолалық шулар, Боткин-Эрб нүктесінде нәзік диастолалық шу. 
Жауабы:
Төс сүйегінің сол II қ/а үш мүшелі ырғақ – өкпе артериясындағы (кіші қан 
айналым шеңберіндегі) гипертензия белгісі (екінші тонның қос 
айырылуынан), тынысын ұстап қалғанда дұрысталмайтын ырғақ бұзылысы – 
жүрекшелер фибрилляциясының аускультациялық дәлелі. Жүрек ұшындағы 
систола-диастолалық шулар жұптасқан митраль ақауының белгісі, ал Боткин-
Эрб нүктесіндегі диастолалық шу – аорта қақпақтары шамасыздығының 
дәлелі. Осы мәліметтерден келесі тұжырымдарды жасауға болады: 
- жүректің комбинацияланған митраль-аорталық ақауы: жұптасқан митраль 
ақауы, стенозының басымдылығымен; аорта қақпақтарының шамасыздығы;
- жүрекшелер фибрилляциясы. 


33 
4.
18 жастағы жігітте жүрек ұшында да, Боткин-Эрб нүктесінде де 
диастолалық шу бірдей жақсы естілді. 
Жауабы:
Эпицентрі екі жердегі диастолалық шулар (жүрек ұшы мен Боткин-Эрб 
нүктесі) – комбинацияланған митраль-аорталық ақауды: митраль стенозын; 
аорта қақпақтарының шамасыздығын – тұжырымдауға негіз бола алады. 
5.
6 жастағы қыз балада төс сүйегінің сол жағындағы II қ/а үзіліссіз 
систола-диастолалық шу естілді. 
Жауабы:
Төс сүйегінің сол жағындағы II қ/а үзіліссіз систола-диастолалық шу
(“паровоз шуы”) ашық артериялық өзек тума ақауына (аорта-өкпе 
артериялық қалқаның дефектіне де) тән. 
6.
15 жастағы ер баланың дене бітімінің дамуы қалыңқы, айқын диффузды 
цианоз бар. Төс сүйегінің сол жағындағы II қ/а күшті систолалық шу естілді.
Жауабы:
Айқын диффузды цианоз бен төс сүйегінің сол жағындағы II қ/а күшті 
систолалық шу Фалло ақауларына (Фалло триадасы) ізденіс жасауды талап 
етеді. 
7.
16 жастағы қыздың жүрек ұшында үш мүшелі ырғақ негізінде (бір 
компоненті әуенді), диастолалық шу естілді.
Жауабы:
Жүрек ұшындағы үш мүшелі ырғақ негізінде (әуенді компоненті – экстратон 
– митраль қақпақтарының ашылу шертпесі – патогномды белгі) естілетін 
диастолалық шу митраль стенозының дәлелі. 
8.
14 жастағы жасөспірімде жүрек ұшында үш мүшелі ырғақ (бір 
компоненті әуенді – мезосистолалық шертпе), систолалық шу естілді.
Жауабы:
Жүрек ұшындағы үш мүшелі ырғақтың (бір компоненті әуенді – 
мезосистолалық шертпе) және систолалық шудың естілуі Барлау 
синдромынан күдіктендіреді. Шешімді допплер-ЭхоКГ береді.


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет