Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Кіріспе 
 
Диагноз – екі ұғымды білдіретін грек сөзі, біріншісі – аурудың аты, яғни, 
нозологиялық бірлік, екіншісі – ауруды тану, айыру жолындағы ойлау 
процесі. Жүрек шулары синдромының дифференциялық диагнозын жүргізу – 
клиникалық көрінісінде осы симптом/синдром кездесетін нозологиялық 
бірліктерді (болашақ диагноздық тұжырымдарды) тануда 
диагноздық 
ойлаудың принциптері мен әдістерін
сауатты қолдана білу шеберлігі деген 
сөз (бұл – дәрігерлік логикалық ойлаудың негізгі қырларының бірі). 
Диагноздық ойлаудың принциптері: 
а) диагноз қоюдың нозологиялық 
принципі; б) диагноз қоюдың синдромдық принципі; в) диагноз қоюдың 
оптимум (ең дұрыс, ең нәтижелі) межелік принциптері; г) диагноз қоюдың 
алгоритмі. Аталғандардың ішінен өмірдің талап ететіні – диагноз қоюдың 
оптимум межелік принциптері және алгоритмі. Ол – қысқа уақыт ішінде 
ауруды сенімді тану және дифференциялау үшін ең маңызды, аз ғана 
симптомдарды есепке ала, ол негіз болған жетекші синдромдар арқылы 
шектеулі дәрігерлік тексерулерді жан-жақты қолдану ұсталығы. Мұндай 
шеберлікке қол жеткізу ащы қателіктер, көп жылдық тәжірибе мен 
мамандығын жетілдірудегі күнделікті талмас еңбек, қажырлылық арқылы 
келетіні белгілі. Сондықтан осы жолдардан өткен тәжірибелі ғалымдар мен 
ұстаз дәрігерлердің жетік ой-тұжырымдарын қолданып, жүрек шулары 
синдромының синдромдық-диагноздық алгоритмі және дифференциялық 
диагнозының (ДД) ең тиімді тәсілдерін ұсындық. 
Диагноздық әдістерге тоқталсақ, оларға диагнозды негіздеу мен 
дифференциялық (dіfferentіa – айырмасы) диагноз жүргізу жатады. 
Диагнозды негіздеуге болашақ дәрігер 3-5 курстарда (әсіресе 4-5) 
нозологиялық бірліктермен танысу барысында машықтанады. Алтыншы 
курсқа жеткенде ішкі аурулардың ең жиі (4 курс) және сирегірек (5 курс) 
кездесетін нозобірліктерімен таныс интерндердің алдында синдромдық-
диагноздық алгоритм арқылы 
дифференциялық диагнозды
жүргізу
дағдыларына машықтану міндеті тұрады. Бұл жолда, жетекші синдром 
негізінде саралауды үйрену үшін, 4-5 курстарда оқып білгенінен басқа 
көптеген нозологиялық бірліктер және синдромдармен бірінші рет 
танысады. Дифференциялық диагнозды жүргізу – науқаста кездескен 
синдромы (немесе синдромдары) ортақ нозологиялық бірліктердің осы 
синдром ерекшеліктеріне және нозологиялық бірліктердің басқа шешуші 
критерийлеріне сүйеніп, саралай келе, науқасқа тән еместерін жоққа шығару 
процесінде бір немесе бірнеше ғана нозологиялық бірліктерді тану, дәлелдеу,
негіздеу. Ауруды танудың бастапқы кезеңінен соңғы, дәлелденген, кезеңіне 
дейін саралау диагнозы (дифференциялық диагноз – ДД) маманның 
дәрігерлік ойлауының негізгі принципі болса – бұл өте дұрыс, нәтижелі жол 
болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет