Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет6/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

I. КІРІСПЕ БӨЛІМІ 
 
Жүрек аускультациясы 
Жүрек жұмысының барысында дыбыстық құбылыстар дамиды, 
олардың анализі мен диагноздық бағалануының жүрек-тамыр жүйесінің 
ауруларын танудағы маңызы үлкен. Жүректің жұмысы екі фазадан құралады: 
систола және диастола, жүрек аускультациясында әдетте екі тон естіледі – I 
тон систола басталуына, II тон диастола басталуына сәйкес (би – , екі тондық 
ырғақ) [1,2,3,4,5].
I тон келесі құбылыстардан құралады (I тон компоненттері): 

жүрекшелік-қарыншалық қақпақтардың ашылуынан (митраль және 
үшжармалы); 

артериялық қақпақтардың ашылуынан (аорта және өкпе артериясы); 

қарыншалар жиырылуынан (бұлшық еттік компонент). 
II тон компоненттері:

аорта (қолқа) және өкпе артериясы қақпақтарының жабылуы; 

жүрекшелік-қарыншалық қақпақтардың ашылуы. 
 
 
I мен II тонды айыру белгілері: 

I тон II тоннан ұзағырақ 

I тонның тембрі II тон тембрінен төмен; 

I тонның даму уақыты жүрек ұшы түрткісі немесе ұйқы 
артериясындағы пульспен сәйкес; 

I тон жүрек ұшы аймақтарында, II тон жүрек негізінде жақсы естіледі; 

I тоннан кейінгі үзіліс – қысқа систолалық, II тоннан кейінгі – 
ұзағырақ диастолалық.
Жүрек 
аускультациясы 
оның 
қақпақтарының 
топографиялық 
ерекшеліктеріне және қан ағымының бағытына байланысты, белгілі 
реттілікте тыңдалады (сау жүрек әуенінің қосымша ақпаратын 4 тіркемеден 
оқыңыз, 72 бет). Жүрек аускультациясының реттілігі және жүректі тыңдау 
нүктелерінің бағдарлары (классикалық, стандартты вариантында 5 тыңдау 
нүктесін пайдаланамыз, соған қоса, 6-шысын ұсынамыз):

жүрек ұшы (митраль қақпақтарын бағалау) – сол V-ші қабырға 
аралықпен (қ/а) бұғана орта сызығынан сәл (0,5 см-дей) ішке; сонымен 
қатар, сол қарынша бұлшық етінің жағдайы бағаланады; 

төс сүйегінің оң қырында II-ші қ/а (аорта қақпақтарын бағалау), аортаға 
қатысты патологияларды тану үшін төс сүйегінің сол жағынан II-III-ші 
қ/а-тарды да тыңдау қажет ; 


13 

төс сүйегінің сол қырында II-ші қ/а (өкпе артериясы қақпақтарын 
бағалатады), осы жерде жүрекше аралық пердеге қатысты патологиялар 
да танылады; 

семсерше өскіншенің негізі – IV-ші қ/а-пен төс сүйегінің оң қырында 
(үш жармалы қақпақтарды бағалатады); 

төс сүйегінің сол қырында IV-ші қ/а – Боткин нүктесі (аорта 
қақпақтарын қосымша бағалатады),

Л.Б.Наумов авт-мен қарынша аралық перденің жағдайын төс сүйегі 
үстінен IV қ/а тұсында бағалауды ұсынады [1,2,3,4,5,6].
Жүрек аускультациясы дыбыстық құбылыстардың 
үшеуін анықтауға
және диагноздық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді: тондардың үнділігін 
және жүрек жұмысының ырғақтылығын, жүрек шуларын. Жүрек ақауларын 
танып, анықтауда жүрек аускультациясының 
жеке диагноздық
маңызы зор, 
бұлар ақаудың табиғаты туралы мәліметтерді де береді, бірақ жүрек-
тамырлық патология тек ақаулармен шектелмейтіндіктен жүрек тондары мен 
ырғағын бағалаудың басқа патологияларды анықтаудағы рөлін жоққа 
шығаруға болмайды.
Барлық 
стандартты 
аймақты 
тыңдау 
барысында 
жүректің 
аускультациялық көрінісін анализдеудің оптималь реттілігі төмендегідей 
болмақ:

жүректі науқаста тұрғызып және жатқызып тыңдау керек; 

қажетті жағдайлар туындағанда арнайы тәсілдер (ақаулардың жеке 
сипатында беріледі) қолдану керек;

жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі арқылы миокард 
жағдайын бағалау; 

жүрек шуы естілсе жүрек тамыр жүйесінің кез келген ақауы түралы 
күдік туады, бұл жағдайда төменде берілетін анализ алгоритмін пайдалану 
керек: 
-
шудың эпицентрін анықтау; 
-
шудың даму фазасын (тондармен қатынасын) анықтау; 
-
шудың тембрі және интенсивтілігін анықтау; 
-
таралуын анықтау; 
-
жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі арқылы миокард 
жағдайын бағалау [3,4,5].


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет