Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

№18. Жауаптары:
1. 3. 
2. 4. 
3. 2. 
4. 5. 
Клиникалық жағдай №19 
43 жастағы науқас терапия бөлiмшесiне келесi шағымдармен түстi: 
жүргенде, кiшкене күш түскенде мазалайтын ентiгу, оң қабырға астының 
ауырсынуы, аяқ бастарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк. 
Анамнезiнен: өзiн соңғы 8 ай бойы науқас сезінеді. Себепсiз ентiгу, 
әлсiздiк, iсiну күшейе түскен. Мөлтектiк дәрiгер дигоксин, фуросемидпен 
емдеген. Нәтиже болмаған соң ауруханаға жiберiлген. 
Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз. Мойын 
веналары томпайған, бетi iсiнген, аяқ бастарының iсiнуi айқын. Тыныс 
жиілігі минутына 24 рет. Өкпесiнің төменгi бөлiктерiнде перкуссияда өкпе 
дыбысы қысқарған. Аускультацияда сол жерде үнсiз ылғалды сырылдар 
естiледi. Жүректің шала тұйық дыбысының шектерi: оңы – төстiң оң 
қырынан 3,0см оңға; жоғарысы – II қабырғада; солы – қолтық асты 
сызығында анықталды. Аускультацияда тондары өте әлсiз, әсiресе I тон, 
жүрек ұшында систолалық шу, қолтық астына беріледі, экстрасистолалар. 
Пульс саны минутына 108, кернеуi мен толуы әлсiз. Iшi жұмсақ
ауырсынуы жоқ, бауыры қабырға доғасынан 4-5см шығыңқы, 
консистенциясы қатаң эластикалық. 


91 
Қан анализiнде: Hb 142 г/л, эритроциттері 3,8х10
12
/л, лейк. 6,2х10
9
/л,
ЭТЖ 12 мм/сағ.
ЭКГ-да: тiсшелер вольтажы төмен, ырғақсыз, жүрекшелік, 
қарыншалық экстасистолиялар, миокардтың диффузды өзгерiстерi.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында:
жүректiң барлық өлшемдерi үлкейген, доғалар контурлары сақталған
рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы әлсiз. Өкпесiнде iркiлiс 
белгiлерi. 
1. Жетекші синдромдарын табыңыз 
2. Оң және сол қарыншалық экстасистолиялардың ЗКГ белгiлерiн жазыңыз 
3. Жетекші синдром (дар) -ына сүйеніп, дифференциялық диагноз 
жүргiзетін нозологиялық бірліктерді атаңыз 
4. Клиникалық диагнозы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет