Сабақтың тақырыбы Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі



Дата20.01.2023
өлшемі363,67 Kb.
#62073
түріСабақ
Байланысты:
Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі


Күні:17.01.2023ж
Сынып: 2



Мектеп:»Қызылжар» жалпы орта мектебі
Мұғалім: Досай Сағида
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау.
2.1.4.1 Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: гимнастикалық скамейкадан секіруді, гимнастикалық қабырғада мініп — түсуд і
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерийі:

Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылайды және сипаттайды
Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Бой сергіту жаттығулары.
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денелерін жаттықтырады білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Қолданылатын құрал саймандар: гимнастика төсеніш, гимнастикалық скамейка, гимнастикалық қабырға.
Мотивациялық – қозғаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Шеңбер бойымен жүру, қолға арналған жаттығулар жасап жүру – алдыға, жан — жаққа, белге, иыққа – шынтақты әр жаққа 5 реттен айналдыру. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен – «күнге созыламыз», өкшемен – «балапандар»; балапандар өсті, қораздар тәрізді тізені жоғары көтеріп жүреміз. Жүру, дем алу жаттығулары, 3 саптізбек құру.
Ұйымдастырушы — ізденуші:
1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 — рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға соз

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
13 минут

20 минут




Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Тақырып бойынша жинақталған ресурстармен танысу.
Қимылды ойын: «Балапандар»
Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.
Рефлексивті – коррекциялаушы:
Сап тізбекте бір — бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? – деп балалардан сұрау.
Ұлттық ойындар:
Асау мәстек
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.

Сергіту сәті


Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы
2 минут



Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Смайликтер




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет