88
4. Шудың механизмі.
5. Клиникалық диагнозы.
№17. Жауаптары:
1. Секірмелі, түртпелі пульс; жүрек ұшында және төстің сол қырымен III-
IV қ/а естілетін айқын, кеш систолалық шу; сол жүрекше жиырылуының
сезілуі. Науқастың анамнезінен: бауырының кенет өлімнен қайтуы.
2. Аорталық стеноз болса науқаста ревматизмдік анамнез болар еді, ақау
сатылы түрде дамыр еді; объективті пульсі кіші, жұмсақ, баяу болар еді; ІІ
тыңдау нүктесінде II тонның әлсіреуі мен эпицентрі II қабырға аралықтағы
пан-, голосистолалық
тұрақты
шу мойын тамырларына таралар еді.
ЭхоКГ аорта қақпақтарының, аорта қабырғасының қалыңдауы мен қатаюы,
қақпақтарының систолалық ашылуының шектелуі аорталық стенозға тән.
3. ЖИА, стенокардияда ауырсыну
ұстамалары нитроглицеринмен
басылады, ал, біздің науқасымызда ол нәтиже бермеген. ЖИА бар
науқастардың ЭхоКГ гипо-, акинез ошақтары кездеседі, жүректің
систолалық
қызметі төмендейді, ал, ГКМП диастолалық қызметтің
төмендейтіні дәлелденген.
4. Сол қарыншаішілік обструкцияға байланысты (ЭхоКГ мәліметтерін
оқыңыз. Практическая кардиология. В.В.Горбачев, 1997, Минск. 133-134б.,
БДҰ эксперттерімен қабылданған).
5.
Нег. ауруы: Гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық
варианты.
Асқ.: Синдромдық стенокардия. Синкопэ. ЖШФК
I
.
Достарыңызбен бөлісу: