Қандайда бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы ол құбылыстарды,адамдарды немесе қандайда бір болып жатқан жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.Медициналық сараптамалар жиі жүргізілетін сараптамалар қатарына кіреді.
Психатриялық тексеру әдісі
Психиатриялық тексерудің ерекшелігі зерттеу объекті материал емес, адам болып табылады. Демек адам психикасын аспап немесе зертханалық жолмен тексеріп нәтиже алынбайды. Ми жасушаларын зерттеуге арналған арнайы әдістер биохимиялық әдістер адам шын мәнісінде не ойлап жатқанын зерттей алмайды.
Психологиялық әдіс
Психология әдісінде, психиатрия сияқты маңызды бөлімі әнгімелесу және бақылау болып табылады. Аталғандардың көмегімен адам психиологиясы жайлы маңызды ақпарат жинауға болады. Бөлек белгілерді тексеру үшін психологиялық эксперимент қолданылады. Әр-түрлі пациенттердің реакцияларын бағалауда, тестті методикалар, ситуациялық сұрақтар қою арқылы орындалады.
Субъективті және объективті анамнез
Психиатриялық тексеру барысында көбірек науқастың анамнездік мәліметтеріне жүгінген дұрыс. Науқастың анмнезін жинау барысында, аурудың қашан басталғанын, ағымын, ремиссия, өршу кезеңдерін ойлау туралы мәлімет жинау қажет. Бұл жағдайда ауру анамнезімен өмір анамнезіде өте қажетті. Ауру тарихында субъективті және объективті анамннездерді бөліп алу қажет.