Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз.
1. Төмен мөлшерлі КОК құрамы эстраген сапасында 30 мкг этинилэстрадиол және 150 мкг левоноргестрел немесе 300 мкг норгестрел гестаген сапасында (регивидон, микрогинон т.б.) бар.
Қолдану режимі: бірінші дозасын ( 4 таблетка) ертерек , қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 4 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.
2. Таза прогестинді таблеткалар (постинор және мини – пили).
2. Таза прогестинді таблеткалар (постинор және мини – пили).
Постинор құрамында 750 мкг левоноргестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 1 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 1 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.
Мини – пили құрамында 75 мкг норгестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 20 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 20 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.
3. Мыс құрамды ЖІС жедел контрацепцияға кері көрсеткіш жоқ болған жағдайда, қорғанусыз жыныстық қатынастан 5 күн кеш емес кезде қолданады.
Осы препараттардың кері әсерлері:
егер әйелде препаратты қабылдағаннан 2 сағат өткеннен кейін құсу болса осы дозаны оған қайталау керек.
егер құсу қайталанса, онда таблеткаларды қынапқа енгізу керек.
егер құсу қайталанса, онда таблеткаларды қынапқа енгізу керек.
Әйел жүкті кезінде жедел контрацепция препараттарын қолданса, жатыр ішіндегі ұрыққа зияны тимейді.
Бірақ, жүктілікті көтеру әйелдің жеке басына байланысты.
Бұл контрацепция әдісін әйелдерге тұрақты және үнемі пайдануға болмайды.