Репродуктивті әйел денсаулығын қорғау арқылы дені сау, жетілген балалар дүниеге келеді. Репродуктивті денсаулықты қорғау үшін жанұяны жоспарлау әдісі ең тиімдісі болып табылады. * Отбасын жоспарлау-репродуктивті әйел денсаулығын қорғау және өз қалауымен жүкті болуды қарастыратын медико-әлеуметтік кең ауқымды кешен. Соңғы жылдары елімізде отбасын жоспарлауға аса көп мән берілуде. Бұл жоспарсыз жүктілікке, жасанды аборттар жасатуға жол бермейді.Аборт жасату акушерия гинекологиялық патология, акушериялық қан кету, жатырдың жиырылу қабілеті аномалиясы , гениталды эндометриоз, кіші жамбас астауы қабыну аурулары, екіншілік бедеулікке алып келуі мүмкін. Аборт асқынуы ана өліміне әкеледі. Ал заманауи кешенді әдістер, контрацепция препараттары ана өлімін, акушерия гинекологиялық аурулардың алдын алады.