Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және оларды сипаттау
2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және оларды сипаттау. «Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»- деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін аңғартып үрғандай.
Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.