Әгп кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К. Ж



Дата18.10.2023
өлшемі232,87 Kb.
#118212

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К.Ж.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
№ 6 Дәріс. Қоғамның саяси жүйесі.
Дәріс жоспары:
1. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі түрлері.
2. Саяси жүйелердің белгілері мен сипаттары .
Атақты француз саясаттанушысы, Флоренциядағы Европалық институттың профессоры, саяси көшбасшылықты зерттеген Жан Блондель, саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөлді.
1) Либералдық демократия - ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады.
2) Коммунистік жүйе- ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды.
3) Дәстүрлі саяси жүйе - ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді.
4) Авторитарлық жүйе - дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастайды.
5) Авторитарлық – консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады.
Қоғамның саяси жүйесі оның тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі.
  • Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады.
  • Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады.
  • Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі құндылықтары- сөз және ой-пікір бостандығы, дамыған азаматтық қоғам мен құқықтың билігі.

(фр. Jean Blondel; 26 октября 1929 Тулон)
Тоталитарлық саяси жүйелер былайша сипатталады:
  • басқару қатаң орталықтандырылады және бірыңғай билік орталығының бақылауында болады;
  • билік құрылымдарының механизмі жеке дара басқаратын жетекшісі (лидер) бар бір партиялық негізде құрылады;
  • билік құрылымдары билеуші партияға және оның лидеріне бағынады;
  • экономикалық өмір біртұтас орталықтан реттеледі
  • плюрализмнің, оппозицияның, барлық нысандарының жойылуы азаматтардың жеке өміріне араласуы;
  • біртұтас ресми идеология болады, жат пікірлер мен сынға қысым жасалады;

Авторитарлық саяси жүйенің негізгі сипаттары:
  • барлық саяси билікті бірыңғай орталыққа шоғырландыру;
  • азаматтардың саяси бостандығын шектеу, оппозицияны басып-жаншу;
  • атқарушы өкіметтің құзырын мейлінше кеңейту;
  • басшы кадрларды жоғары биліктің қалауы бойынша орналастыру мен олардың халық алдында есеп бермейтіндігі;
  • өкілетті органдардың сайланымдылығын жою.
  • құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның жойылып кетуі.
  • мемлекет тарапынан басқарылатын Бұқаралық ақпараттар құралдары.

Демократиялық саяси жүйеге тән сипаттар:
  • көпшіліктің басқаруы, азаматтарды саясатқа көптеп тарту;
  • өкіметті сынау мен оған оппозицияның болу бостандығы;
  • азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуы;
  • басқарудың парламенттік нысаны;
  • көппартиялық саяси жүйенің қалыптасуы;
  • заң шығарушы органдардың төменнен жоғары қарай сайлануы мен халық алдында есеп берушілігі;
  • сөз және ой бостандығы
  • демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы.

Саяси жүйенің негізгі төрт түрі:
1) ағылшын – америкалық, ;
2) құрлықтық – еуропалық;
3) индустрияланбаған немесе жарым – жартылай индустрияланған;
4) тоталитарлық.
Батыс саясаттанушылардың арасында Габриэль Алманд ұсынған саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған:
Саяси жүйенің атқаратын қызметі қоғамға саяси басшылық жасау міндеттерін шешеді. Шындығында да қоғамды дамытудың мақсаттары мен бағдарламалары, жеке адамдар мен топтардың мүдделерін анықтау мен келісу, олардың талап-тілектерін білдіру міндеттері- саяси деңгейде талқыланып жасалады және айқындалады.

Адамдарда әлеуметтік- саяси қызметке тарта отырып және оларды үстем мұраттар мен құндылықтарға бағыттау арқылы саяси жүйе қоғамдық қатынастарды қайта жасаудың құралына айналады, әлеуметтік- қайта жаңғыру міндеттерін орындайды. Шындығында да, билік пен саяси тұрғыда қалыптасудың көмегімен ескірген нысандар мен ұстанған бағыттар жойылады да, оның орнына қоғамды алға бастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасалынады.

Адамдарда әлеуметтік- саяси қызметке тарта отырып және оларды үстем мұраттар мен құндылықтарға бағыттау арқылы саяси жүйе қоғамдық қатынастарды қайта жасаудың құралына айналады, әлеуметтік- қайта жаңғыру міндеттерін орындайды. Шындығында да, билік пен саяси тұрғыда қалыптасудың көмегімен ескірген нысандар мен ұстанған бағыттар жойылады да, оның орнына қоғамды алға бастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасалынады.

Американдық ғалымдар саяси жүйелердің барлығын қуатты және әлсіз деп бөліп келген еді. Олар егер заңдылық, ұйымшылдық пен тұрақтылық біртұтас болса, онда сол жерде саяси жүйе де қуатты болады, ал бұл жоқ жерде- ол қуатынан айырылып, әлсірейді дегенді алға тартады. Ал енді басқа бір ғалымдар соның негізі етіп оларда орын алған қоғамдық құрылысты, капиталдистік, социалистік және дамушы елдердің қоғамдық құрылымын алуға тырысады. Саяси жүйенің типологиясы билік сипаты мен қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру қағидаты бойынша аса кең тарағаны рас.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. Қапесов Н. Саясаттану: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет