І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ
Дислалия және оның түрлері
Қабылдаған: Азанбекова Г.Т
Орындаған: Ахмадиева Г.К
Тобы: АПҚқ321
Сөйлеу тілінің дамуы мен оның кемістіктерін түзету мен сақтандыру логопедиялық ықпал жасау логопедияның негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның маңызы тілдің әлеуметтік маңызымен тығыз байланысты .Тілдің негізгі екі қызметі бар:біріншісі-адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде пайдалану болса,екіншісі-айтайын деген ойды жетілдіру мен түсіндіру құралы ретінде .Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді,табиғаттың күшіне қарсы кересе алмас еді,өзара түсінісіп,дегеніне жете алмас еді.Баланың әдемілік сезімдерін дамыту тек дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай,өз тілін әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқып,сөйлеуге үйрету арқылы болады. Сөйлеу тіліндегі кемістік ауру емес екенін ескерген жөн. Ал басқа бір аурумен сырқаттанғанда,оның салдары пайда болуы мүмкін .Сондықтан сөйлеу тіліндегі ауытқушылығы бар тұтықпаны науқас деуге болмайды. Дыбысты дұрыс айтуға үйрету немесе фонематикалық естуін дамыту кезінде дыбысты талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда жиі қолданылады .Логопедия сабақтарында бір сөздің әр түрлі тұлғадағы салыстырумен ескеріп бір тектес көп жаттығулар өткізіледі.Бір сөз әр түрлі сөз тіркестерінде неғұрлым жиі берілсе,соғұрлым балалар грамматикалық категорияларды тез меңгереді.
Сөйлеу тілінің негізгі кемістіктері Дислалия-есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыс айтылудың бұзылуы.
Этиологиялық себептер негізінде екі түрі бар;механикалық және фукционалды дислалаия. Механикалық (органикалық) дислалия артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты: бұрыс (прикус), тістердің бұрыс құрылысы, аномальді үлкен және кішкентай тіл, тіл ершігінің қысқа болуы. Аталған дефектілер сөйлеу дыбыстарының дұрыс айтылуын қиындатады. Қызметтік (функционалдық) дислалия көп жағдайда төмендегілерге: баланың отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу кезінде үлкендердің асыра еркелетіп «няня тілін» қолдану); баланы қоршаған жақын адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына; педагогикалық салғырттыққа, фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне байланысты. Сондай-ақ қызметтік дислалия кіші мектеп жасында екі тілді бірдей уақытта меңгеретін балаларда кездеседі, және де екі тілдік жүйе дыбыстарының сөйлеу кезінде араласуы байқалуы мүмкін.
Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р,л). дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы, дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін. Логопедиялық тәжірибеде дыбыстарды дыбыстау бұзылыстары келесі атаулармен аталады: сигматизм (ысқырықты (свистящие) немесе ызыңды (шипящие) дыбыстарды жеткіліксіз айту); ламбдацизм (л-л‘ дыбыстарын жеткіліксіз айту); таңдайлық дыбыстарды дыбыстаудағы дефекттер ( к–к‘, г–г‘, х–х‘,й дыбыстарын жеткілікті түрде айтпау); ұяңды дефект (ұяң дыбыстарының орнына жұмсақ жұптарын айтады); жұмсару дефектісі (қатты шығатын дыбыстардың орнына жұмсақ жұптарын айтады). Дислалаиясы бар балаларда сөйлеу дамуының бұзылыстары байқалмайды, яғни сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыппен байланысты калыптасады.
Балалардың нормативті дыбысты айтуы төрт жасқа дейін біртіндеп қалыптасуы жүреді. Егер балада төрт жастан кейін дыбысты айту дефектісі байқалса, ол баланы логопедке міндетті трде қаралуы қажет. Дегенмен, сөйлеудегі дыбысты дыбыстаудың дамуы және оның бұзылыстарына арнайы жұмысты ерте бастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |