Дислалия. Ротацизм месяц20xx қабылдаған: Аширбаева А. Б



бет2/8
Дата13.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#56989
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дислалия

Дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық дислалия болып екіге бөлінеді. Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз)– бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалияда бұзылыстар уақытша екенін дәлелденген. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады. Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Балалардағы дислалияның себептері сөйлеу аппаратының құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты болмауы мүмкін. Бұл жағдайда дыбыстық айтылымның бұзылуы мыналарға байланысты болады: біреудің дұрыс емес диалектісіне еліктеу, педагогикалық қараусыздық; отбасындағы дұрыс емес сөйлеу мәдениеті; тілді дұрыс қалыпта ұстай алмау; фонематикалық есту қабілетінің дамымауы; тілдің бір қимылдан екінші қозғалысқа жылдам ауысуы. «Ротацизм» гректің «ро» деген әрпі «Р» дабысын білдіреді, «Р» дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын бұзылу «Р» дыбысының дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру,«р» дыбыстың буында, сөзде, сөйлемде айжырата білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздегі Р дыбысының орынын табыу, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Дислалия ауруы жайында. Дислалия ауруының пайда болу себебімен, оның түрлерін танысу. Өзге аурулармен айырмашылығын айыра білу. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен фонематикалық түйсіктің арасындағы байланысты түсіну. Дислалияда логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тіл дыбыстарын (фонемаларды) дұрыс айтқызу, түзету. Логопед баланың дыбыс айтуын дұрыс қалыптастыру үшін үнемді және тиімді жолдарын табу керек. Егер логопедиялық жұмыс дұрыс ұйымдастырылған болса дислалияның барлық түрлерін түзетуде оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Кейбір жағдайда механикалық дислалия кезінде бірлескен логопедиялық жұмыспен медициналық ықпалдың арқасында нәтиже алуға болады. Дыбыс айтуын жоюға бағытталған жұмысқа қолайлы жағдай жасау логопедиялық ықпалдың нәтижелі болуының алғы шарттары болып табылады6 Логопедиялық сабақтар жүйелі түрде аптасына 3 рет өткізіледі. Логопедтің тапсырмасы бойынша ата-аналарының қатысуымен үй тапсырмаларын орындау қажет. Оларды күні бойы 2-3 рет, 5-15 мин. дейін қысқаша жаттығулар түрінде өткізу керек. Дыбыс айтуын түзетуде дидактикалық материалдар кеңінен пайдаланылады. Дыбыстарды түзету мерзімі келесі факторларға байланысты: бұзылыстың денгейінің күрделілігіне, баланың жеке және жас ерекшеліктеріне, сабақты жүйелі өткізуіне, ата-аналар тарапынан көрсетілген көмегіне. Жай дислалия болса түзету жұмысы 1 айдан 3 айға дейін, ал күрделі дислалия кезінде – 3 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балаларда дыбыс айту бұзылыстары мектеп жасындағы балаларға қарағанда қысқа мерзімде түзетіледі, ал бастауыш сынып оқушыларында жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда тезірек түзетіледі. Р дыбысын дұрыс айтуға, буынды, сөзде, сөйлемде дұрыс қолдануын үйрету.Баланың емін еркін р дыбысы бар сөздерді айтуға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет