Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы


Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің диагностикасы



бет36/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің диагностикасы


Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік- эксперименттік жұмыс бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтиды:

Анықтаушы кезең - болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің бастапқы деңгейін анықтау.

Қалыптастырушы кезең - болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістерін сынақтан өткізу.

Қорытынды кезең - болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасқандығы деңгейін тексеру және тәжірибелік- эксперименттік жұмысқа талдау жүргізу.

Қалыптастырушы тәжірибенің түпкі мәні болашақ педагог-психолог студенттер тобын таңдап, оларда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру бойынша әдістермен жұмыс жүргізу болды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс екі оқу жылы барысында 2 курс студенттерімен жүзеге асырылды. Студенттер екі топқа бөлінді: бақылау (n=50) және тәжірибелік (n=50).

Тәжірибелік топ студенттерімен педагог-психологтың кәсіби іс- әрекетіндегі диагностикалық қызметінің рөлі жайлы әңгімелесу жүргізіліп, диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырушы әдістерді қолдана отырып оқытудан өту ұсынылды.

Бақылау тобы өздерінде тәжірибелік топпен барлық сипаттамалары (жынысы, жасы, мамандығы) бойынша маңызды таңдауға ие болды.

Сипаты бойынша тәжірибе шынайы болды, себебі онда жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісін реттеудің әдеттегі талаптары сақталып қалды.

Төменде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттерінің қалыптасу деңгейі диагностикасының бағдарламасы ұсынылады.


Кесте 9 - Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін диагностикалау бағдарламасы


Критерийлер

Диагностика әдістері

1

2

Мотивациялық- білімдік

  1. О.И. Дорофеева бейімдеуімен, Д.И. Михайлова әзірлеген “Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметінің мотивациялық доминанттарын талдау” сауалнамасы [163]

  2. “Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі.

  3. Эллерс бойынша жетістіктерге ынталандыру

Іс-әрекеттік

  1. Коммуникативтік ұйымдастырушылық бейімділікті анықтау әдістемесі. “(Б.А. Федоришин) [164]

  2. “Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі.

Рефлексивті

  1. “Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі.

  2. О.В. Козловскаяның интеллектуалды құбылмалылық тесті [165]

Диагностикалық құралдарды қарастырамыз.



  1. О.И. Дорофеева бейімдеуімен, Д.И. Михайлова әзірлеген “Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметінің мотивациялық доминанттарын талдау” сауалнамасы

  2. “Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың бұрын анықталған моделіне негізделген студенттердің диагностикалық құзыреттілігін зерттеуге арналған, ол құрылымына келесідей деңгейлерді кіріктіреді: шығармашылық компоненттері: мотивациялық-когнитивті, ұйымдастырушылық-аналитикалық, рефлексивті- бағалаушы. Модельді құру барысында жиынтығында болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін құрайтын танымдық құзыреттілік – 8 негізгі диагностикалық құзыреттілік, функционалдық құзыреттілік саласындағы 8 негізгі диагностикалық құзыреттілік, және жүйелік білім саласындағы 6 негізгі диагностикалық құзыреттілік болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі анықталды.

Сынақтан өтушілерге алдымен диагностикалық қызмет бойына білім, білім, дағдыларына өзіндік бағалау жүргізу ұсынылды, содан соң сынақтан өтушілердің дәл осы көрсеткіштерін бағалауды бес адамнан тұратын эксперттер жүргізді. Эксперт ретінде зерттеуші (осы жұмыстың авторы), “Психологиялық- педагогикалық диагностика” пәнін жүргізетін оқытушы, топ старостасы және бір курстағы екі студент болды. Сараптамалық бағалау (барлық эксперттердің ортақ арифметикалық бағасын есептеу барысында алынған) әр сынақтан өтушінің өзін-өзі бағалауымен сәйкестендірілді және қосымша әдістердің қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалды.

Студенттерге келесі нұсқаулар берілді: Құрметті студент! Сізден болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін құраушы білім, дағдылар мен қарым-қатынастарға өзін-өзі бағалау жүргізуіңізді сұраймыз. Диагностикалық құзыреттілігі оның кәсіби қызметініңтиімділігін қамтамасыз етеді.

Сізге төменде тізбектелген білімдер, дағдылар мен қарым-қатынастардың әрқайсысының сипаттамаларына негізделген білім деңгейін (деңгейін) бағалау қажет. “Өзін-өзі бағалау” бағанасына белгі немесе сәйкес деңгейге (1 ден 4 баллға дейін) қарама-қайшы кез-келген белгіні қойыңыз. Сізден өзіңіздің өзіндік бағалауыңызда шынайы болуыңызды сұраймыз.

Эксперттерге сынақтан өтуші тұлғасын көрсететін ұқсас нұсқаулар берілді. Эксперттер студенттердің өзін-өзі бағалау нәтижелерін көрмеуі керекті міндетті талап болды. Өзін-өзі бағалау және эксперттер бағасы бойынша орташаландырылған баллды біз нәтижелерді өңдеуде есепке алдық. (Әдістеменің мәтіні 2-қосымшада ұсынылған)



  1. Коммуникативтік ұйымдастырушылық бейімділікті анықтау әдістемесі (Б.А. Федоришин)

Коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділік адамдармен қарым-қатынас жасауды, командалық жұмысты ұйымдастыруды көздейтін іс- әрекеттердің мүмкіндіктерін дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар педагогикалық қабілеттерін дамытуда қажет.

Диагностикалық жұмыстарды жүргізу сынақтан өтушілермен ұйымдастырушылық қызмет және қарым-қатынас сабақтарын жүргізуді болжайды. Диагностикалық қызметтің нәтижелілігі осы қасиеттердің дамуына

байланысты. Педагог-психолог-диагностик коммуникативтік кедергілерді еңсеру, өзімен және пән арасында өзара түсіністікке жету үшін өз күш- жігерлерін көрсетуі керек.

Нәтижелерді өңдегеннен кейін коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділік коэффициенттері алынды, бұл арнайы кестенің көмегімен 1-ден 5-ке дейінгі масштабтағы баллға аударылды.



  1. Бағасын алған сынақтан өтушілер коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділіктің төмен деңгейін көрсетуші студенттер болып табылады.

  2. Бағасын алған сынақтан өтушілер коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділікте ортадан төмен деңгейге ие. Олар жаңа ортада, ұжымда қарым-қатынасқа ұмтылмайды, өздерін таныстыруды шектейді, адамдармен байланыс орнату оларға қиындық туғызады және аудитория алдында сөйлесу кезінде қиындықтар туады, олар бейтарап жағдайда нашар бағдарланған, өз пікірін қорғамайды, ренішін қатты уайымдайды. Көп жайттарда олар өзіндік шешімдері мен бастамаларын білдіруден қашқақтағанды жөн көреді.

  3. Бағасын алған сынақтан өтушілер үшін коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділіктің көрінуінің орташа деңгейі тән. Олар адамдармен сөйлесуге тырысады, таныстарының шеңберін шектемейді, өз пікірін қорғайды, жұмысын жоспарлайды, бірақ олардың бейімділігінің әлеуеті өте тұрақты емес. Бұл сынақтан өтушілер тобы коммуникативтік және ұйымдық бейімділікті қалыптастыру мен дамыту бойынша жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жасауды қажет етеді.

  4. Бағасын алған сынақтан өтушілер коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділіктің жоғары деңгейіне ие топқа жатады. Олар жаңа ортада жоғалып кетпейді, достар табады, таныстық шеңберін кеңейтіп, әлеуметтік қызметпен айналысады, туыстарына және достарына көмектеседі, қарым-қатынаста бастамашылық көрсетеді, қоғамдық іс-шараларды шын ниетімен ұйымдастыруға қатысады және қиын жағдайларда тәуелсіз шешімдер қабылдай алады. Олар мұның барлығын мәжбүрліктен емес, ішкі ұмтылыстарға байланысты жасайды.

  5. Бағасын алған сынақтан өтушілер коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділік көрінуінің өте жоғары деңгейіне ие топқа жатады. Олар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қызметке мұқтаж және белсенді түрде оған ұмтылады, қиын жағдайға тез бейімделеді, жаңа ұжымда еркін жүреді, маңызды мәселеде тәуелсіз шешімдер қабылдауды дұрыс көретін, өз пікірін қорғап, оны қабылдайтын кәсіпқой адамдарға жатады. Олар түрлі ойындарды, оқиғаларды ұйымдастыруға, оларды тартатын іс-шараларға белсенді қатысып, бейтаныс компанияда жаңаруды жүзеге асыра алады. (Бұл әдістеменің толық сипаттамасы №5 қосымшада келтірілген).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет