Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет39/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер, білім беруді дамытудың әлемдік әлеуеттері қазақстандық білім беруге едәуір ықпал етуде. Тәжірибеге бағытталған оқыту үлгісіне көшу контексінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру өзектілігі арта түсті. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігі университеттік білім беру жүйесінде сапалы кәсіби даярлықтың міндетті шартына айналды.



Жүргізілген «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру» атты диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденіп, төмендегідей бірнеше теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.

  1. Қазіргі білім беру жүйесінің жұмысын реттеуге арналғанбағдарламалар мен нормативті құжаттарға және ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар негізінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық, сондай-ақ тәжірибелік тұрғыдан әлі де болса аз зерттелгеніне көз жеткізілді, университеттік білім алу барысында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі дәлелденді.

  2. Болашақ психологиялық-педагогикалық қызмет мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдіснаманың: құзыреттілік жүйелілік, тұлғалық бағдарлы және ортаға бағытталған тәсілдері басшылыққа алынғанда тиімді жүргізілетіндігі негізделді.

  3. Болашақ кәсіби қызметке даярлық барысында диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі болып табылатын психологиялық- педагогикалық диагностиканың теориясына талдаужасау нәтижесінде «болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» - ЖОО оқу-білім беру үдерісінде диагностикалық іс-әрекетті орындауға жоғары ынтаны, диагностикалық әдістермен жұмыс істеу қабілеті мен ұмтылысын, міндеттер қойып, оларды шешу жолдары мен нәтижелерін талдауды өзіндік, іс-әрекетте мақсатты түрдегі түзетулерді үнемі ендіруді қарастыратын тұлғаның арнайы дайындықты талап ететін кіріктірілген сапасы- деген анықтама тұжырымдалды. Бұл сапаны қалыптастырудағы университеттің арнайы ұймдастырылған білімдік ортасының сипатамасы жасалды.

  4. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың бір бірімен өзара байланыстағы ынталандырушылық- когнитивті, функционалды-аналитикалық, рефлексивті-бағалаушылық компоненттер жүйесінен тұратын, интуитивті, репродуктивті, шығармашылық деңгейлері анықталған, дайындық, негізгі, қорытынды кезеңдермен жүзеге асырылыуы ойластырылған құрылымдық моделі жасалып, негізделді. Модель болашақ мамандардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұнын және оны өлшеудің диагностикалық құралдарын анықтауға мүмкіндік берді.

  5. Әзірленген модельге сәйкес «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсының мазмұны бойынша жаңартылған курсты оқыту арқылы

жүзеге асатын университеттік білім беру ортасына өзгерістер енгізіледі, семинар сабақтарында интерактивті тренингтік оқыту әдістері енгізіледі. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бағдарламасы жасалды.

  1. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да апробациядан өтіп, ол тәжірибеге «5В010300 Педагогика және психология» мамандығының 100 студенті қатысты. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасыру бойынша жүргізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыс өзінің тиімділігін көрсетті.

  2. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету бағытында «Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» тренингі, педагог-психолог-диагнозшының жұмыс дәптері, «Психологиялық- педагогикалық диагностика» атты оқу-әдістемелік құралы мен «Педагог- психологтың 100 әдістемесі» диагностикалық минимумы құрастырылып, тәжірибеде тиімділігі дәлелденді.

Сонымен, зерттеу нәтижелерін қорыта келе, диссертациялық жұмыс бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалады:

  • болашақ педагог-психолог мамандарын даярлау бағдарламасына жоғары білім жағдайында олардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудыңтиімділігін арттыру үшін 2 кредит мөлшеріндегі

«Диагностикалық әрекетке кіріспе» атты жаңа пән енгізу мүмкіндігін қарастыру;

  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру барысында оның жүйелілігін және тәжірибеге бағытталғандығы, білім алушының қызығушылықтары ескеріліп, жаңа әдіс тәсілдер қолдану арқылы олардың субъектілігін дамыту бағытындағы мақсатты жұмыстар жүргізулері қажет.

Жалпы алғанда, қол жеткізілген нәтижелеріне қарамастан, орындалған зерттеу жұмысы болашақ кәсіби маман ретінде педагог-психологтың тұлғалық әлеуетін, диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, жағдай жасау перспективаларына байланысты алға бірқатар жаңа мәселелер қойды деп есептейміз.

Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Болашақта университеттік білім беру ортасында педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасыру мәселесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаппай ашық онлайн курстарды қолдану арқылы қалыптастыру үдерісін ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында зерттелуі қажет деп санаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет