Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Хореография технологиясымен жетілдірілген семантикалық композиттік веб-сервис моделін пайдалана отырып автоматтандырудың негізінде Қазақстандағы автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылымвиртуализациясының (АИВ) инновациялық технологиясын зерттеу және әзірлеу.
Зерттеу міндеттері.Алға қойылған мақсатқа сәйкес осы жұмыста шешімін табу қажет болатын келесідей ғылыми міндеттер анықталды:
автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық инфрақұрылымын виртуалдандыру кезінде веб-сервистердің инновациялық технологиясының негізгі міндеттерін шешу механизмдерін қалыптастырудың тұжырымдамасын әзірлеу үшін АИВ әдістері мен моделдерін таңдауды негіздеу;
автоматтандырылған өндірістерге арналған АИВ кезінде семантикалық веб-сервис технологиясын және хореография негізінде виртуалдық инфрақұрылымдар сервистерінің автоматты композициясының әдісін жетілдіру;
автоматтандырылған өндірістерге арналған АИВ кезінде композиттік веб-сервис моделі мен сервис-бағытталған қосымшаларды модельдеу әдісін
құрудың әдістемесін әзірлеу;
автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылымның үлгілік нұсқаларын таңдаудың, жобалаудың және бейімдеудің әдістемесі мен алгоритмін әзірлеу;
Қазақстандағы автоматтандырылған өндірістерге арналған семантикалық веб-сервис пен сервистердің автоматты композициясы әдісін пайдалана отырып, ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясы қызметтерін көрсету үшін ақпараттық жүйе құру.
Зерттеу нысаны:автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылым.
Зерттеу мәні: Қазақстандағы автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясы технологиясы болып табылады.