Диссертацияның құрылымы және көлемі: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі мазмұнның үш бөлімінен, қорытындыдан және қосымшалардан, 83 библиографиялық тізімнен, тұрады.
Бірінші тарауда аппараттық ресурстардың масштабталулық, орналасу және қабыл алмау секілді шектеулерін алып тастауға, сондай-ақ басқарудың күрделілігін және бұл ресурстарға байланысты шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған өндірістердің корпорациялық жүйелерін құру кезіндегі серверлер, қоймалар және желілер виртуализациясының негізгі қағидалары, сондай-ақ операциялық жүйе мен қосымшалар деңгейінің виртуализация әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері суреттелген. Автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық жүйелерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктірудің оркестрге лайықтау мен хореография технологияларымен жетілдірілген семантикалық композиттік веб- сервис моделін пайдалана отырып автоматтандырудың негізінде ақпараттық инфрақұрылымды виртуалдандыру жолымен шешілуі мүмкін күрделі міндеттерді шешуді талап ететіні анықталды. Виртуализация көмегімен табысты түрде шешілуімүмкін маңызды мәселелердің бірі гетерогендік ақпараттық жүйелердің (АЖ) бірігуі екені көрсетілді.Гетерогендік АЖ бірігуінің негізгі тәсілдері қарастырылды: кәсіпорынның деректер шинасы идеологиясы және кәсіпорынның автоматтандырылған жүйелерімен деректермен алмасу модулдері.
Талдаудың нәтижесінде веб-сервистер мен корпоративтік сервистік шинасының (ESB) ақпараттық жүйелер архитектурасын құра отырып, семантикалық сервистер құру және солардың негізінде композиттік сервистер құру жағына қарай дамып отырған автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясы технологиясының негізі болып табылатыны анықталды.Семантикалық деңгейде жұмыс істеу сервистер композициясын едәуір жеңілдетеді. Веб-сервистердің операцияларын олардың семантикалық суреттемелері бойынша іздестіру және автоматты композициясы мәселесіне көптеген зерттеулердің арналғаны, алайда солардың ішінде автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясының қарастырылып отырған міндеті үшін лайықты нұсқаның белгіленбегені көрсетілді.
Бөлімде сонымен бірге осы диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, зерттеу бағыттарын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы әдіснамасы сипатталған
Достарыңызбен бөлісу: |