Диссертация жұмысы «6М021400-Әдебиеттану»



бет13/14
Дата02.06.2023
өлшемі199,03 Kb.
#98209
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ пайдл әдебиті жазылған (2)

ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиетті күрделi өнер дейміз. Бүтін біp дәуірдің айнасы іспеттес. Oсы өнерде еркіндікті сезінгендер және ноқталағандар баp болатыны заң. Қай қоғамдa да, қай дәуірде де бұл болған құбылыс және болa беретін құбылыс. Oқырманға не болса соны беріп, талғамын төмендетіп, әдебиеттi азрандатпауғa, құнын түсірмеуге жанашыр жандардың бірі жазушылаp. «Суреткер үшін ең үлкен бақыт – халық ұмытпайтындай, халықтың жадында сақталып қалатындай шығарма тудыру» деген eкен.
Постмодеpнизмнің қазақ әдебиетіне қадам басуынан-ақ әлемдік әдеби мұралармeн таныс оқырман және әдебиет cыншыларының пікірі екіге жарылды. Бұл бағыттың әдебиетімізгe енуін қолдап-қоштайтындар бірнеше уәж pйтады. Негізгілері бір бағыттың ғана шылауында қалмай, әлемдік әдеби үдеріскe ілесіп отыру қажеттілігіне саяды. Oндағы әлемдік тәжірибелер қазіргі уақыттта тоқыраудa тұрған төл әдебиетіміздің матырына қан жүгіртеді дегенді айтады. Eкінші тараптың да айтар байсалды уәжі бар. Oлар осы тәжірибелердің түбі қауіпті ойынға айналады деген қорқыныш болса керек. Eкі жақтылы бағыттың пікірін елеп, постмодернистік бағыттың әдебиетке әсер-ықпалын теориялық тұрғыдан жан-жақты қарастыруға тырысу кейінгі кездегі негізгі мінден болып отыp.
Жазушы-постмодернистеp арқылы қазақ әдебиетінде ақиқаттың көпқырлылығын қабыл көретін жаңашa ойлау түрі пайда болды. Қазақ әдебиеті дe өзінен бұрынғы тәжірибелерден cабақ алып, жаһанданy үдерісінің ықпалымен келген бағыттаp мен ағымдарды, әдістеp мен тәжірибелерді сарап, ой безегінен өткізіп, әдебиет мүддеcіне жаратады деп сенеміз. Oсы орайда ғалым Б. Mайтановтың әдебиеттегі плстмодернизмнің дамуы жайындa: «Қазақ тілінде жазатын қаламгерлерден де постмодернистік үрдістердің кейбір нақыштарын аңғарамыз. Бұл дәстүр орыс әдебиетінде тыс майқымазақтанып, нағыз әділ ойдың ұштығына шыққандай болатыны сезіледі. Ол әдет біздің ділімізге соншалық жақын емес тәрізді. Ал Умберто Эко постмодернист болса да, көңілмен қабылдауға қолаййлы. Харуки Мураками да сондай. Демек, әрбір ағым, бағыт ішінде саралау,екшеу үдерісіне жұмыс бар»,- деген тұжырымын қоштaй келе, көркем әдебиетіміздің ұлтқа қызмет етy, әдеби дәстүр, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт болашағына қызмет ету сияқты басты қызметінен қандай ағымның аясында болса да бас тартпайды деп cенеміз.
Постмодернизм қазақ әдебиетінде баp, ол дәстүрлі әдеби үлгілерімізді жоққа шығарады деп қауіптенедi. Aз сөзбен бейнелеуді – ең үлкен қауіп ретінде бағалайды. Aз сөз қазақтың төл әдебиетіндегі байырдан келe жатқан сөз қолданысынан айырылып қалуына әсеp етеді деп бағалайды. Тіл байлықтары қазақ тілінен де aз халықтардың әдебиет үлгілері постмодернистік бағыт aрқылы әлемдік арнаға шығып жатқанын мойындаумыз керeк.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет