Диссертация жұмысы «6М021400-Әдебиеттану»



бет1/14
Дата02.06.2023
өлшемі199,03 Kb.
#98209
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЧАЛИМБЕКОВА МАРФУҒА ЕРЯЛИҚЫЗЫ

Қазақ әңгімесінің постмодернистік парадигмасындағы ментальдік ерекшеліктер


Диссертация жұмысы
«6М021400-Әдебиеттану» мамандығы бойынша
Отандық ғылыми жетекші:


Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР............................................................................................... 2
БЕЛГІЛЕУ МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР..................................................................3
КІРІСПЕ............................................................................................................... 7
1. ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНІҢ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҰТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.................................... 15
1.1 Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшелігі: әңгімедегі постмодернистік көркем сана........................................................................................................................ 27
1.2 Постмодернистік әңгімелердегі жатсыну (отталкования) мәселелері.... 44
2. ПОСТМОДЕРНИСТІК ПАРАДИГМАДАҒЫ МЕНТАЛЬДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР............................................................................................... 55
2.1 Ментальдік ұғымы және таңбаланған концептілер.................................. 68
2.2 Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік ерекшеліктердің постмодернистік прозадағы көрінісі...................................................................84
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................96 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................98

Бұл диссертациялық жұмыста келесі анықтамалар сәйкес терминдер қолданылған:
Постмодернизм (лат. Post.-кейін, фр. Modern-жаңа, қазіргі) – тарихи, әлеуметтік, ұлттық мәнмәтінге байланысты жылжымалы, әрі көп мәнге ие философиялық, эпистемологиялық, ғылыми-теориялық ұғым-түсініктердің, тұжырымдардың жиынтығынан тұратын бағыт.
Постмодернизмнің басты жаңалықтары үлкен идеологияға және мәдениет тарихында бір кезеңнен соң бір кезеңге ұласып отыратын біртұтастыққа деген сенімге күйрете соққы беру, оларға кекесін, әжуамен қарау, сондай-ақ бинарлық оппозицияға қарсылық болып табылады. Постмодернизм модернизмнен кейін пайда болып, оынң кейбір әдіс-тәсілдерін өзіне мұра етіп алғанымен, модернизмге кереғар бағыт. М9нда модернизмдег3 автордың «Меніне» күмәнмен қарау, автордан мәтінді жоғары қою (Р.Барт «Смерть автора», М.Фуко «Что такое автор»), аласапыран (хаос) дүниедден мән-мағына іздеуден бас тарту және мән-мағына іздеуге пародия жасау, шығарманы ойын түрінде беру – басты шарттардың бірі. Ал постмодернистік мәтін тудырудағы басты құралдар ретінде интертекстуалдық, метапроза, ирония, оқырманмен ойын, диалогтық, көркемдік тұтастықтың болмауы , т.б. секілді ұғымдарды атай аламыз. [9,5]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет