үрдістің орнығып қалыптасуында атақты ақын Мұхамеджан Тазабековтың орны
ерекше. М. Тазабеков – айтысқа күшті даярлықпен келетін ақын. Әр кезекте өзі
туралы, қарсыласы туралы және тыңдарман жұрт туралы қатарынан ой қозғап
отыру Мұхамеджанның айтыстағы өзіндік стилі болып қалыптасты. Осы
заманғы айтыстың көшбасшысы болған ақынның тағы бір ерекшелігі айтар
сөзге де, ойға да бірдей мән беріп, қапысыз даярлық жасауынан көрінеді
.
«Серкесіз өрген қойдай бытырайды, Ақылсыз айтылған сөз айтыстағы»,-
дегені ақынның айтыстағы ұстанымын танытады. Әр ақында осындай талап,
осындай ұстаным болса, айтыс өнерінің еңсесі түсе қоймасы анық.
Айтыс – қазақ халқының ежелден тұтынып келе жатқан төл өнері; хан деп,
қара деп бөліп жатпай, мінін бетіне басып, шыбын жанын шырқыратып
шындықты айтатын дегдар өнер. Сондықтан да оған алақанына салып әлпештеп
ұстайтын, шындыққа тура қарай алатын дегдарлық керек. Шүкір, бұл дегдарлық
біздің халқымызда бар. Халқымыздың бүгінге дейін айтысты асқақтатып,
әлпештеп отырғаны ұлттық демократиямыздың жоғары деңгейін көрсетеді.
Қытай жазбаларында Таң патшалығы дәуірінде түрктердің «қыса» (қаса –қазақ)
тайпасы домбырамен айтысады деп жазылғанын ескерсек, айтыс өнерінің
тарихы біздің халықтық тарихымызбен тамыры бірге, тереңде жатқанын
көреміз.
Қорытындылай келе, тәуелсіздік таңы аясында өткізіліп келе жатқан
ақындар айтысын теледидардан көріп, тамашалау халықтың рухани қажетін
қанағаттандырғанмен, айтысты зерттеуге ынтасы ауған жастардың қажеті
өтелмей келеді. Оның үстіне айтыс бүгінгі тыңдарманның дүниесі ғана емес,
ертең келер ұрпаққа керек мұра. Теледидардағы айтыс мәтіндері жазылған
кассеталар тозып, ондағы айтыстар жойылып барады. Бабалардан қалған аталы
өнерді кейінгі ұрпаққа табыстау – бүгінгілердің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: