Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»


Қазақ фольклорындағы отбасылық ғұрып



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

2 Қазақ фольклорындағы отбасылық ғұрып
38


2.1 Әлпештеу фольклоры 
Қазақ отбасының бағзы замандардан бергі даму тарихы тұтастай алғанда,
жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен ортақтаса, сабақтаса байланысып
жатқанмен, қазақ деген халықтың қалыптасып, өркендеуіндегі түрлі тарихи
жағдайларға сәйкес өзінше ерек болмыс танытады. Сондықтан да қазақ отбасы
жөнінде жинақталған этнографиялық, фольклорлық материалдар мен
зерттеулер қомақты көлем құрайды. Сол мол мұраның алтын арқауы –
фольклорлық шығармалар – халық зердесін заман ағымы, ғылымның жаңа
талаптары тұрғысынан қайыра саралауға апаратын баспалдақ және осы
зерттеудің табан тірер тұғыры да болмақ.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі нұсқаларынан бастау алатын қазақ
отбасы фольклорының тарихы – тамыры тым тереңнен тартады.
Олардың ішінде отбасылық әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер жөніндегі
этнографиялық деректер өз алдына бір төбе. Өйткені көне деректердің тереңіне
бойлаған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық үлгілердің арасына
шек қоюдың өзі қиындап, бір-бірінен ажырамастай тұтас құбылысқа айнала
береді.Бұл, әсіресе, отбасы фольклоры тәрізді кіндік бауы халықтың тұрмыс –
салтына берік байланған жанрлық түрлерге тән өзекті ерекшелік. Яғни, ғұрып
фольклорының жанрлық түрлерінің қай – қайсысы болмасын халықтың тұрмыс
–салтымен біте қайнасқан құрыштай құрылым. Фольклорлық шығармалар
тұрмыстық ғұрыпты қолдап, демеп отыратын қосалқы дүние ғана емес,ол сол
тұрмыстық ғұрыптың қалыптасу кезеңдерінде бірге өріліп, оның ішкі ділін сөз
өрнегіне сіңірген бірінсіз бірін толық тануға болмайтын тұтас әлем. Сондықтан
да, фольклорлық шығармаларды тек сөз өнері ретінде ғана емес, этнография
ғылымының шегінде қарастыру әлемдік тәжірибеде орныққан үрдіс.
Егер отбасы фольклоры ұғымын кең мағынасында алсақ, оған отбасында
атқарылатын ғұрыптарға байланысты сөзбен өрнектелген поэзиялық, прозалық
(арбау, ұшықтау, аластау, байлау,бата, алғыс, қарғыс, т.б.), драмалық (ойын –
сауықтық) шығармалардың барлығын енгізуге болады.
Біз бұл жерде адамның тууы, үй болуы мен дүниеден өтуі кезінде
атқарылатын ғұрыптарға қатысты орындалатын өлең –жырларды ғана тексеруді
мұрат тұтып отырмыз. Оны жалпы фольклортану ғылымында «отбасылық
ғұрып фольклоры» деп атау қалыптасқан.
Отбасылық ғұрып фольклорында елдің әдет – ғұрып,салт-дәстүріне
қатысты тұрмыстық мән мен көңіл тербетерлік лирикалық астар домбыраның
қос ішегіндей қатар тартылып отырады. Жалпы, лирика жанрының асыл тегінің
ғұрыптық шығармалардан бастау алатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.
Оның үстіне қазақ отбасы фольклорының ХІХ ғасырдан беріде хатқа түскен
көптеген үлгілері ғұрыптық тегінен алыстап, көркемдік (лирикалық) сипаты
басым бола бастаған шығармалар. Мәселен, бесік жыры өзінің ғұрыптық тегін
жоғалтып, ананың ішкі сезімін жырлайтын, өз алдына ғұрыпсыз да
орындалатын лирикалық шығармаға айналған. Ал жар-жар, сыңсу, жоқтау
сияқты танымал жанрлық түрлер ғұрыпқа қатысты орындалғанмен, оларда да
39


адамның ішкі сырын шерту сияқты лирикалық сипат басым. Қазақ
фольклортану ғылымында мұны алғаш аңдап, таныған М. Әуезов оларды
«сыршылдық салт өлеңдері» - деп атаған. Мұндағы «сыршылдық» сөзінің
астарында «лирика» термині жатыр. Яғни, отбасылық ғұрыпқа байланысты
айтылатын өлең - жырлардың поэтикалық құрылымы күрделі. Ол бір жағынан
отбасында атқарылатын әртүрлі дүниетанымға сай практикалық міндет
атқаратын бір қырымен ғұрыптық рәсімдермен бірге дәстүрлі наным – сенімге
байланысты туған жанрларға жақындаса, екінші жағынан адамның күнделікті
тұрмыс – күйін өрнектеп, ішкі сезім сырларын шертетіндіктен лирикалық
шығармаларға жанасады. Бұл жағынан оны «ғұрыптық лирика» деп айдарлап,
халық лирикасының санатына қосуға да болады.
Дегенмен, фольклортану ғылымында ертеден қолданылып келген «халық
лирикасы» терминінің ауқымы кеңдеу, өйткені оған ғұрыпқа қатысты
шығармалармен қоса, әдетте, ән – өлеңдер, тарихи өлеңдер, ғашықтық жырлар
сияқты көркем (ғұрыптық емес) жанрлық түрлер тоғыстырыла қарастырылады.
Көптеген зерттеулерде халықтық лирика ретінде, негізінен, ғашықтық әндер
ұғынылып келді. 
Потебня А. А. былай дейді: «Жалпы табиғатқа, оның мызғымас
құбылыстарына етене жақын, өзінің тұйықталған аясында өте баяу өзгеретін үй
шаруашылығы еніп жататын жаңалықтар мен құбылыстарға қатысты қарағанда
әйел тұлғасы ерлерден гөрі өзгергіш, құбылмалы мәнге ие. Ал әйел – отбасында
бағзы заманнан қалыптасқан, қазір түсініксіз болып бара жатқан көне наным –
сенімдер мен әдет–ғұрыптардың басты сақтаушысы». Сондықтан да
отбасындағы әдет –ғұрып, салт – сананың барлығы әйелсіз атқарылмайды.
Және ол –жай ғана қатысушы емес, оны ұйымдастырып, атқаратын басты тұлға.
Фольклорлық шығармаларды дәстүр дәстүрге лайықтап шығарушылар мен
орындаушылар да, негізінен, солар. Сондықтан да отбасылық ғұрып
фольклорының ішкі рухында қазақ әйелінің еркін де, нәзік жан дүниесі көрініс
береді. Бесік тербетіп отырған әйел балаға деген мейірім шуағын ғана төгіп
қоймайды, өз басының мұңын, тіпті, әлеуметтік теңсіздікті де өлеңге қосып
айта береді. Отбасылық ғұрып фольклоры – осындай ішкі иірімдері мол,
ғұрыптық та, лирикалық та астары қосқабат, көп қыртысты жанр.
Яғни, бұл зерттеуде адамның туу – ер жету - өлу цикліне енетін ғұрыптарға
байланысты туып қалыптасқан, бірақ соңғы кезде ғұрыптық сипатынан гөрі
көркемдік әрі басым бола бастаған, адамның пәни мен бақи дүниеге деген ішкі
сезім күйін жырлайтын өзіндік қалыптасқан көркемдік жүйесі бар поэзиялық
шығармалар сараланады.
Фольклортану ғылымының соңғы кезеңдегі даму үрдісіне назар салсақ,
оның зерттеу аясының анағұрлым кеңейгендігін көреміз. Ол – заңды құбылыс.
Өйткені ежелгі қоғамда адамзаттың барша рухани әлемін құшағына сыйғызып,
күрделі құрылымда, қолданбалы, синкретті сипатта өмір сүрген фольклор дами
келе барынша бұтарланып, жанрлық түрлерге бөлшектенгенмен де, өзінің бүкіл
ішкі рухымен халықтың ежелгі дүниетанымымен, әдет–ғұрып, салт–дәстүрімен,
байырғы мәдениетімен тамырлас, бір діңнің саласындай мәуелі рухани мұра.
Сондықтан да оны сөз өнері арқылы жасалған табиғатына қарап, әдебиеттану
40


ғылымына қарай телігенмен, зерттеу барысында этнография,
археология,музыкатану, пәлсапа, этнопедагогика, этнолингвистика сияқты
тонның ішкі бауындай етене жақын ғылымдардың тоғысқан шегінде қарастыру-
әлемдік ғылым өнегесі.
Қазақтың отбасы фольклорын жалпы қазақ фольклорының тұтас жанрлық
саласы ретінде қарастыра отырып, оның жанрлық табиғатын, ішкі жанрлық
түрлерін саралау, олардың өмір сүру заңдылықтарына барлау жасау; ғұрыптық
фольклордың поэтикалық құрылымын, этнографиялық байланыстар
типологиясын зерттеу, көркемдік құралдары мен тәсілдеріне көңіл бөлу;
отбасылық ғұрып фольклорының жалпы қазақ фольклорынан алатын орынын
анықтау осы зерттеудің басты мақсаты болды.
Отбасылық ғұрып фольклоры үлгілерінің өте көне жанр екендігін Махмұт
Қашқаридың «Диуани лұғат ит - түрік» еңбегінде [41.115] кездесетін өлең
үлгілерінің сипатынан да аңғаруға болады. Түркі тілінің энциклопедиялық
сөздігінен отбасы лирикасының бүгінгі ұғымдағы үлгілерін таппағанымызбен
де, табиғаты жағынан үйлену ғұрып жырлары мен жоқтау сарынына жақын
келетін шығармаларды көптеп кезіктіруге болады. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет