буын Қазақстан жастарының өмірлік құндылықтары мен рухани танымының
қалыптасуына оңды өзгерістермен қатар жағымды–жағымсыз әдеттерді де
қалыптастыруға қарай бет түзейді.
Мақсаты:
Байырғы ата–бабаларымыздың асыл арманы, биік мұратынан жан–жақты
қарастырылып, олардың ұлт мүддесіне пайдалы жақтарын жаңа жағдайда
пайдалану керектігін ашып көрсету, зерттеуге бетбұрыс жасау.
Міндеттері:
1) Ұлттық рухани мәдениетің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этик
санамен қарайлас жүріп өткен жылында көз алдымызда елестете алу.
2) Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да –
халық екеніне көз жеткізе отырып, оларды сұрыптау арқылы адамилық
жақтарын белгілеу.
3) Халық ауыз әдебиеті мұрасындағы адамилық мәселесінің шындалуына
жол ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеттің барлық белгілері
бойынша балаларға қазіргі заманауи технология дамыған заманда халық ауыз
әдебиеті арқылы жан-жақты тәрбиелеу. Яғни, теледидар арнасында, ғаламтор
бетінде, баспасөз бетінде, ойындар әлеміне, батыры мен биіне, бойы мен
кеудесіне ортақ өнер, әмбеге тиісті мұраны жиі, әр түрлі деңгейде насихаттап,
ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара
өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, айтыс,
шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драммаларды жасынан санасына сіңіріп,
соны мойындатып, қызықтыра білу.
Достарыңызбен бөлісу: