Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Үш жүз бас қосып, ақылдасатын бір мәселе болып, ел ағасы деп Төле
бидің алдына келіпті. Төле би:
- Уа, әлеумет, осы аттың күші қай жерінде, - дейді. Сонда біреу «аттың күші
алдында», біреуі «аттың күші артында», енді біреуі «аттың күші алдында да,
артында да емес, ортасында» дейді. Төле «ортасында» дегенге қарап:
- Аттың күші ортасында болатын себебі қалай? – дейді.
- Бас басшы, ат қосшы, астында төрт тіреуі бар, ортасы Арқалық емес пе? –
дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, «Би екеу болса, дау төртеу болады»деп. Ел үшін үш
жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа «Төбе би»атап қойса қалай болар
26


еді? – дейді. Оған қауым дұрыс дейді. Бірақ төбе билікке талас болады. Ұлы
жүз «Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз», Кіші жүз, «Біз боламыз,
өйткені қара шаңыраққа иелік жолымыз үлкен» дейді. Сонда манағы аттың
күші ортасында деген жігіт:
- Аға төреші болмайды, алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды,
артында қайырылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық
артында інісі бар, екі жағынан да хаупі зор, сол себепті әділ айтатын төбе
билік ортаншы ұлға лайық! – дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жөн
сұрайды. «Аттың күші басында» деген Ұлы жүз жігіті, «аттың күші
артында» деген Кіші жүз жігіті, «аттың күші ортасында» деген Орта жүз
Қаракесек Қазыбек болып шығады.
Шоқанның бұл пікіріне қарағанда, қазақ қауымында би атағын алу үшін екі
шарт: бірінші – әдет-ғұрып заңын жетік білу; екінші – шешендік қабілеті болу
керек. Дәл осыған ұқсас пікірді Абай да айтады. «Бұл билік деген біздің қазақ
ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым
ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күл
төбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек.Һәм,
ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға
келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу
саларға жарарлық кісі болса керек». Шоқан мен Абай бұл пікірлерімен дау
шешіп, билік - бітім сөз сөйлеу үшін әдет заңын білумен бірге шешендік өнер –
патент сияқты маңызды рөл атқарғанын орынды көрсетеді. 
Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап, жариялаушы
ғалымдардың бірі - белгілі педагог Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің «Киргиз
хрестоматиясына» «Ізбасты», «Байұлы» «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен»
дейтін тапқырлық – шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды. Халық
даналығының балаларды тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын
тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кезінде қажетке жарата білген. 
Қазақ шешендік сөздерін арнайы зерттеген бір еңбек Әмина Мәметованың
«Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны» (1945)
дейтін кандидаттық диссертациясы еді. Бұл зерттеулерінде ол қырқыншы
жылдарға дейінгі жиналған материалдарды пайдалана отырып, қазақ шешендік
сөздерінің мағынасын, ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтады, оның жанр
болып қалыптасуына, дамуына кезінде себі тиген белгілі шешендер мен шешен
билер туралы мәліметтер келтірді. 
Аңыз әңгімелерге қарағанда Жиренше шешен Әз Жәнібек хан мен Асан
қайғы (ХІҮ – ХҮғ.ғ.) тұсында жасаған адам. Сонсын «Түгел сөздің түбі бір, түп
атасы Майқы би» дейтін де нақыл бар. «Сол Майқы Шыңғысты (ХІІғ.) хан
көтерген он екі бидің бірі екен» дейді Абай. Олай болса шешендік сөз өнерінің
шығу тарихы Жиреншеден әлдеқайда әріден басталса керек. Шешендік
сөздермен көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына үлкен үлес қосқан
Бұқөардан бастап Шортанбай, Мұрат, Дулат секілді белгілі жыраулардың
шығармалары арнау, толғау сөздерге толы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет