74
бастапқы мониторинг пен аралық мониторинг аралығында, сәйкесінше қазан-
қаңтар айлары аралығында жүргізілді.
Бағдарлама бойынша дамыту жұмыстарын жүргізу барысында
қашықтан
оқитын балаларға арналып ата-аналарға онлайн бағыт-бағдар беріліп, тікелей
қарым-қатынасқа түстік. Сонымен қатар, күнделікті оқу қызметтерінің
тақырыптарына байланысты видео-, аудио-материалдардан бөлек,
«Қарлыға
Ахан» ютуб каналында видео материалдар және телеграм месенджерінде
«Qarlygamen birge» канал ашылып, үй жағдайында жасауға болатын
математикалық ойындар, тапсырмалар салынып отырды. Ата-аналар
күнделікті берілген тапсырмаларға бей-жай қарамай, жауапкершілікпен
атсалысып,
балаларының танымдық, математикалық-логикалық дағдыларын
дамытуда біршама жұмыстар жасады. Күнделікті тапсырмаларды
жібергеннен соң, міндетті түрде кері байланысқа шығып отырды, осы
арқылы біз қашықтан болса да, балаларды жан-жақты дамуға мүмкіндік
алдық.
Сонымен қатар, балалардың танымдық
қабілеттерін математикалық
модельдеу әдісімен дамыту жұмыстары барысында «Қызықты математика»,
«Есептейміз. Салыстырамыз» лэпбуктары жасалды. Бұл лэпбуктардың
мақсатын балалардың балалардың сан, санау туралы түсініктерін дамытып,
балаларды «=», «>» «<» таңбаларымен және оның мәнімен таныстыру; жиын
элементтерін анықтап, сол жиыннан топ құрауға, тең дәрежелі жиындарды
табуға үйрету;
балалардың зейінін, сөйлеу, және дәптерде бағдарлау
қабілеттерін дамыту; жай есептер мен қарапайым мысалдарды шығара білуге
үйрету; сандарды қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіре
білугедағдыландыру болып табылды. Лэпбуктарды оффлайн қатысқан 15
бала оқу қызметтері, жеке дамыту жұмыстары барысында пайдаланса,
онлайн қатысқан 12 баланың ата-аналарына
электронды нұсқасы және
жасалу жолы түсіндіріліп, пайдалануға берілді.
Балабақша тәрбиешілермен «Математикалық модельдеу – баланың
танымдық дағдысын дамытудағы маңызды әдіс» тақырыбында семинар
жүргізілді. Семинарға балабақшаның 14 педагогы қатысты. Аталмыш
семинар тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу қызметінде математикалық
модельдеу әдісін қолдана білуді, қолда бар берілген материалдармен баланың
қызығушылығын
арттыруды, педагогтардың білігі мен білімін ары қарай
дамытуды мақсат еткен болатын. Семинар барысында «математикалық
модельдеу» әдісі және баланың танымдық дағдыларын дамыту барысында
бұл әдістің берер пайдасы мен маңыздылығы туралы түсіндіріліп,
ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолдануға болатын ойындардың
біршамасы көрсетілді, тәрбиешілерге нұсқаулықтар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: