Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет24/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер:
Т.Әсемқұловтың да, Ж.Қорғасбектің де зерттеу нысаны болған шығармалары ойын қағидасына құрылғандығы айқындалды;
«Бекторының қазынасы» повесі мен «Өлмейтін құстар» әңгімесінде қосарлы симулякр әдісі қолданылғандығы анықталды;
«Бекторының қазынасы» повесінде классикалық әдебиетке тән танымдық-тәрбиелік қыры да, постмодернизмнің абсолютті мойындамау, оппозицияға күмәнмен қарау тұжырымдары да қамтылғандығы дәлелденді;
Ж.Қорғасбек «Өлмейтін құста» жасалған тәжірибесінде әңгімені толықтай симулякрдің ережесіне бағындыра алмағанымен, ондағы мәтін тұтастығының бұзылуы, ойын қағидасы сынды тәсілдермен бірлікте постмодернистік шығарма тудырудағы терең ізденіске барғаны анықталды;
Екі автордың да шығармаларынан кино туындыларына жақындықты байқай алдық.


  1. тарау бойынша тұжырым


Зерттеуге нысан етіп алынған постмодернистік шығармаларда интертекст және симулякр арқылы қайта құрылымдаудың нәтижесінде орталық сюжет, орталық тұлға ығыстырылып, мәтінмен ойын қағидасы басты мәселеге айналған. «Гүлдер мен кітаптардағы» Дидар-Әлішердің ұсынуындағы
«әлемдегі барлық кітаптың жиынтығы тәрізді жаңа туынды» оқырманның интеллектісіне орай шытырман мәтіндер дүниесіне тартып әкете беретін шексіз шырғалаң (лабиринт) болса, Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімесінде интермедиалдылық әдісі қолданылып, мәтіннің карнавалдық, ирониялық, аллегориялық сипаты басым болып келеді. Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» әңгімесінде қазақ ертегісі «Ертөстік» түпкі мәтін ретінде қолданылғанымен реминисценция, аллюзия, танымал есімге, әрі танымал мәтінге пародия сияқты әдістерді негіз етіп алады. Ал М.Қосынның жазу машығы тіпті ерекше, ол интертекстің интермедиалдылық түрінің күрделі формасын қолданған. Зерттеу барысында анықталған ерекшеліктерді төмендегіше тұжырымдармен қорытындылаймыз:

    • Д.Амантай «Гүлдер мен кітаптар», А.Жақсылықов «Ант ұрғандардың түстері» романдарында, Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» повесінде, М.Қосын «Нерд», «Төстіктің қателігі», «Буве нүктесі», Ә.Байбол «Ормандағы жиын» әңгімелерінде көркемдік тұтастықты бұзылуына себепші интертекст, симулякр тәсілдері постмодернизмнің оқырманмен ойын мақсатында пайдаланылып, «автордың өлімі» тұжырымдамаларымен ұштастырыла қолданылған;

    • Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы:

а) әдеби мәтіндер және теориялық еңбектермен;
ә) мифтер және түркі тарихын зерттеуге арналған еңбектермен;
б) теологиялық мәтіндер және оларды зерттеуге арналған еңбектермен интертекстуалдық байланысқа негізделіп, интертекстің тұспал (аллюзия), дәйексөз (цитата), сілтеме (референция), реминисценция түрлері қолданылған;
-Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» повесінде қазақ ертегісі
«Ертөстікпен», сондай-ақ әлемдік әдебиеттегі «шайтанмен келісімге келу» мотивімен интетекстуалдық диалог орнатып, оларды мәтінге реминисценция тәсілімен енгізді. Повестегі интертекстуалдық байланыс бинарлық оппозицияға қарсылық және «жақсылық» пен «жамандық» категорияларының
абсолюттілігіне қарсылық сынды постмодернизм тұжырымдамаларымен ұштастырыла пайдаланылған;

    • Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімесінде интертекстуалдық байланыс постмодернизм поэтикасына тән интермедиалдылық тәсілі және интертекст тәсілінің аллюзия, танымал атаулар сынды амалдары арқылы жүзеге асты. Түпкі мәтін ретінде ««Қазақстан-2050» дамыған елдердің құрамына ену стратегиясы» саяси құжаты алынған, сондай-ақ мерзімді баспасөздегі мақалалар мен телебағдарламаларда кездесетін түрлі материалдарға сілтемелер жасалып, шығарманы автор-мәтін-оқырман үштігіне құрған. Әңгіме мәтіні карнавалдық, аллегориялық, ирониялық сипатымен ерекшеленеді;

    • М.Қосын шығармашылығының басты ерекшелігі – ол қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизмнің екінші толқынының, сонымен қатар желілік әдебиет өкілі. М.Қосын шығармалары интертекст, гипертекст және интермедиалдылыққа негізделген. «Буве нүктесі», «Нерд» әңгімелерінде интертекстуалдық байланыс сілтеме (референцияға) арқылы жасалса,

«Төстіктің қателігі» әңгімесінде «Ертөстік» ертегісін реминисценциялау тәсілі арқылы орнаған. «Төстіктің қателігінде» интертекстік орайда қолданылған танымал есімдерге, әрі танымал мәтінге пародия жасалса, «Буве нүктесі»,
«Нерд» әңгімелеріне Ф.Гваттари мен Ж.Делездің шизофрениялық дискурс және неогуманизм тұжырымдамасының ықпалы басым;
-Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі және Ж.Қорғасбектің
«Жаконданың жанары», «Өлмейтін құстар» әңгімелері постмодернизмнің симулякр тәсілін қолдана отырып, ойын қағидасына негізделген.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет