Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі мен Ж.Қорғасбектің «Өлмейтін құс», «Жаконданың жанары» әңгімелеріндегі симулякр



бет23/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі мен Ж.Қорғасбектің «Өлмейтін құс», «Жаконданың жанары» әңгімелеріндегі симулякр


Постмодернистік мәтіндерде баяндаушы, уақыт пен кеңістік құрылымдары классикалық және модернистік шығармалардан өзгеше. Мұндағы мәтін баяндаушының көптігімен, бір шығармада бір-біріне қатысы жоқ бірнеше уақыт бөліктерінің тоқайласуымен оқырманын таңқалдырып келеді. Яғни постмодернистік шығарманың бүтіндікке себеп болатын орталық тұлғасының, орталық сюжетінің, нақты бір уақыт бағдары болмауына және жанрлық, стильдік ерекшелігі бұлдыр болуына себепші интертекст пен симулякр.
Постмодернистік терминдер арасында кеңінен танымал термин симулякрге француз ғалымы Ж.Бодрийар постмодернистік көзқарас тұрғысынан анықтама беріп, жалпы философиялық, саяси, әдеби құбылыстарға сипаттама беруге сәтті қолданған. Симулякр терминінің ғылыми айналымға енгізілуі Ж.Бодрийар («Симулякрлар мен симуляция», «Дух терроризма. Войны в Заливе не было»), Ж.Делез, Ж.Деридда, Ж-Ф. Лиотар, М.Фуколармен қатар Жорж Батай, Пьер Клоссовский және Александр Кожев есімдерімен тығыз байланысты. Бұл аталған ғалымдар ескі заманнан келе жатқан терминді жаңғыртып, бүгінгі сананың қабылдауына лайық термин ретінде қалыптастыруға үлес қосты. Бүгінде симулякр постмодернизм философиясының негізгі терминдерінің бірі саналғанымен бұл ұғымды алғаш Платон еңбектерінен кездестіреміз. Алайда философ ойшылдардың ішінде симулякр ұғымын философиялық тұрғыдан тереңірек зерттегені Жиль Делез болды. Ж. Делездің пайымдауынша симулякр – түпнұсқаны (нәрсені) да,
көшірмені (нәрсенің ұқсас бейнесін) де терістейтін белгі. Симулякр – ұқсастығынан айрылған бейне, сәйкестігінен айрылған образ [2, с. 93].
Сонымен көне замандардан келе жатқан Лукреций Эпикурдің «eicon» ұғымын «simulacrum» деп аударуға тырысқан, сонымен қатар Платон еңбектерінде көрініс тапқан терминнің түпкі мағынасы – бір нәрсенің бейнесі, формасы, танымдық образы. Лукреций симулякр ұғымын шындықты сезімдік қабылдау, түйсіну, сезіну деп түсіндіре келе, сол әсерлер сезім мүшелері арқылы бүкіл тәнімізге жайылып көз алдымызға фантастикалық елестер тудырады, ал сол сезімдеріміз рас болғанымен, оған өз жанымыздан қосқанымыз жалған болып шығады деп түсіндіреді. Ал постмодернизм ұсынған
«Симулякр» – көшірменің көшірмесі. Көшірмеде түпнұсқаға ұқсастық болса, симулякр жоқ нәрсенің бейнесі, яки көшірмесі. Ж.Бодрийяр өзіне дейінгі ғалымдардың симулякр ұғымын түрліше түсініп, әртүрлі қырынан қарастырғандықтан оның мағынасы өзгеріп, нақты және толық анықтама беру қиынға соғатынын айта келе: «Но что можно сказать наверняка, источником симулякров служит сама реальность, но он, вторгаясь в сущность реальности, создает некоторые ее искажения. Исказив реальность, симулякр становится уже нереальным, создавая при этом новую реальность – гиперреальность, реальность симулякров [79, с. 16], – дейді, яғни симулякрдің туындауына ақиқат шындықтың қатысы болғанымен, бұрмалана келе мүлде басқа мәнге ие болатындығын тұжырымдайды.
Ж.Бодрийардың пікірінше, симулякр адамзат ойлап тапқан және сол адамзаттың басын жұтатын тажал. Ойшыл модерн дәуірі ұсынған «адамзат ақыл-ойының жемісі адамдарға тек қана пайда келтіреді» деген ұстанымға қарсы шығады. Ұшы-қиырсыз ғаламтор үстемдік етіп отырған кезеңде әртүрлі әлем, әртүрлі мәдениет, әртүрлі уақыт, әртүрлі кеңістіктің бір мезетте тоқайласуынан ненің түпнұсқа, ненің көшірме, ненің шындық, ненің жалған екенін білу мүмкін емес жағдайға айналды. Осыған байланысты Ж.Бодрийар
«гипермекен», «гипершындық», «гиперкеңістік», «гипермәтін» терминдерін енгізді. Постмодерн дәуірін жақтаушыдан гөрі оған сыни көзқарасымен танылған, сондай-ақ мәдени және әлеуметтік феномендердің барлығынан да жасандылық сипатын (симуляция) көретін Ж.Бодрийар қазіргі кезеңді жаппай симуляция дәуірі деп есептейді. Оның пікірінше, адамдар шындықтан шынайырақ қабылданатын гипершындық әлемінде өмір сүруде. Енді әдебиетке қарай ойысып, постмодернизм бағытының амал-тәсіліне жататын симулякрді постмодернист жазушылардың қолдандану ерекшеліктеріне тоқталайық.
Симулякрдің қазақ прозасындағы қолданысын жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі мен Жүсіпбек Қорғасбектің
«Жаконданың жанары», «Өлмейтін құс» әңгімелерінен көруге болады. Мұндағы шығармалар бейне бір жаңа заманның арнайы эффектілерімен жүзеге асатын фильм сценарийі тәрізді.
Постмодернистік бағытта жазылған мәтіндер бүгін барлық аспектілерімен жаңа түр ретінде қарастырылғанымен, оның түп негізінің ерте кездегі әдебиет нұсқаларынан жібі үзілмей келе жатқан желілерін, ерекшеліктерін талдау
барысында анықтауға болады. Миф, эпос, ертегі, аңыз-әпсаналар сияқты түрлердің постмодернистік романдарда жиі кездесіп отыратыны да бар. Бұл үдерістің орын алуына басты себеп, әдебиеттің немесе әдеби бағыттардың жоқтан пайда болмайтыны, өзінен бұрынғы әдебиеттің заңды жалғасы екендігі. Бірақ бұл әдебиет нұсқалары сол күйінде ешбір өзгеріссіз қолданылып отыр десек, тіпті қателесеміз. Бүгінгі экспериментке бейім постмодернистік шығармада бұл әдеби түрлер пішіндік жағынан да, мазұндық жағынан да өзгеріске ұшырып, тіпті атқаратын қызметі де түбегейлі өзгеріп отыр. Осы айтып отырған тұжырымымызға Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі нақты мысал бола алады. Повесті үш түрлі уақыт пен кеңістікке бөлеміз және мұнда үш түрлі ақиқат орын алған:
А) Алғашқы оқиға әжесінің немересіне «Ер Төстік» ертегісін айтып беріп, соның әсерінен бала Қайырболды түсінде Ерназарды ұстап алып азапқа салған Бекторыны көреді. Әжесі «Құдай Бекторыны кездестіргеннен сақтасын» деп, айтып отырғаны ертегі болғанымен, пері қызының зұлымдығынан сақтандырады. Ер жетіп, есейіп Алматыдағы ресторандардың біріне жұмысқа орналасқан Қайырболды таңғажайып оқиғаға басы шырматылып, шын мәнісіндегі пері қызы Бекторының құрған торына түседі. Бекторының мекеніне шарасыздық айдап келген Қайырболды онымен арбауына түскен қисапсыз адамдардың жүректері қойылған бөлмеде алғаш танысады.
«– Бұл бөлме осылай созылып барып гиперкеңістікке, яғни шексіздікке кетеді, – деді қыз.
Қайырболды жан-жағына үрейлене қарады.
– Ал енді танысуға да болады, – Қыз жақындап келіп Қайырболдының көзіне көзін қадаған, – Мен Бекторымын» [57]. Осылайша пері қызымен танысқан ол өзінің ет жүрегін мәрмәр жүрекке ауыстырып бір-ақ аттанады. Ары қарай оның мәрмәр жүректі, әрі қиянатшыл өмірі басталады. Бақ-дәулетке масайған өмір бала күнгі тап өзінен аумайтын бүлдіршінді машинасымен қағып кеткенде кілт үзіліп, Бекторыдан өз жүрегін талап етумен және баяғы қалпына қайта оралумен аяқталады.
Ә) Екінші оқиға Сағындық Тілешовтың Бекторымен кездесуіне арналады. Бекторы оның түсіне неліктен енгенін және перілердің миссиясын түсіндіреді. Түсіндегі Бекторыны өңінде кездестірген Сағындық Қайырболдыны мейрамханаға іздеп баруымен оқиға аяқталады;
Б) «Сағындық қаламын қойып, үстелден шегініңкіреп отырды да терезеге қарады. Қалың бақтың ар жағынан Алматының ғажайып таңы атып келе жатыр еді» деп жазушының таң сібірлеп атып келе жатқанда шығармасын бітіруі үшінші оқиғаның соңы болатын.
Қайырболдының басынан кешірген оқиғалары бастапқы қиял жемісі болса, Сағындықтың пері қызы Бекторымен кездесуі бейнелетін оқиға сол қиялдың Бекторы арқылы жалғасқан симулякрі, әңгіме кейіпкері және әңгіме ішіндегі әңгіменің авторы Сағындықтың өз туындысын аяқтап отыратын тұсы, осы екеуінің де жалғандығын білдіретін тұс.
Метапрозалық сипатта жазылған повесте Т.Әсемқұлов симулякрді екі рет қолданады. Повестің басында Бекторы мен Қайырболды оқиғасы әп-сәтте ғайып болып, қазақ теледидарында тележорналшы-редактор болып қызмет атқаратын Сағындық Тілешовтің жай ғана түсі болып шығады. Осындай керемет мистикаға толы повестің шынайылық әсері жорналшы Сағындық ұйқысынан оянып, ғажайып түсіне таңданып отырғанда ғана тарқайтынын оқырман аңғарады. Яғни мұнда түске айналған фантастикалық шындық бейнеленіп отыр. Ал енді түс көріп оянған Сағындық Тілешовтың пері қызы Бекторымен кездесуі де болмаған елес. Мұндағы оқиға алғашқысынан да тартымды, алайда бұл да симулякр. Біз мұны оқиға жазушының шығармасына айналған тұста бір-ақ түсінеміз, осылайша автор оқырманымен бір емес, екі рет ойын ойнайды.
«Существует два разных способа прочтения мира. Одно призывает нас мыслить различие с точки зрения предварительного сходства или идентичности, в то время как другое призывает мыслить подобие или даже идентичность, как продукт глубокой несоизмеримости и несоответствия. Первое чтение уже изначально определяет мир копий или репрезентаций; оно устанавливает мир как изображение. Второе же чтение, в противоположность первому, определяет мир симулякра, устанавливая сам мир в качестве фантазма» [79, с. 97]. Ж.Бодрийардың симулякрге берген анықтамасы бойынша талдасақ, Қайырболдының оқиғасы негізгі ақиқат шындықтың көшірмесі болып табылады да, негізгі шындық бүркемеленіп, бұрмаланады. Сағындықпен болған оқиғада, анықтама бойынша, негізгі шындықтың жоқтығын бүркемелеп, онымен ешқандай байланысы болмау керек еді, алайда осы тұста Қайырболдымен болған оқиғаның себеп-салдары айтылып, жалпы ертегі кейіпкерін өз повесінің кейіпкеріне айналдырудағы негізгі концепциясы осы тұста ашыла түседі. Автордың алғашқыда қолданған әдісін толықтай симулякрге жатқызбағанымызбен, оның прозаға жасаған экспериментінің арқасында әдебиеттің этикалық қызметі толығымен орындалған. Егер постмодернизмнің симулякр әдісі толығымен жүзеге асар болса, повестегі Қайырболдымен болған оқиға болған-болмағаны белгісіз елес күйінде қалып, осы оқиғадан шығатын моральдік-этикалық қорытынды айтылмай қалуы тиіс еді. Мұнда автор симулякрді екі рет қолдану арқылы терең ізденіске барған. Нәтижесінде дәстүрлі әдебиеттің негізгі қызметі де сырт қалмай, повестің танымдық-тәрбиелік мәні екі симулякр арасында айтылып кетеді. Алайда айта кетерлік жай, Бекторының адамдар арасына жіберілуі оларды сынау, яғни түрлі кедергілерден адами болмысын сақтап өте алу не өте алмауын байқау дей келе, пері қызының ежелгі ертегідегі тек зұлымдық жасау қызметін басқа қырынан қарастырады. Автор осы арқылы ауыз әдебиеті мен дәстүрлі әдебиеттегі бинарлық оппозицияны жоққа шығарып отыр.
Ал екінші симулякрде Ж.Бодрийардың анықтамасында келтірілген бөлімдер түгелімен жүзеге асады. Яғни болған оқиғаның бәрі елес, ақиқат толығымен бүркемеленіп, симулякрге айналған. Осылайша эксперимент те нәтижелі шығып, жаңа үлгідегі постмодернистік шығарма жасалған.
Жүсіпбек Қорғасбек «Жаконданың жанары» әңгімесінде оқырманмен ойын симулякр әдісі арқылы жүзеге асқан. Әңгіменің «Жаконданың жанары» аталуы аты әлемге әйгілі картинаға жанама қатысы болғанымен, мұндағы оқиғаларға өнердің де, өнер туындысының да тікелей қатысы жоқ. Әңгіменің басындағы оқиға былай өрбиді: Мюнхендегі Бавар мәшине зауытынан Жаконданың жанары түстес көлігіне қалай қол жеткізгенін әңгімелейді, қылмыстық жортуылдарда жолда қалдырмаған көлігін сөз еткенімен, негізгі оқиға Атағұлдың кісі өлтіруге тапсырыс алуына байланысты болады. Межелі жерге жеткен ол жендеті болғалы отырған адамды көлігіне отырғызып алады. Құрбанының бір кездері сүйген қызы Бағилаға дәріс берген сүйікті ұстазы екендігін таниды да, рақымшылық жасап, оны жарты жолда мәшинесінен түсіріп кетеді. Болған-біткенді сүйіктісі Бағилаға айтып, оның да асау басын идіреді. Әңгіменің басынан бірсыдырғы баяндалып келе жатқан оқиғаға оқырманын сендірді. Оқиғаның бұл нұсқасы тек кейіпкердің қиялында ғана жүзеге асқанын оқырман әңгіменің соңында ғана біледі. Шығарманың соңында жол көлік апатына ұшыраған Атағұлдың жантәсілім етер сәтінде көз алдынан күні бойғы оқиғалар (құрбанын қалай кездестіргені, аяусыз көлігінен түсіріп, жүрелетіп отырғызып қақ маңдайдан атып тастағаны) зулап өте шығады. Оқырманның қиялындағы әлем қирап, бастапқы нұсқа жоққа шығарылды. Кейіпкердің Бағилаға деген елжірек сезімдері, ол үшін қылмыстық жолдан бас тартып құрбандыққа баруы, қимас мүлігі саналатын фазендасын махаббатының белгісі ретінде сыйға тартуы, барлығы да жалған. Ақиқатында ешкім үшін де жүрегі жібімеген, қатыгез дүлей, дүниеқұмар қалпында өмірден озады. Дәл осы тәрізді тәжірибені орыс жазушысы В.В. Пелевин «Ника», «Зигмунд в кафе» әңгімелерінде қолданған. Екі авторға ортақ тәсілдің ұқсастығы жалған психологизмнің орын алуында. «Зигмунд в кафе» әңгімесінде кафе қожайындары, қызметкерлері және келген қонақтардың әрекетін егжей- тегжейлі бақылап отырған Зигмундты есіміне қарап атақты психоаналитик Зигмунд Фрейд жөніндегі әңгімені оқып отырмын деген ойдағы оқырман, әңгіменің соңында оның тотықұс екендігін біледі. «Ника» әңгімесінде кейіпкер оқиғаның басынан аяғына дейін Ника мен өзінің екеуара сезімдерін бірінші жақтан баяндайды. Жүрегі жаралы кейіпкердің махаббат оқиғасына иланған оқырман өзінің автор құрған ойынның тұзағына түскенін, Ника әйел заты емес, мысық боп шыққанда ғана түсінеді.
Ж.Бодрийярдың теориясына сүйенсек: Скрывать значит делать вид, что не имеешь того, что есть на самом деле. Симулировать значит делать вид, что имеешь то, чего нет на самом деле. Одно отсылает к присутствию, другое – к отсутствию [79, с. 18], – дейді. Бұл тұста оқырманға сол оқиғаның басына келіп қайтадан шын мәнісіндегі оқиғаның өрбуіне баға беруге тура келеді. Бірінші оқиғаның барысы арқылы оқырманның санасында қалыптасқан психологиялық портрет, шын мәніндегі кейіпкердің болмысымен үйлеспейді, яғни кейіпкер жендет болып шығады. Ж.Делездің пайымдауы бойынша адам баласы тумысынан симулякр. Ол Құдайдың өзіне ұқсас, әрі бейнелес етіп жаратқан адам баласының алғашқы күнәні жасауынан-ақ, өзінің құдайлық бейнесін
сақтағанымен, құдайлық болмысын жоғалтқандығын айта келе: «Мы становимся симулякром. Мы отказываемся от морального существования ради того, чтобы войти в стадию эстетического существования. Эта отсылка к катехизису особенно ярко показывает демонический характер симулякра.
Без сомнения, он производит эффект подобия, но здесь возникает скорее воздействие целого, которое целиком и полностью является внешним, которое образовано совсем не теми средствами, которые задействованы внутри модели» [2, с. 94], – дейді. Біз Ж.Делездің «Ескі өсиетті» негізге ала отырып, симулякрдің сайтани сипаты болатындығы жайлы жасаған ой қорытындысымен келісеміз. Атағұл шын мәнінде нағыз адам жасайтын іс әрекетті тек қиялында ғана жүзеге асырып, өзінің адами болмысынан аттап кетеді. Адам аты бар, бірақ болмысы жендет кейіпкер симулякрге айналған.
«Жаконданың жанары» әңгімесі мен жоғарыдағы Т.Әсемқұловтың
«Бекторының қазынасы» повесі ойын тәсілі арқылы кино өнеріне бір табан жақындай түскен. Екі шығарманың бірі – қылмыстық әрекетке (экшн), бірі – мистикаға негізделген киноға сұранып тұрған дүниелер. Шетелдік туындылардың көпшілігі киноға бағытталып жазылатындығына назар аударсақ, авторлардың бастапқы ниетінде осындай идеялар болуы мүмкін деп болжауға болады. Біздің бұл ойымыз болжам ғана болғанымен, қазақ жазушыларының киноға негізделген шығарма тудыра алуының айқын мүмкіндіктерін осы туындылар арқылы көріп отырмыз.
«Өлмейтін құс» әңгімесінде автор бұл тәсілді жетілдіре түсіп, қосарлы симулякр әдісін пайдаланады. Әңгіме үш оқиға қабатынан тұрады. Бірінші оқиға – әңгіменің басында Үрмет шал, Бағиза кемпір, олардың немересі Сардардың сарыала құстарды алғаш кезіктіруі және алдындағысын талғамай жей беретін құстардың ақ қаншықтың күшігін жеп қоюымен бітетін оқиға.
Екінші оқиға – сол сарыала құстар туралы түс көріп, шошып оянатын Үрмет шал туралы оқиға. Мұнда кейіпкердің түсіне сол сарыала құстар кіреді:
«Ақ қаншық жаңа күшіктеп жатыр екен дейді. Бірінші сол қарала күшік туыпты. Сарыала құстар оны бас салып жеп қойыпты. Одан соң ақ қаншық тағы бір аппақ күшігін өмірге әкепті. Ол байқұс көзін ашар-ашпаста тағы да сарыала құстарға жем болыпты. Үшінші туған ақ күшікті де бұтын бұт, қолын қол ғып жан-жаққа жұлмалап талап жатыр екен дейді. Со замат ақ қаншық тағы да бір аппақ күшік туыпты да, сарыала құстардан бұрын өзі бір қауып тістеп, толғап- толғап қылғып қайыра жұтып салыпты. Құстарға жем болғанша ішімде жатсын дегені болуы керек.
Үрмет шошып оянып, бірден мылтығына жармасты» [80, б. 27].
Үшінші оқиға – Үрмет шалдың ауырып, дүние салуы. Шығарманың соңында мынадай жолдар бар: «Сарыала құстар содан қайтып келген жоқ. Үрмет шалдың айтқан әңгімесіне де ешкім сенген жоқ. Сардар да атасының сөзін расқа шығаратындай ештеңе айтқан жоқ». Сонымен мұндағы алғашқы сарыала құстармен болған оқиға жалған, онымен байланысты Үрмет шалдың көрген түсі де жалған болып шығады.
Мұндағы шын мәнісінде рас нәрсе – құсадан жан тапсырған Үрмет шалдың жалғыз ұлының әкесіне топырақ салуға келмеуі. Бұл шығармада постмодернизмнің тек симулякр әдісіне ғана тәжірибе жасалғанмен, негізгі шындықты толықтай бүркемелей алмайды. Ж.Бодрийар «таза симулякр» дәрежесіне жету үшін образдың төмендегі:
«он является отражением базовой реальности; он маскирует и искажает базовую реальность; он маскирует отсутствие базовой реальности;
он не имеет никакого отношения к какой-либо реальности:
он является своим собственным чистым симулякром» [79, с. 23] – деген бес кезеңнен өтуі тиісті екендігін айтады.
Әңгіменің соңында автор «Өйткені, сарыала құстар туралы әңгіме өтірік болғанымен, әкесі өлгенде баласының келмей қалғаны рас болатын» деп алдымен берген жалған оқиғаларға соңғы оқиғаның қатысы барлығын білдіріп қояды. Бұл оқиғаларды жалғастырып тұрған желі тек Үрмет пен Бағиза ұлының оқиғасы. Оқиғаның бірінші қабатында: Күшікті жеп қойған құсты өлгеніне қарамастан төмпештеп ұрған кемпіріне:
– Сен қақпас, мендегі өшіңді құстан алайын деген екенсің, әттегене, – деді Үрмет шал кешегі бір болған оқиғаны еске сала.
Ел аузында аты дырдай болып жүрген жалғыз ұл Алматыға концерт қойып келген орыстың бір әнші қызының соңынан еріп кеткелі жыл өткен. Өсек енді басыла бергенде, әлгі қар Алматыға тағы келіпті, мұның жалғызын кирелеңдетіп билетіп қойыпты. Өмірі қол көтеріп көрмеген еді, осы жолы жалғыз ұлды іздемедің деп бәле салған кемпірінің басына әңгіртаяқ орнатты [80, б. 25] – делінген тұстарда осы байланыс аңғарылады. Жоғарыдағы бес кезеңнің бесінші кезеңі жарым-жартылай жүзеге аспай қалған. Әке-шешесін, әйел-баласын тастап, әртіс болып, басқа әйелдің жетегінде кеткен ұлының күйігі себебінен болған шалдың психологиялық ауытқулары екендігін автор айтпаса да, барлығын жасырын ұстамай, соңғы сөйлем жіптің бір ұшын оқырманына ұстатады. «Постмодернизм, или эстетика симулякра, отличается внешней «сделанностью», поверхностным конструированием непрозрачного, самоочевидного артефакта, лишенного отражительной функции; количественными критериями оценки; антииерархичности. В ее центре – объект, а не субъект, избыток вторичного, а не уникальность оригинального» [81, с. 62], – деген талапқа сай мәтін бірнеше рет қайта құрастырылып, Үрмет шалдың фантазмдары (шынымен болғандай, басынан өткергендей етіп, ойлап шығарған оқиғалары) арқылы мәтін тұтастығы бұзылады. Дегенмен авторлық ойын толығымен симулякр ережесіне сәйкес болмаса да, қалыбын (формасы) қазақ прозасына өлшеп көру жағынан ізденістің бар екенін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет