Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


Мәтін тұтастығына жасалған ирония немесе постмодернистік дискурс



бет26/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Мәтін тұтастығына жасалған ирония немесе постмодернистік дискурс


Дағдарыстар кезеңі адам баласының өміріне ғана емес, оның өнердегі бейнеленуіне елеулі із қалдырары заңдылық. Өнер, әдебиет және т.б. жалпы алғанда мәдениеттегі парадигмалар ауысымының өзі де ірілі-ұсақты дағдарыстар әсерінен туындап жатады. Парадигмалардың ауысу үдерісі өзге тарауларда сөз еткен авторлар Т.Әсемқұлов, Ә.Байбол т.б. шығармаларында әлсіз көрініс берсе, Д.Нақыповтың «От орны», А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» шығармаларында кешенді түрде бой көрсеткен. Біз назар аударатын мәселе классикадан бас тартып, түрлі тәжірибелерді жат көрмейтін, постмодернистік бағытқа бой ұрған аталмыш авторлар шығармашылығында орын алған түрлі құбылыстардың мәнін ұғыну болып табылады.
Жоғарыда аталған авторлар классикалық шығармалардағы мәтін тұтастығын бұза отырып ирониямен қайта пайымдауды ең алдымен дискурстар, жанрлар, стильдер т.б. шекараларын ашумен жүзеге асырды. Лесли Фидлер
«Playboy» журналына жариялаған «Шекараларды бұзыңдар, бос орынды (кемшілікті) толтырыңдар» (Cross the Border – Close the Gap (1972)) деген тақырыптағы мақаласында постмодернизмнің осы ерекшелігі туралы егжей- тегжейлі баяндайды. Мұнда мақала авторы интеллектуалды мәтін мен жалпы бұхаралық мәтіндер арасындағы шекараны бұзуды постмодернизмнің басты белгілеріне жатқызып, нәтижесінде оқырман мен қаламгердің арасындағы қашықтық қысқара түсетіндігін, әрі шығармашылықтың да көкжиегі кеңейе түсетіндігін айтады [98]. Дегенмен жазушылар, мақала авторының тілге тиек еткеніндей, «шекараларды» бұзу арқылы автор мен оқырман арасын теңестіруді ғана мақсат тұтты десек қателескен боламыз. Бұл туралы А.Жақсылықов: «Мои произведения относят то к модернизму, то к постмодерну, вы же сочли, что это неореализм. Мне трудно подтвердить какую-либо из этих точек зрения. По той простой причине, что оглядки автора на какой-либо метод просто не было. Было одно – желание уйти подальше от того, что принято называть реализмом, особенно в нашей литературе. Мне казалось, что это не реализм, а бескрылая описательность, безнадежный стереотип и шаблон» [99], – деп тетралогиясында әдебиеттің дәстүрлі принциптерінен бас тарту себебін бұрынғы таптаурын соқпақпен жүруді емес, соны сүрлеуге түсуді басты ұстаным етіп алғандығымен түсіндіреді. Автордың романында қандай да бір жаңа әдістер кездесіп отырғанымен, белгілі қалыпқа, пішінге лайықтап жазайын немесе белгілі измдердің аясында жазайын деген ниеті болмағаны анық. Осы секілді өзге елдерде де постмодернизм бағытының өкілі деп сыншылар тарапынан баға берілген жазушылар да арнайы даярлықпен келмегенін айтады. Оған дәлел ретінде Американдық постмодернизмнің белгілі өкілі «Қақпан-22» (“Catch-22”) романының авторы Джозеф Хеллердің cоғысқа қарсы және мемлекетке қарсы көңіл-күй екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдерде, әсіресе Кореядағы соғыстан кейін адамдарда барлық нәрсеге деген сенімнің жоғалғандығын және бұл наразылық, беймаза, дүдәмал күй роман тұтастығының бұзылуы арқылы
«Қақпан-22»-ні де қамтығандығын айтады. «Қақпан-22» құрылымы жағынан емес, романның идеологиясы жағынан коллаж ретінде жазылды... Өзім әдебиеттегі белгілі бір қозғалыстың мүшесіне айналғанымнан бейхабар едім. Мен «Қақпан-22»-ні жазып жатқан кезде, Данливи «Жігерлі адам», Джек Керуак «Жолда», Кен Кизи «Көкек ұясының үстінен ұшқанда», Томас Пинчон
«V», ал Курт Воннегут «Мысыққа арналған бесік» шығармаларын жазды. Біздің ешқайсымыз бір-бірімізді білдік деп ойламаймын. Басқаларын қайдам мен өзім ешкімді білген жоқпын. Өнердегі бағыттарды қандай күш қалыптастырса да, ол мені де басқаларын да қамтыды» [100, p. 44], – деген пікірі біз жоғарыда постмодернизмнің өкілдері деп топтастырған отандық жазушылар пікірімен үндеседі. Белгілі бір кезеңде, белгілі бір жағдайдың аясында, АҚШ және Еуропа кеңістігін мысалға алатын болсақ, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі көңіл-күй, әлем-хаос, одан мағына іздеудің өзі әурешілік деген ойдың туындауына және оны жеткізуде модернистік деп аталатын бағыттың ескіргендігі анықталып, түрлі эксперименттерге негізделген шығармалардың пайда бола бастауына, батыстық әдебиетте постмодернизм деген бағыттың қалыптасуына алып келсе, қазақ әдебиетінде де осы үдерісті бастан кешіргенін байқаймыз. Біздің әдебиеттегі басты айырмашылық реализмнің қалыптасқан қағидаларынан, әдістерінен, бір сарындылықтан арылуға ұмтылу болып табылады. Осы орайда Д.Амантай: «Сейчас стирается грань между публицистикой и литературой, между литературой и сенсационными газетными статьями. Жаль, что многие книги превращаются в однодневки. Казахская письменная проза, очень много перенявшая у русской литературы, начала развиваться в начале ХХ века. Благодаря Мухтару Ауэзову мы сделали большой прорыв. Неоценим вклад писателя мирового масштаба, большого стилиста Габита Мусрепова. Сегодня сохранились литературные нормы, лексика, художественные приемы и методы, которые были большими доминантами в написании прозы 60-х годов. И чем больше ты соответствуешь той первой классике казахской литературы, тем ты считаешься более талантливым. Так у нас понимают казахскую литературу. Такой подход очень ограничен. Нужно, чтобы каждое поколение вносило что-то новое и даже порой отрицало предыдущие направления в литературе. Таким образом литература развивается, становится разноплановой [101], – деп әдебиеттің бүгінін өткенімен өлшеуге болмайтындығын айтады. Әдебиеттің жаңа буын өкілдері де өзіндік қолтаңбасымен, қосқан үлесімен ерекшеленуі тиістігін сөз етеді. Осы арқылы автор өз романының бейклассикалық сипатын түсіндіруге тырысады. Қаламгердің «Гүлдер мен кітаптарының» А.Жақсылықов романынан айырмашылығы шын мәнінде нақты осы бағытта жазуға ұмтылысымен ерекшеленеді. Бұл романдардың жазылуына пост-кеңестік кезеңде мемлекеттегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, рухани, сондай-ақ әдебиеттегі дағдарыс әсері болды деcек те, «Гүлдер мен кітаптардың» батыстық жазушы-философтар шығармаларынан үлгі алудан туған шығарма деуге де негіз бар [52, p. 34-36]. Жоғарыда келтірілген пікірлерінде жазушылар өз туындыларындағы түрлі тәжірибелердің себебін авторлық көзқарас тұрғысынан жалпылай түсіндіріп
берсе, біз әрбір ерекшелігін, атап айтқанда авторлар шығармашылығында кездесетін сананың өзгерген күйінің және метапрозаның постмодернистік дискурстегі орнын жеке-жеке қарастыратын боламыз.
Постмодернистік дискурстың бір белгісі, жоғарыда атап өткендей, құрамында бірнеше дискурстың кездесе беруі. Мәтіндегі құрылымның бұзылуына тікелей әсер ететін, әрі постмодернистік шығармаларда жиі қолданылатын психоделикалық дискурс адам санасының өзгерген күйі (СӨК) арқылы қол жеткізілетін өнердегі жасанды немесе виртуалды реалдылық постмодернизм теориясының бір қыры деп есептеуге болады. Біз қарастырғалы отырған авторлар шығармаларында психоделикалық дискурстың бірнеше түрі қолданылған. Өнердегі кез келген есірткілер мен алкогольді ішімдіктерге масаю, компьютердің ықпалы, гипноз немесе наркоз әсері, діни жоралғылар, психотроптық дәрілер мен өсімдіктер арқылы пайда болған СӨК психоделикалық әдебиетті немесе психоделикалық дискурсты туындатса, соның бірнеше түрін А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» трилогиясында, Д.Нақыповтың «От орны», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдарынан кездестіруге болады. Шығармалардағы психоделикалық дискурстың постмодернизммен тоғысатын тұсы оның уақыт пен уақыттың, кеңістік пен кеңістіктің арасындағы санадан тысқары қыдырыстар, соның нәтижесінде болатын мәтіндегі тұтастықтың жойылуы, құрылымның бұзылысы болып табылады. Роман кейіпкеріне диагноз қою біздің құзіретімізге кірмесе де (бұл көркем шығармадағы бейне болғандықтан мүмкін емес дүние), СӨК ең алдымен тілде көрініс беретін болғандықтан, дискурстың көркем мәтіндегі қызметін тереңірек көрсету мақсатында, оның себеп- салдарына да орын беріп, осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін назарға алып отырамыз.
Тұтастықтан қашқан авторлар романдары түрлі дискурстардың жиынтығынан тұратын синтетикалық құрылымды құрайды. Жоғарыда аталған үш роман да белгіленген құбылысты объективті терістеу және оның салдарынан жаңасын жарату, жасау, құрау қатар жүретін үдеріске негізделген. Үш автордың шығармаларынан постмодернистік дискурс аясындағы құрылым бұзушылық тәсілдеріне келгенде ортақ ұқсастықтарды да, айырмашылықтарды да кездестіресіз. Үш роман кейіпкерлері – қоғамда да, отбасында да өзін жалғыз сезінетін өзіндік орнын таппаған, шынайы өмірден алыстап, саяқ жүргенді жаны қалайтын жандар. Көбіне-көп өздері өмір сүріп отырған қоғамнан әр түрлі себептермен шеттеп қалғандар мен шеттетілгендердің ішкі әлемі сыртқы әлеммен үйлеспеуі, өзін қоршаған орта және адамдармен ой-пікірінің қабыспауы кереғар сезімдер тудырады. Үш романға ортақ кейіпкерлер типтерінің нарративтері аталмыш романдарға ортақ қасиет (Ф.Гваттари мен Ж.Делез ғылыми айналымға ендірген) шизофрениялық дискурсты туындатады. Осы орайда Ж.Делез бен Ф.Гваттаридің (Ж.Лаканның структуралық психоанализіне қарсы қоя отырып жазылған постмодернизм эстетикасының қалыптасуындағы елеулі кезеңді қамтитын) «Анти Эдип» еңбегінде кездесетін шизофренияның психиатриалық жағы да қарастырылғанымен, әлеуметтік-саяси
ұғымдық мәні басым екендігін айта кеткеніміз жөн. Ғалымдардың еңбегіндегі талдауға негіз етіп алған А.Арто, С.Беккет, Ф.Кафка кейіпкерлері, яғни «шизо»
– нақты психикалық науқас емес, капиталистік қоғамды жат көретін және
«тілек өндірісінің» табиғи заңдылықтарымен өмір сүретін адам. «Ант ұрғандардың түстері», «Гүлдер мен кітаптар», «От орны» романдарындағы кейіпкерлер типтерінің аталған бейнелермен сәйкестігіне қоса, құрылым бұзылымның түрлі деңгейлеріне негізделген мәтін нарративінің табиғаты осы шығармалардың бір қырын шизофрениялық дискурс аясында қарастыруымызға басты себептердің бірі болып отыр. Ж.Делез бен Ф.Гваттари Ж.Лаканның бейсананың психонанализдік талдау барысында белгілі мағынаға саятын символдармен бейнелеуді дұрыс тауып, оны символдармен ғана шектеп қоюына қарсы болған ғалымдар көркем мәтінді реализммен тұсаулау автордың шығармашылық әлеуетін толық паш етуге деген кедергі деп біледі. Олардың тұжырымы бойынша шизоанализде бейсана таңбалар арқылы берілгенімен бұл таңбалардың белгіленген мәні жоқ, яғни көп мағыналы дейді. Романдардың алогизмге, абстракцияға құрылуы, сөз бен әрекеттің, уақыт пен кеңістіктің үйлесім таппауы, кейіпкерлердің өз тәнін өзге бір зат ретінде сезінуі сынды тәжірибелер Ж.Делез бен Ф.Гваттари ғылыми айналымға енгізген шизо- машинаның осы аталған сипатының өнердегі баламаларына жатады. Үш автордың да шығармашылығы интертекстуалдық орайда мәтін ішіне ендірілген мәтіндер, түрлі стильдік оралым, жанрлар т.б. тәсілдерге жүгінуімен ерекшеленеді.
Ал Д.Нақыпов пен А.Жақсылықовтың Д.Амантай шығармаларынан айырмашылығы – бұл жазушылардың романдарында психоделикалық дискурстың шизофрениялық дискурстан өзге түрлерінің үлесі басым.
Біз үшін ең бастысы психоделикалық дискурстың, оның ішінде нақты осы шығармаларға тән шизофрениялық дискурстың – тілі, яғни кейіпкердің СӨК- тің хатқа түскендегі ерекшелігі – «қалай жазылды?», «дәстүрлі баяндау түрлерінен өзгешелігі неде?», «мәтін тұтастығына жасалған ирония немесе қайта құрылымдау (деконструкция) қалай жүзеге асты?» деген сұрақтарға жауап іздеу. Д.Нақыповтың «От орны», А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдары құрылым бұзушылықтың бір-біріне кейде өте жақын, кейде мүлде ұқсамайтын мәнерлеріне құрылғанымен, түпкі мақсат мәтінді ойнатуға, әрі мәтін тұтастығын әдейілеп бұзу арқылы белгілі дәрежеде иронияға негізделген деуге болады. Оқырман назарының жіті болуын, мәтінді мұқият оқуын талап ететін мәтінмен ойын әдісі ондағы оқиғалардың қиындыларын бір-бірімен дұрыс байланыстырып жалғауда оқырманының жүйкесіне күш түсіреді. Алайда жазушылардың осы жазу мәнерін қабылдаған оқырманның, әлбетте, көңілі хош болары анық. Авторлар өздері таңдап алған кейіпкерлерінің ішкі күйзелісі мен психикалық ауытқуларының тілдегі көрінісін лингвистикалық ойындар арқылы беріп отырады. Мұндай тәсілдерді олар постмодернистік нарративті үйлестіру мақсатында қолданған. Мұнда мәтін түзілісінің бұзылуынан өзге сөйлем құрылымының, тіпті сөздің орфографиялық рәсімделуінің бұзылысына да куә
боламыз. Осыған байланысты Ж.Делез «Сын мен клиника» («Critique et clinique») атты еңбегінде жасалған әдебиеттің тұжырымдамасы мәселені айқынырақ түсінуге мүмкіндік береді. Онда ол әдебиеттің мәлімет жеткізуге, хабарлауға емес, өндіріске қатыстылығын алға тарта отырып, оны шизофренияға теңейді. Сонымен қатар әдеби стиль – бұл стильдің жоқтығы, бейсинтаксистік және бейграмматикалылық; тіл айтылып отырған мәселемен емес, таза тілекпен айқындалады дегенді айтады [102, с. 101]. Постмодернизмнің дискурс ретіндегі басты ерекшеліктеріне барлау жасаған Б.Нұржанов постмодернизм мен постмодернистік эстетиканың басты ұғымы
«мәтін» (одан туындап жататын «мәнмәтін», «интертекст», «гипертекст») екендігін алға тарта отырып, мұндай мәтіндерге талдау жасаудың әдістемесі көп ретте семиотикалық талдауға жүгінетіндігіне тоқталады. Өнердің бұл түрінің өзіндік ережелері (классикалық шығармалардан бөлек), грамматикасы, синтаксисі мен таңбалау жүйесі т.б. жасырын алғы шарттары барлығын айта келе, мұндай шығармаларды талдаудың бағыттарына жарық түсіріп, жол көрсетсе [103, с. 34], постмодернизмнің осы секілді ерекшеліктерін голланд ғалымы Д.Фоккема нонселекция қағидасы аясында қарастырады. Ғалым кез келген әлеуметтік немесе табиғи иерархияны терістеу постмодернистік қабылдаудың басты белгісі екендігін алға тарта келе, барлық постмодернистік мәтіндердің құрылымдануы мен формалық түзіліміне негіз болған нониерарахия қағидасын ұсынады. Д.Фоккема постмодернистік мәтіндерге тән үш негізгі ерекшелікті атап өтеді [104, p. 38]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет