Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет32/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
//кен қосымшалары қане // кене шылауларынан туындайды [179, 359 б.]. Тіліміздің сөздік қорынан ботаның əдемілігіне байланысты туған, сұлулықты бейнелейтін бота көзді боз жігіт, бота көз ару, аяқты маймақ басып, былқ- сылқ еткен əлжуаз қайратсыз жас баланың болмысын суреттеу үшін бота тірсек боз бала деген сияқты тұрақты тіркестерді кездестіруге болады. Одан бөлек ескерткіш тілінде жалпытүркілік бота лексемасынан бөлек torum лексемасын кездестіреміз [10, T.1, 455 б.]. Аталмыш лексема қазіргі қазақ тіліндегі тоқты-торым деген қос сөздің құрамынан көруге болады. Тоқты алты айлық қозының атауы болса, торым түйе баласының бір жастан кейінгісін білдіреді.
Еті мен сүті азыққа, терісі мен жүні əртүрлі тұрмыс қажетіндегі бұйымдарды жасауға, шөлге төзімді болғандықтан, мініске пайдаланылатын, иесінің дəулеттілігінің белгісі ретіндегі, қазақтың төрт түлігінің ішіндегі ең ірісі түйеге байланысты мақал-мəтелдер М.Қашқари жəдігерінде көптеп көрініс тапқан. Түйенің асқан күштілігін білдіретін Tewi yük kötürse kamıš yeme kötürür
«Түйе жүкті көтерсе, шөмішті де көтерер» [10, T.2, 92 б.], үлкеннің шəкірті бола тұрып, өзін зор тұтатын адамға қаратып айтылған Tewey bedük erse mayakı bedük ermes «Түйе үлкен болса да, құмалағы үлкен емес» [10, T.3, 230 б.], жария болған істі жасырып-жаппақшы болғандарға қаратып айтылған Tewey münüp koy ara yašmas «Түйе мініп қой арасына жасырынбас» [10, T.3, 84 б.], өз мінін көрмей, басқаның мінін тергіш ғайбатшыларға тəлім үшін айтылған Yılan kendü egrisin bilmes tewi boynın egriter «Жылан өзінің иректігін білмес, түйе мойнын ирек дейді» сынды мақалдарды кездестіруге болады [10, T.1, 156 б.]. Жалпы алғанда қазақ түсінігінде түйе күштіліктің белгісі. Осыған байланысты
мықтылықты, күштілікті айтқысы келсе «нар жолында жүк қалмас», «нар атандай екен», «жүк ауырын нар көтерер, сөз ауырын ер көтерер», күрескенін жығатын, еңгезердей денесі ірі күшті адамды «түйе балуан» дейді. «Жығылсаң нардан жығыл», «жар басында жантақты жаннан кешкен нар жейді» фразеологизмдері ерлікті, қайсарлықты, батырлықты білдірсе, «түйені түгімен жұту» тұрақты сөз тіркесі - жебір, жемқор, парақор мағынасында жұмсалады. Икемсіз, епсіз, болбыр кісі туралы «түйе үстінен сирақ үйітті» десе, дөрекі, ерсі сөйлейтін адамға байланысты «сөзі түйеден түскендей» деп, ал молшылықтан қарық болған кезде «Ақ түйенің қарны жарылды» дейді.
«Диуани лұғат-ит-түрік» тіліндегі түйе малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени сипаты орта ғасырлық түркілер танымындағы түйенің маңыздылығын көрсетеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет