Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


«ТӨРТ ТҮЛІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОЛИНГВОМӘДЕНИ



бет2/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
«ТӨРТ ТҮЛІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОЛИНГВОМӘДЕНИ

МАЗМҰНЫ 75

    1. Жылқы малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени сипаты… 78

    2. Түйе малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени көрінісі 89

    3. Сиыр малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени сипаты. 94

    4. Уақ малға қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени көрінісі 98

ҚОРЫТЫНДЫ 106
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 108

КІРІСПЕ




Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ел тəуелсіздігі – халқымыздың сан ғасырлық асыл арманы, қасиетті құндылығы, баға жетпес байлығы. Еліміз етек жеңін жинап, егемен ел болғалы бері ақпараттық технология кең қанат жайып, жаhандану үдерісі үстемдік еткен қазіргі замандағы əлемдік кеңістікте өзіне лайықты орын алып, маңызды стратегиялық міндеттерді алдына қойып жəне оларды оңтайлы шеше білді.
Елбасы Н.Ə.Назарбаев түркологиялық зерттеулердің маңызын «Түркі өркениетінің текті де терең тамырлы тарихы мен төлтума мəдениетін биік парасат үдесінен терең таразылаудың, оны кейінгі ұрпақтың сана-сезіміне сіңірудің, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін тарихының барлығына, яғни кемел келешегінің барына деген сенімді дарытудың, сол арқылы отаншылдық сезімін тəрбиелеудің біз үшін маңызы да, мəні де ерекше» [1] деп, атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда тамыры терең түркі өркениетін жаңғырту жолында, түбі бір түркі халықтарының өткен тарихы, тілі, əдебиеті, мəдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық діни наным сенімдері мен материалдық құндылықтарынан хабар беретін жазба ескерткіштерді қай қырынан болмасын зерттеп, зерделеу маңыздылығын жоғалтпайды. Сол себепті тек қазақ қана емес бүкіл түркі халықтарының ортақ мұрасы болып табылатын М.Қашқаридың
«Диуани лұғат-ит-түрік» шығармасы тілін антропоөзектік тұрғыдан саралап, орта ғасырлық түркілердің дүниетанымы мен болмысын танытатын тілдік бірліктердің этномəдени мазмұнын ашу, халықтың жадында сақталып бүгінгі күнге жеткен салт-дəстүр, тұрмыс-тіршілік, мəдениетін сипаттайтын тілдік бірліктердің этнолингвотанымдық мазмұнын анықтау маңызды міндеттердің қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет