Осы диссертацияда тиісті анықтамалары бар төмендегідей терминдер қолданылады.
Кәсіби стандарт (КС) – стандарт, нақтылы сала бағытында кәсіби қызметке, еңбек шарттары мен біліктілік дәрежесіне, құзыреттілік деңгейіне, мазмұн немесе сапаға қойылатын талаптар [9].
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі [12, Б.5].
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі [12, Б.5].
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі [12, Б.5].
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі [12, Б.6].
Басқару – әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат – мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі [13,Б.164].
Құзыреттілік – білім алушының белгілі бір саладағы сапалы да нәтижелі қызметі үшін қажетті білім дайындығына қойылатын әлеуметтік талап (норма). Құзыреттілік - оқушының қызмет бағыты бойынша жеке көзқарасын қамтитын қажетті құзыреттілікке ие болуы [14].
Басқарушылық құзыреттілік -педагог қызметінің барлық құрамдастарына (мақсаттарына, принциптеріне, мазмұнына, технологияларына және т.б.) сәйкес білім алушыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру үшін қажетті ішкі ресурстар жүйесі [15].
Мұғалім имиджі – өзара байланысты компоненттердің құрылымдық жиынтығы: ішкі (білім, білік, қабілет, көзқарас, құндылық, өзін-өзі бағалау, өзіндік тұжырымдама), сыртқы (габитарлы, вербалды, кинетикалық, экологиялық және материалдандырылған элементтер) және процессуалдық (басшылық стилі және қарым-қатынас стилі) [16].
Дене мәдениеті – бұл адамның денелік жетілуі үшін қоғамда арнайы жасалған материалдық және рухани құндылықтар негізінде құрылған оңтайлы қозғалыс белсенділігі болып табылатын мәдениеттің бір түрі [17].
Педагогикалық модельдеу – қолданыстағы педагогикалық жүйенің мақсатқа жету үшін стандарт ретінде және оған қол жеткізу құралы ретінде арнайы құрылған объектідегі көрінісі деп түсіндіреді. Педагогикалық модельдеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады [18].
Жаңартылған білім беру мазмұны – орта мектептің білім бағдарламасында 21 ғасырдың сапалары мен дағдылары ескеріледі: сыни
ойлау, ғылыми-зерттеу дағдысы, функционалды сауаттылық, IT пайдалану дағдылары [19].
Болашақ дене мәдениеті және спорт маманының басқарушылық құзыреттілігі – кәсіби құзыреттіліктің ерекше түрін атайды: ол - дене мәдениеті және спорт саласындағы маманның өлшенетін сипаттамаларының жиынтығы. Бұл маманға нарықтық экономиканың бәсекелестік ортасында кәсіби қызметте тиімді болуға мүмкіндік береді. Адамды кез-келген деңгейдегі көшбасшы ретінде анықтайтын сипаттамалар тек кәсіби және басқарушылық білім, дағдылар ғана емес, сонымен қатар басқарушылық қызметте көрінетін мотивация, сендіру, психофизиологиялық ерекшеліктер сияқты жеке қасиеттер болып табылады [20].
Достарыңызбен бөлісу: |