Зерттеукезеңдері. Зерттеу 2017-2020 жылдары жүргізілді және шартты түрде төмендегідей кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең(2017-2018 жж.) диагностикалық – қойылған мәселенің өзектілігін негіздеу кезеңі. Бұл кезеңдегі зерттеулер білім беру жүйесі аясында нақты іске асыра отырып, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған көзқарастар мен тәсілдердің арақатынасының объективті көрінісін анықтауға бағытталды. Сонымен бірге философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларда «басқару», «құзыреттілік», «білім берудегі басқару», «болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен мазмұнын контент- талдау әдісі арқылы теориялық зерттеу жүргізілді.