Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАСҚАРУ- ШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет25/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАСҚАРУ- ШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерделену ахуалы

Бұл параграфта біз болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерделену жай-күйін саралауға тырыстық.

Ғылыми әдебиеттерді талдау басқару мәселесімен информатика, құқықтану, философия, психология, педагогика, экономика, әлеуметтану және т.с.с. көптеген ғылымдардың айналысатынын көрсетті.

«Басқару» ұғымы ғылыми білімнің әртүрлі салаларында және адам қызметінің барлық бағытында қолданылатындықтан, бұл өз кезегінде осы басқару түсінігін айқындауға деген көзқарастардың алуан түрлілігінің негізі боп табылып отыр.

Менеджмент теориясында басқару көбінесе басқару практикасында пайда болатын нақты жағдай тұрғысынан зерттеледі, яғни басқару өнері ретінде қарастырылады. Экономистер басқаруды мейлінше аз өндірістік шығындармен экономикалық нәтиже алу әдісі ретінде түсіндіруге бейім. Заңгерлер басқаруды заңдар мен әкімшілік ықпал арқылы мемлекеттік құқықтық реттеу ретінде қарастырады. Саясаттану басқаруды саяси әдістермен мемлекет тарапынан қоғамға әсер ету деп түсінеді.

Классикалық менеджмент және басқару мектебінің негізін қалаушы болып Фредерик Уинслоу Тейлор саналатынын атап өткен жөн [22].

Тейлорға дейін еңбек өнімділігін арттырудың қозғалтқышы ретінде

«зімбір» қағидасы қолданылды - сіз қанша істесеңіз, сонша аласыз. Алайда, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бұл тәсіл өзін-өзі сарқып, тиімділігін жоғалтты.

1960 жылы Дуглас Макгрегор (американдық менеджмент теоретигі, басқару саласының маманы) жұмыс орнындағы орындаушының, яғни жұмысшының қызметін талдап, басқарушының оның әрекетін анықтайтын келесі параметрлерді басқара алатындығын анықтады:


  • бағынышты жұмысшы алатын тапсырмалар;

  • тапсырманы орындау сапасы; тапсырманы алу уақыты;

  • тапсырманы орындаудың күтілетін уақыты;

  • тапсырманы орындауға арналған құралдар;

  • бағынышты жұмысшы жұмыс істейтін орта;

  • бағынышты жұмысшының тапсырманы орындай алатындығына сенімі;

  • бағынышты жұмысшының табысты жұмыс үшін сыйақы алатындығына сенімі;

  • сыйақы мөлшері.

Дуглас Макгрегор осы факторлардың негізінде басқаруға екі түрлі тәсіл қолдануға болатындығын тұжырымдап, оларды «X» теориясы және «У» теориясы деп атады.

"X" теориясы мыналарды қамтиды:



      1. Адам о бастан жұмыс істеуді ұнатпайды және жұмыстан қашады.

      2. Адам жұмыс істегенді ұнатпайтындықтан, оны мәжбүрлеу, бақылау, жазамен қорқыту керек.

      3. Орташа адам өзін өзгелердің басқарғанын жөн көреді.

"X" теориясы биліктің айтарлықтай орталықтандырылуымен, жоғарыда аталған параметрлер бойынша қатаң бақылаумен сипатталатын басқарудың таза авторитарлық стилін бейнелейді.

«У» теориясы былай дейді:



  1. Адам үшін жұмыс ойын сияқты табиғи.

  2. Адам өзіне жүктелген мақсаттарға қызмет ете отырып, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра алады.

  3. Орташа адам жауапкершілікке ұмтылады, оның жауапкершіліктен аулақ болғысы келуі, әдетте, өткен көңіл-күйдің нәтижесі болып табылады және жоғарыдан жүргізілген нашар басшылықтан туындайды.

"У" теориясы басқарудың демократиялық стилі болып табылады және өкілеттіктерді табыстауды, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды жақсартуды көздейді [57].

Макгрегордың екі теориясы да өмір сүруге бірдей құқылы, дегенмен іс жүзінде олар таза түрде кездеспейді. Іс жүзінде, әдетте, басқару стильдері бірлестікте қолданылады. Дегенмен олар жалпы басқару теориясының дамуына қатты әсер етті. "X" теориясы мен "У" теориясы дамудың жоғары деңгейінде «қатты» мен «тәтті» теориясын қайталайды, оны басқарудағы ең көне теория деп санауға болады. Жетекшілік етудің қатаң стилі өте қолайсыз жағдайда ғана мейлінше тиімді (кейбір экономикалық жүйелер тек осындай жағдайларда жұмыс істейді), ал қолайлы ортада жұмсақ стиль қажет.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған «қатты» мен «тәтті» теориясына

тиісті түзетулер енгізіліп келеді. Әрбір фирма оларды өз жұмысының ерекшеліктеріне бейімдеп отырады.

Осы саладағы зерттеушілердің атап өтуінше, 3 факторды шебер пайдалану өнеркәсіптік өндіріс саласындағы бәсекелестіктің кепілі бола алмақ:


  1. Инновациялық процесс, жаңа өнімдер шығару.

  2. Жұмысшы персоналды тұрақты түрде қайта оқыту. (Кез-келген білім жиынтығы 5 жылдан кейін ескіріп отырады).

  3. ЭЕМ негізіндегі автоматтандырылған өндіріске бет бұру.

Қалай десек те, басқару теориясының эволюциясы адам факторына негізделетіні анық.

Американдық ғалымдар Том Питер мен Нэнси Остин өз қызметкерлеріне назар аударатын фирмалар бәсекеге қабілетті болып қана қоймай, олардың тезірек дамитынын дәлелдеді [58].

ХХ ғасырда А. Файоль жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, басқару және бақылаудан тұратын басқару функцияларын алғаш рет атап өтті. Уақыт өте келе орындалатын басқару функцияларының спектрі толықтырылды, кеңейтілді және нақтыланды [21].

«Басқару» ұғымы бастапқыда ең аз шығын арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өндіріс процесіндегі адамдардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру үшін оларға әсер етудің үздіксіз және мақсатты процесі ретінде түсінілді.

Басқару ұғымы жиі қолданылатын арнаға менеджмент теориясын, адам ресурстарын басқару, адамдар тобын басқару салаларын жатқызамыз. Ол өзінің мақсаттары мен ішкі құрылымына сай ұйымды басқарудың жалпы мәселелерін шешуге бағытталған.

«Үлкен экономикалық сөздікке» сәйкес, басқару ұйымның мақсаттарын тұжырымдау және оған қол жеткізу үшін жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау процесі қажетті болып табылады [59].

Шетелдік ғалымдар М. Мескон, Ф. Хедоури [60], Г. Минцберг [61] пен қазіргі орыс ғалымдары Е.Е. Румянцев [62], Е.Л. Драчева [63] және т.б. басқаруды процестің құрамдас бөлігі тұрғысынан анықтайды.

Басқару - кез-келген қызметтің ажырамас серігі. М.И. Трубочкина [64], М. Альберт [65], Т.Г. Морозов [66] және т.б. ғалымдар басқаруды қызмет ретінде қарастырады.

Басқару дегеніміз жүйені белгілі бір күйде ұстап тұруды немесе оны мақсатты ықпалды даярлау және жүзеге асыру арқылы ұйымды жаңа өмірлік жағдайға ауыстыруды қамтамасыз ететін процестер жиынтығы деп түсініледі. П. Друкер басқаруды ұйымдастырылмаған топты біртұтас мақсатқа ұмтылатын ұйымдасқан адамдар тобы деңгейіне жеткізетін өзіндік айрықша белгілері бар қызмет түрі ретінде қарастырады. Друкер басқаруды әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік серпілістерді туғызушы элемент деп санайды. Ол

басқаруды ең маңызды құбылыс, білімнің серпілісі деп атайды [23, С.22].

«Басқару» термині, әдетте, белгілі бір мақсатқа жету үшін басқарылатын жүйеге (немесе басқару объектісіне) белсенді ықпал ету процесіне қатысты қолданылады [67].

Басқару әртүрлі көздерде төмендегіше түсіндіріледі:



  • не істеу керектігін және оны қалай жасау керектігін білу өнері;

  • мақсатты ықпалдарды ұйымдастыру және іске асыру;

  • функция, адамдарды басқару қызметінің түрі, сондай-ақ осы функцияны жүзеге асыруға көмектесетін адам білімінің саласы.

С.Н. Тидор басқару мәнінің басқа анықтамаларын келтіреді:

  • бұл нысанды мақсатты үйлестіру;

  • бұл мақсатқа жету үшін объектіге әсер ету;

  • бұл мақсатқа жетуге бағытталған жүйе элементтерінің өзара әрекеттесуін вертикальді үйлестіру [68].

Ю.А. Конаржевский басқару ұғымын күрделі динамикалық жүйелердегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру үшін адамдар тобына мақсатты әсер ету деп қарастырады [24].

Г.М. Клочеваның сипаттауынша, басқару, ең алдымен, шешімдерді даярлауға, қойылған мақсатқа сай басқару нысанын тиісті жұмылдыруға, оны бақылауда ұстауға, реттеп отыруға, негізді ақпарат негізінде талдау мен қорытындылауға бағытталған қызмет боп есептеледі [69].

Атап айтқанда, А.А. Урбановичтің еңбектерінде басқару элемент, функция, басшылық ретінде келтіріледі [70], ал операциялар мен әсер ету процедураларының жиынтығы ретінде Р.А. Фатхутдинов еңбектерінде егжей- тегжейлі сипатталады [71].

Жоғарыда келтірілген жалпы белгілер басқарудың адам мен табиғата арасындағы өзара ақпарат алмасу үдерісі түріндегі құбылыс екендігін негіздей отырып, осы құбылыстың заңды нәтижесі ретінде туындайтын құндылықтар мен адамның қоршаған ортаға бейімделуін көрсетеді. Оған қоса аталған белгілер басқаруды осы құбылысқа қатысушылар арасындағы жекелеген қарым-қатынастар ретінде анықтай отырып, оның нәтижесі қоршаған орта мен әрекетке бірдей жүргізілетін әсер түрінде көрінетіндігін негіздейді.

Басқару - бұл еңбек бөлінісі процесінде туындаған адамның кәсіби қызметінің ерекше бір түрі. Ол адамдардың бірлескен жұмыс процесінде экономикалық заңдарды қолданудың негізгі құралы ретінде әрекет етеді. Бұл бірлескен жұмыстың ұйымдастырушылық қажеттіліктерімен ғана емес, сонымен бірге мақсатты анықтауда, оны жүзеге асыру жолдарын іздеуде және оған қол жеткізу нәтижелерін бағалауда көрінетін экономикалық заңдарды ескеру қажеттілігімен байланысты.

«Басқару» ұғымының техникалық-кибернетикалық шығу тегі бар. Бұл жүйеге екі түрлі мақсатпен ықпал ету үшін бағытталған әсер. Әсердің бірінші мақсаты басқару объектісінің кез-келген сипаттамаларын немесе параметрлерін тұрақты ұстауға байланысты. Ал аталған басқарудың бірінші және екінші мақсаттарының арасында тура қайшылық тудыратын құбылыс - олардың нәтижелері, бұл қарама-қайшылық жүйенің өзіне тән белгілері, нақтырақ айтқанда, нысан өзін қоршаған әлеммен өзара әрекетке түскенде пайда болады.

Гуманитарлық білім жүйесінде әлеуметтік басқарудың мәні туралы тәуелсіз түсінік қалыптасты, ол қарым-қатынаспен тығыз байланысты қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылады. бұл идеяны жақтаушылар арасында әлеуметтану ғылымында В.Н. Агеев [72], Т.Ю. Базаров [73], А.П. Журавлев [74], С.В. Лапин [75] секілді ғалымдар бар.

Көбінесе басқару үш типтегі объектілерге бағытталған әсер ретінде қарастырылады [76]. Оған жататындар:



  1. өзге адамға бағытталған әсер;

  2. адамдар тобына бағытталған әсер;

  3. өзіне бағытталған әсер.

Соңғы жылдары басқару термині педагогика ғылымында кең таралды.

П.И. Пидкасистый жалпылама түрде басқаруды белгілі бір жүйенің өзіне тән объективті заңдылықтарды пайдалану негізінде жүйені өзге сатыға көтеру, өзгерту мақсатында оздырылатын әсер ету үдерісі деп анықтайды. Нақтырақ айтқанда, басқару бұл ретте бір арнаға бағытталып, жұмылдырылған жүйелердің қызметі боп табылады. Аталған жүйелер құрылымының сақталуы, олардың қызмет тәртібінің бұзылмауы, бағдарламалардың жүзеге асырылуы, қойылған мақсаттарға қол жеткізілуі осы басқаруға тікелей тәуелді [77].

Нәтижеде, гуманитарлық (педагогикалық) бағыттағы білім арнасындағы басқару түсінігі басқару ықпалына тән ерекше белгілер емес, ықпал етілетін жүйеден туындайды.

В.Г. Каменская ғылыми еңбектерінде адамзат қоғамындағы басқару құбылысының айрықша мәні мен маңызы зерделенеді. Ол басқаруды бір- бірінен шартты түрде тәуелсіз боп табылатын тікелей басқару және жанама басқару деген түрлерге бөледі [78].

Әрбір тұлға өз әрекетінде адамдар тобын белгілі мақсатқа жұмылдырып, оларды ұйымдастыра алса, олармен етене тығыз өзара әрекетке түссе, олардың нәтижелі болуын өз мойнына алса, ол басқару қызметін іске асыруға қабілетті деген сөз.

Басқару құбылысындағы жұмылдыру, бағыттау сынды қырларына назар аудара отырып, «басқару» және «көшбасшылық» сияқты кеңінен қолданылатын ұғымдарды мұғалімнің педагогикалық қызметінде қолдануға болатындығын қарастыру қажет.

Осы тұжырымдамалардың түпнегізін талдау олардың бір бағытта, бір салада қолданылатындығына қарамастан, олар бірдей ұғымдар боп табылмайтындығын дәлелдейді.

Жүйені жетілдіру бағытына қарай басқару бірнеше түрге бөлінеді.

Ғалымдар, негізінен, оларды төмендегідей бағыттарға жіктейді:


  1. басқарудың басқару субъектісіне орай ерекшелігі,

  2. басқарудың негізгі бағыты бойынша ерекшеленуі,

  3. басқарудың өзге үдерістермен өзара кірігуі және орындалуы тиіс өзгерістерге басымдық беру түрі.

Басқару ұғымына тереңірек үңілсек, оның мағынасы "басшылық етуден" әлдеқайда кеңірек. Басқаруды белгілі бір мақсатта тиісті жағдайлар мен

шарттарды таңдай отырып, өзіңе жауапкершілік жүктеу деп түсінсек, ал жетекшілік етуді, керісінше, белглі міндеттерді орындау мақсатында жауапкершілікті өзгелерге жүктеу деп түсінген жөн.

Мұғалімнің кәсіби тыныс-тіршілігінде бұл ұғымдар тығыз байланысып жатады.

В.М. Шепель бұл ұғымдарды былай түсіндірді: «Басқару - бұл дегеніміз

өз мойныңа міндет алу…; «Жетекшілік ету» - бұл өзгелерге «жүктеу»…» [79]. Іс жүзінде мұғалім осы екі ұғымды өзінің кәсіби қызметінде біріктіреді.

Осылайша, мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін кәсіби құзыреттілік пен жалпы білім беру кеңістігінің басым бөлігі ретінде қалыптастыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, басқарудың мәні оның объективті және субъективті жағдайларды осындай пропорцияда және осы мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін үйлесімде қамтамасыз етуге бағытталғандығын растауға болады.

Зерттеуші-ғалым Павлова Л.Н. «педагогикалық басқару» ұғымын білім алушылар ұжымындағы сапалы өзгерістер жүргізуге бағытталған мақсатты педагогикалық әсер ретінде анықтайды, Ол әр оқушының жеке басын дамытуға бағытталуымен сипатталады. Мазмұны бойынша педагогикалық басқару мақсат қоюды, басқару әрекеттерін жобалауды және оларды жүзеге асыруды қамтиды [80]. Нәтижеде шығатын тұжырым: педагогикалық басқару

- бұл мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің көрінісі.

Педагогикалық және басқарушылық қызметті салыстыру кезінде мотивациялық, конструктивті, ұйымдастырушылық, ақпараттық, бақылау және шешім қабылдау функцияларының бір-бірімен сәйкесіп жататындығын анықтауға болады. Мұғалімнің рөлін өзгерту тұрғысынан басқаруды жүзеге асыру үшін қажет әрекеттерді талдау кезінде басқарушылық және педагогикалық қызметті біріктіру орынды деп айтуға болады.

Симонов В.П. педагогикалық басқару субъектісі ретінде мұғалімнің басқарушылық қызметінің мазмұны оның атқаратын қызметтерінде көрініс табатынын атап өтеді [81].

Басқару процесі әрқашан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін адамдардың жалпы қызметі жүзеге асырылатын тұста көрініс табады. Сондықтан дене шынықтыру және спорт мамандарының басқарушылық қызметінің мазмұнын талдау қажеттілігі туындайды.

Осы проблема бойынша қолда бар ғылыми әдебиеттерді талдау дене шынықтыру мен спортты басқару бірнеше тұрғыдан қарастырылатынын көрсетеді:


  • спортшылардың (және саланың басқа да қызметкерлерінің) қоршаған табиғат объектілеріне, оның ішінде өз организміне (спортшылар үшін) немесе тәрбиеленушілердің организміне (жаттықтырушылар үшін) қажетті іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру арқылы әсер етуі ретінде;

  • дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, олардың қызметіне және жалпы салаға әсері ретінде; дене шынықтыру саласының тиімді жұмыс істеуін және жоспарлы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған саналы қызметтің нақты нысандары мен әдістерінің жүйесін 1-ші суреттен көруге болады.

Дене шынықтыру және спорттың әр маманына, жаттықтырушыға, мұғалімге, дене шынықтыру мұғаліміне, спорт ұйымдарының басшыларын айтпағанда, өзінің кәсіби кәсіби қызметі барысында әртүрлі басқарушылық міндеттерді шешуге тура келеді: оқу-жаттығу жұмысы процесінде, спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде өз еңбегі мен әріптестерінің еңбегін ұйымдастыру; әртүрлі басқару


спортшыла рдың (және саланың басқа да қызметкерлерінің) қорша ған табиға т объектілеріне, оның ішінде өз организміне (спортшыла р үшін) немесе тәрбиеленушілердің организміне (жаттықтырушыла р үшін) қажетті іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру арқылы әсер етуі ретінде

дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, олардың қызметіне және жалпы салаға әсері ретінде; дене шынықтыру саласының тиімді жұмыс істеуін және жоспа рлы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған са налы қызметтің нақты нысандары мен әдістерінің жүйесі



Сурет 1 ‒ «Дене шынықтыру және спорттағы басқару» түсінігі
функцияларын орындай отырып, спорт федерацияларының, дене шынықтыру- спорт бірлестіктері мен клубтарының жұмысына қатысу; басқарушылық шешімдер қабылдау және олардың орындалуын ұйымдастыру; демеушілер іздеу, өндірілетін дене шынықтыру-спорт қызметтері мен тауарларын жарнамамен және насихаттаумен айналысу және т.б.

Басқару қызметі мазмұны бойынша өте ерекше құбылыс. Бұл адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етуді қамтиды. Сондықтан оның нысанына адамдар мен тұлғалар сияқты ерекше объектілер.

Басқару қызметінің ерекшелігі-оның пәні, әсер ету объектісіне субъектілер жатады. Олар, әрине, көптеген басқа қызмет түрлеріне қарағанда, мысалы «жансыз» нысандармен айналысатын орындаушылық секілді қызмет түріне қарағанда сапалық тұрғыдан күрделілік деңгейімен сипатталады.

Басқару қызметі өз процесі бойынша да өте ерекше. Оның өзегі басқа адамдардың қызметін ұйымдастыру, яғни «қызметті ұйымдастыру бойынша қызмет» («Екінші реттік қызмет»). Бұл қасиет әдетте теорияда негізгі, яғни басқарушылық қызмет үшін атрибутивті болып саналады. Сондықтан ол метақызмет ұғымымен белгіленеді және адамның кез-келген басқа іс- әрекетінің өзіндік ішкі жоспары болып табылады (яғни, ол басқа қызметті қалыптастырады) [82].

О.Л. Речкалованың атап өтуінше, өзінің мазмұны бойынша басқару қызметі белгілі бір әмбебап басқару функцияларын (жоспарлау, болжау, ынталандыру, шешім қабылдау, бақылау және т.б.) жүзеге асыруды білдіреді. Бұл функциялардың жүйесі белгілі бір түріне қарамастан кез-келген басқару қызметіне тән, дегенмен олардың жүзеге асу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін [83].

Менеджер (басқарушы), В.А. Чикердің анықтамасы бойынша, бұл жоспарларды жасайтын, нені және қашан істеу керектігін, кім және қалай



орындайтынын анықтайтын басқару маманы (персоналды басқару); басқару циклінің жұмыс рәсімдерін (технологияларын) әзірлейді, бақылауды жүзеге асырады [84].

Бұл анықтамада менеджерлердің немесе басқарушылардың барлық функциялары нақты көрсетіліп тұр. Менеджерлердің жалпы функциялары: - мақсат қою, - жоспарлау, - ұйымдастыру, - үйлестіру, - ынталандыру, - талдау,

- болжау, - бақылау.

Біздің зерттеуіміз үшін Т.И. Шамованың [27] басқарудың қызметтері туралы ойы аса маңызды болды,оны төмендегі 2 -ші суреттен көруге болады.



Сурет 2 ‒ Басқарудың қызметтері


Суреттен байқағанымыздай, басқарудың ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-мақсаттық, жоспарлы-болжамдық, реттуші-түзетушілік, ұйымдастырушылық-атқарушылық секілді бес қызметін атауға болады.

Аталмыш қызмтерге мазмұны жағынан сипаттама берсек:

Ақпараттық-аналитикалық қызмет басқару объектілерінің жай-күйі, білім беру процесінің шарттары мен параметрлері және оған қатысушылар туралы ақпараттық базаны құруға негізделеді.

Мотивациялық-мақсатты қызмет педагогтың алдына қою және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесіне қарай өлшенуі, бағалануы мүмкін диагностикалық сипаттағы мақсаттарды қалыптастыра білуімен байланысты. Педагогтың жоспарлы-болжамдық қызметін жүзеге асыруы оның білім беру қызметін тұжырымдамалық әзірлеумен байланысты.

Ұйымдастыру-атқару қызметі барлық басқару субъектілері арасында тұрақты және уақытша өзара қарым-қатынасты орнату, жұмыс істеу тәртібі мен шарттарын анықтау болып табылады.

Реттеушілік-түзету қызметі педагогикалық жүйені бағдарламаланған

күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Ол білім беру процесінің компоненттерін ағымдағы реттеуді және нәтижелерді түзетуді қамтиды.

Оқытудың стратегиялық міндеті адамның негізгі мәдениетін қалыптастыру түрінде көрініс табады. Оқытудың басында болашақ дене шынықтыру және спорт педагогы алуға тиіс жалпыгуманитарлық даярлықтан өтіп, жалпы білімдік және жалпығылыми білім, білік және дағдыларын меңгеруі тиіс. Ол болашақта ұйымдастырушының, көшбасшының, жетекшінің әлеуметтік рөлін орындауға қажетті құндылықтық бағдарлар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеке тәрбие мен даму (оның ішінде көшбасшылық қасиеттерді), шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы керек. Соломченко М.А., Проничев С.А. [85] тактикалық педагогикалық міндеттерді шешудің бірізділігі ретінде дене шынықтыру және спорт маманының басқарушылық дайындығының мазмұнын төрт кезең түрінде ашады. Бірінші кезең студентті мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына сәйкес пәндерді оқытудан басқа, жалпы білім беру білімі мен дағдыларын қалыптастыруға арналған. Екінші кезеңде жеке тұлғаның жалпы дамуына баса назар аударылады. Одан кейінгі кезең ауқымында білім алушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылып, осы бағыттағы тәжірибесі шыңдалады. Төртінші кезеңнің ерекшелігі - мұнда білім алушының басқару бағытындағы білімі мен дағдылары ұштала отырып, оның болашақ маман ретіндегі әлеуметтік рөлі қалыптастырылады және оның құндылық

әлемін құру аяқталады.

«Басқару» және «менеджмент» ұғымдарының арақатынасы қысқаша түрде келесідей тұжырымдалуы мүмкін:



  1. «басқару» ұғымы адамның жансыз және жанды табиғаттағы, сондай- ақ әлеуметтік өмірдегі нақты қызметін сипаттау үшін қолданылады, сондықтан ол тек әлеуметтік өмірдегі басқарушылық қызметке қатысты қолданылатын «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек;

  2. «дене шынықтыру мен спортты басқару» ұғымын дене шынықтыру мен спортты халық шаруашылығының саласы ретінде қарастыра отырып қолданған жөн, ал «дене шынықтыру және спорттағы менеджмент» түсінігін - нарықтық қатынастар жағдайында әртүрлі сипаттағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін «ішкі басқаруды» атау үшін пайдаланған дұрыс.

Мұғалімнің басқарушылық қызметінің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің айырмашылықтары туралы мәселені И.Б. Сенновский қарастырады [86].

Мұғалімнің басқарушылық қызметін анықтауға бірқатар тәсілдерді қорытындылай келе, педагогика саласындағы қазіргі зерттеушілер басқарушылық қызметтің оқу процесінің факторы ретінде оны зерттеуге ерекше көзқарасты қажет ететін ерекше фактор екенін мойындайды. Алайда, оқу процесінің факторы ретінде басқарушылық қызметтің ерекшелігін талдау мұғалімнің кәсіби қызметінің әр түрлі спектрін қарастыруды талап етеді.

Басқарушылық қызметті білдіретін терминдердің алуантүрлілігі осы ұғым-түсініктің психологиялық қырын тануға негіз береді.

Өз кезегінде, Е.Н. Кишкель басқарушылық қызметтің ұйымдастырушылық және мазмұндық негіздері туралы бірқатар іргелі тұжырымдарды атап өтеді [87].

Е.П.Кишкель анықтамасы бойынша басқарушылық қызметтің психологиялық ерекшеліктері құрамына төмендегідей сипаттамалар кешені кіреді:


  • ұйымдастырушылық қабілеттер;

  • коммуникативтік қасиеттер;

  • басқа адамдарға қарым-қатынастың адамгершілік-этикалық қырлары;

  • мотивациялық факторлар; ерік-жігер; «практикалық» интеллект; жеке мінез;

  • эмоционалдық сала;

  • психодинамикалық сипаттар;

  • жыныс және жас ерекшеліктері.

В.П. Беспальконың оқу процесінде оқушылардың өзіндік оқу белсенділігінің маңыздылығы туралы пікірімен бөлісе отырып, біз оның дәлелін оқытуды басқару ұғымынан табамыз. Оқытуды басқару - бұл оқушылардың мінез-құлқының кездейсоқ эпизодтарымен басқарылатын мұғалімнің сыныптағы стихиялық әрекеті емес, оқу процесінің өзінде оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы кері байланыс алудың алдын-ала жоспарланған процесі [88].

Басқарудың түбегейлі мәселесін теориялық педагогикалық проблема ретінде қарастырған В.В. Лебедев білім алушының қол жеткізуі тиіс оқу нәтижелерін болжамдау жүйесін қалыптастыру және оны қадағалаудың біртұтас құрылымын қалыптастыру бағытындағы ұстаздың оқытушылық қызметін жетілдіру жоғарыда аталған мәселені шешуге қабілетті. Мұғалім — оқушы жүйесінде басқарушылық қызмет осы жүйенің маңызды құрамдас бөліктері - оқу ақпараты мен қызметі арқылы жүзеге асырылады [89].

Л.М. Митинаның тұжырымдары мұғалімнің педагогикалық қызметі туралы теориялық ережелер аясында біз үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Оның пікірінше, мұғалімнің жұмысы күрделі полисубъектілік, полимотивацияланған, тұтас психикалық шындық болып табылады [90].

Қазақстандық ғалым Н.Н. Рябуха басқаруды адам қызметінің ерекше түрі ретінде анықтайды, бұл оған қатысушылардың жұмысында тұтастық пен келісімді қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірледі [91].

Н.Д. Хмельдің пікірінше, егер мұғалім әлеуметтік тұрғыдағы уәждері, психология мен педагогика бағытындағы білім қоржыны, өз кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалаушы құралдары сынды компонеттерге ие болса, ол мұғалім кәсіби іс-әрекетке дайын деп есептеледі [92].

Параграф бойынша қорытындылар:

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, төмендегідей тұжырым жасаймыз:

Дене шынықтыру мен спортты басқару - бұл адамдардың дене шынықтырудағы қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласының тиімді жұмыс істеуін және жүйелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған саналы іс-әрекеттің нақты нысандары мен әдістерінің жүйесі.

Спорттық менеджмент - бұл қазіргі нарықтық жағдайда дене шынықтыру-спорттық бағыттағы ұйымдарды тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет