Мақалаға авторлық түйіндеме - бұл тек қана негізгі мәселелерден тұратын жұмыстың қысқаша сипаттамасы.
Түйіндемеде жұмыстың негізгі идеяларын анықтау қажет, оларды біріктіріп, өте қысқа түрде беру керек. Түйіндеме жұмыстың барлық мазмұнын бере отырып, өзектіліктен, проблеманың қойылуынан, қойылған проблеманы шешу жолдарынан, нәтижелер мен қорытындыдан тұрады.
Әрбір тарау бір сөйлеммен ғана жазылады.
Сондықтан да, түйіндемені жазудың кілттік кезеңі ойды нақты баяндау болып табылады. Түйіндемені жазуда жалпы қабылданған, белгілі терминдерді қолданылу ұсынылады.
Сондықтан да, түйіндемені жазудың кілттік кезеңі ойды нақты баяндау болып табылады. Түйіндемені жазуда жалпы қабылданған, белгілі терминдерді қолданылу ұсынылады.
Мысалы: «Жұмыста..... қарастырылған/ұсынылған/талданған/жалпылан-ған/тексерілген/негізделген»
Түйіндемеде артық нәрселер мен нақты цифрлар жазылмайды!
Кіріспе бөлімде қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі және жұмыстың жаңалығы негізделуі қажет, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттері қойылуы керек.
Кіріспе бөлімде қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі және жұмыстың жаңалығы негізделуі қажет, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттері қойылуы керек.
Тақырыптың өзектілігі - белгілі бір жағдайда қойылған мәселені шешудегі тақырыптың маңыздылығы. Зерттеу нәтижесінің маңызды ғылыми-практикалық мәселелерді шешу қабілеттілігі
Жаңалығы - ол жұмыстың нәтижесінің басқа авторлардың нәтижелерінен айырмашылығы.
Жаңалығы - ол жұмыстың нәтижесінің басқа авторлардың нәтижелерінен айырмашылығы.
Негізгі бөлімде:
автор зерттеу міндеттерін таңдау керек,
зерттеу жүргізу үшін бар құралдарды пайдалануы немесе өзінің жаңа құралын жасауы қажет,
алынған нәтижелерді талдап, зерттеудің нәтижесінде жаңа, әрі пайдалы не алғанын түсінуі қажет.