Байланысты: Жанторинов С. Д. - 13-14 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттырудың әдістемелік ерекшеліктері - Дене шынықтыру және спорт
Денежаттығулары – дене шынықтыру заңдылықтарына сәйкес қолданылатын қозғалыс амалдары.
Дене жаттығуларының техникасы – қимыл міндеттерін шешудің тиімді амалы.
Үйрету - ең алдымен тәрбиенің білімдік элементтерін меңгеруге бағытталған педагогикалық үдеріс.
Әдістемелікамал - педагогикалық үдерістің жекелеген мәселелеріне таңдамалы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелеген жағдайы.
Әдіс – оқу - тәрбие үдерісінің маңызды міндеттерін іске
Асыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз ететiн жол, амал.
Күш – адамның сыртқы кедергілерге қарсы тұра алу немесе бұлшық ет ширығуы есебінен оған қарсылық көрсету қабілеттерінің жиынтығы.
Шапшаңдық – берілген жағдайға қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындауға мүмкіндік беретін адам қабілеттерінің жиынтығы.
Ептілік – адамның қимыл әрекеттерін тиімді меңгеруге және құбылмалы жағдайлардың талаптарына сәйкес оны өз уақытында қайта құруға мүмкіндік беретін үйлестіру қабілеттерінің және морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.
Төзімділік(жалпы) - көбiнесе тірек – қимыл аппаратының қызметі барысында қалыпты қарқындылықтағы қозғалыс жұмыстарын орындайтын адам қабілеттерінің жиынтығы.
Иілгіштік- үлкен теңселу арқылы қимыл–қозғалысты қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалықбақылау – дербес тұлғаның шынайылығына деген мiнез- құлықтың, іс-әрекет пен қатынасты мақсаткерлікпен және жүйелі түрде қабылдау. Байқау мақсаты – білім алушыға педагогикалық әсер етуді дұрыс іске асыру үшін мінез-құлық ерекшеліктерін жасыра білу болып табылады.