Байланысты: Жанторинов С. Д. - 13-14 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттырудың әдістемелік ерекшеліктері - Дене шынықтыру және спорт
- Қолды тіреп жатқан қалыпта қолды бүгіп-жазу. «Тіреле жатқан қалыпта қолды бүгіп-жазу». Тіреле жатқан бастапқы қалыптан, сыналушы бастапқы қалыптағы көтеріліп түсу үшін платформаға тигенше қолын бүгеді. Орындалған қайталаулар саны жазылады.
- Допты екі қолмен төменнен алға лақтыру. «Допты екі қолмен төменнен алға лақтыру». Лақтыру қолды жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпта орындалады. Сыналушы допты екі аяғының арасына түсіріп, алға еңкейеді. Белсенді, шапшаң қозғалып арқаны түзей отырып, допты мүмкіндігінше алға лақтырады. Үш әрекеттен кейінгі ең жақсы нәтиже есепке алынады.
- Алға еңкею. Бастапқы қалыпта артқа тіреле отырып алға қарай еңкейеді.
Тестілеу әдістемесі келесі талаптарды көздейтінін атап өткен жөн:
1. Тестілеуге бір күн қалғанда орташа және ауыр жүктемелер оқу процесінен алынып тасталды, қалпына келтіру сабақтары өткізілді. Бұл спортшылардың тестілеу жағдайында тең болатынына әкелді және тестілеуге дейінгі бастапқы деңгей салыстырмалы түрде бірдей болды.
2. Тестілеу алдында қыздыру стандартты түрде жүргізілді (ұзақтығы, жаттығуларды таңдау, қарқындылығы, орындалу реттілігі бойынша).
3. Тестілеуді кешенге енгізілген барлық тестілер бойынша сол бір сарапшылар жүргізді.
4. Спортшыларды тестілеу кейінгі тестілеу кезінде де өзгертілмей, алдын ала белгіленген схема бойынша жүргізілді.
5. Бірдей тестті орындағаннан кейін толық демалыс берілді.
6. Әрбір спортшыға тестте ең жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылу ұсынылды. Ол үшін тестілеу жарыс түрінде өткізілді.
Гір көтеру спортындағы техника мен тактиканың ерекшеліктері және жарыс қимылдарындағы дене қасиеттерінің көрінісі Гір көтерудегі дене дайындығының ерекшелігі оның осы түріндегі жаттығулар мен жарыс әрекеттерінің биомеханикалық сипаттамаларына байланысты. Сондықтан техникалық элементтердің биомеханикалық сипаттамаларын қарастыруды қажет деп санаймыз [70].
Гір көтеру жаттығуларын орындау кезінде жаттығуға барлық дерлік бұлшықет топтары көп немесе аз дәрежеде қатысады, бұл көп энергия шығындауға алып келеді. Ағзаның энергетикалық ресурстары шектеулі болғандықтан, жоғары нәтижеге жетуде тиімділік, жаттығуды орындаудың оңтайлы техникасы маңызды рөл атқарады: осылайша серпілу жаттығуларындағы келесі техникалық элементтерді бөліп қарауға болады, снарядты кеудеге көтеру (Б.Қ.), жүрелеу, итеріп түсіру; шығу; тіркеу; кеудеге түсіру (Б.Қ.).
Кеудеге көтеру: Бастапқы қалыптан тұғырдан гірді жұлып алады, кеудені алға қарай еңкейтіп, екі аяқтар арасынан серпіледі, содан кейін аяқ пен арқаны түзете отырып аяқты сәл бүгіп гірді кеудеге көтереді.