10-практикалық сабақ Тақырыбы : Мемлекеттік тұқымдық бақылау 10.1. Мәтінді оқып, бірнеше сұрақ әзірлеңіз. «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары арқылы іске асырылады. Еліміздегі барлық ауыл (акционерлік қоғамдар, жауапкершік шектеулі серіктестіктер, ұжымдық шаруашылықтар, шаруа қожалықтары ж.б.)
Мемлекеттік «Тұқым сапасына сараптама өздерінің барлық тұқым қорларын дер кезінде тексертіп отыруға міндетті. Тексеру нәтижелері бойынша лабораториялар шаруашылыққа тиісті құжат береді: мұнда тұқымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талаптарына жеткізу үшін қандай өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет көрсетіледі. Қазіргі кезде тұқымтану ботаника пәнінің шағын бөлімінен өсімдік шаруашылығының ірі саласына айналды. Әуелде тұқымтануда тұқымның аналық өсімдікте пайда болуы, дамуы, олардың себу сапасы мен анықтау тәсілдері зерттелді. Кейіннен аналық өсімдіктегі тұқымның даму үрдісі, егін жинаудан сепкенге дейін, «себу-көктеу» кезеңінде көшкенге дейінгі үдерістер зерттелді. Одан әрі тұқым сапасына жағдайлардың зерттелді. Сонымен тұқымтану осы заманғы ұғымы бойынша нені оқытады? Тұқымтану-мәдени өсімдіктердің тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үдерістерді, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымның қалыптасуына әсерін, тұқымның егістік (себу) сапасын анықтау тәсілдерін оқытатын ғылым. Тұқымтану ғылымының басты зерттеу объектісі – тұқымдық жадығат (материал), негізгі мақсаты – оның сапасын арттыру. Ол өсімдік шаруашылығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бір айта кететін жәйт, тұқымтану ғылымын тұқым шаруашылығы ғылымынан ажырата білген жөн: тұқым шаруашылығының негізгі міндеті – сорттық тұқымды зерттеп, көбейту жолдары жүйесін жасап, таза қалпында сақтау және шаруашылықтарды олармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл екі құрамдас бөліктер бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Тұқымтанудың мәнін, оның тұқымдық бақылаумен байланысын И.Г. Строна төмендегіше түйіндеген . Тұқымтану пәні танаптық, көкөніс, әсемдік, шалғындық-жайылымдық дақылдардың, жеміс және орман өсімдіктері мен жабайы өсімдіктер дүниесі тұқымдарының биологиясы және олардың физикалық-механикалық қасиеттерін, физиологиясы мен микробиологиясы мен фитопатологиясын, тұқымның әртүрлі сапалығын, физикалық әсер ету арқылы тұқым сапасын өзгерту мәселелерін оқытады, ал шаруашылығы пәні негізінен тұқымтану пәнінің дақылдарынан (жабайы өсімдіктер дүниесінен басқаларын) бастапқы жадығат, агротехника, механизация, апробация, тұқымды өңдеу және сақтау, экономика және ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталған екі пән бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.