Дістемелік кешен


Күріш пен сұлының адам өміріне пайдасы жайлы әңгімелеңіз



бет45/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

10.7. Күріш пен сұлының адам өміріне пайдасы жайлы әңгімелеңіз.
10.8. Мәтіндерді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Өсімдік зиянкестері
Мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан – сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас, тышқан, қосаяқ, аламан, т. б.); омыртқасыздардан – бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері, бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар (қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндер бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдік қоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. Ауыл шаруашылық дақалдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан – шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан –шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан – күздік көбелек, мақта түн көбелектері, шалғын көбелегі, т. б. Бұнақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді: 1)ауыз мүшелі кемірушілер; 2)ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар. Бірінші түрлері – жапырақтарды, сабақтарды, өркендерді зақымдап жесе кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, дінін кеміріп жейді; екіншілері – қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлініп шығатын ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды.
Өсімдік карантині
Мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көштері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақденелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қанқызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан — үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтозпориздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптердің сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс. т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет