Дістемелік кешен



бет39/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
Лекция мәтіні:


1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі мемлекет болып саналады. Оның себебі, саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы мәселе. Мемлекеттің философиялық -әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі қоғамның экономикалық-әлеуметтік формацияларының тарихи-қоғамдық дамуының құралы деп қарастырды. Ал оның заңдық қырына тоқталатын болсақ, ол мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы рттеп отыруды көздейді. Саяси-экономикалық жағынан мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құрал ретінде көрсетеді.
Ғылым жалпы мемлекеттің шығуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамдағы саяси, әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптастыруымен байланыстырады. Жаңа заманда италяндық Қайта Өрлеу кезеңінде “мемлекет” деген атау термин ретінде пайда болғанды. Ол алғашқы рет Испанияда орнығып, одан Франция мен Грманияға, ХХ ғ. дейін бүкіл Еуропа елдеріне тарап кетті. Испаниядағы “мемлекет” ұғымы латынның “состояние” – қалыпты жағдай деген сөзінен шыққан. Бастапқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет функциясы ретінде қарастырылып, ақырында мемлекет ұғымына ауысты. XVII ғасырдан бастап “мемлекет” деген атау ммммемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатады. Мемлекет ұғымын жаңа заман жағдайында қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларға байланысты қарау керек.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі элементі ретінде өзіне қажетті уақытында арнаулы күштеу орталығын қолдана отырып, өз территориясында өмір сүріп отырған адамдардың мүддесін қорғауы және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер негізінде реттейтін қоғамдық механизм екендігін көрсете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет