Дістемелік кешен



бет41/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

4.Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан: агралық және индустриялдық болып бөлінеді. Агралық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүргізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретінде көрінген тап – құлдар болды. Құлиеленуші мемлекеттерге Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Урарту, Үнді, Қытай мемлекеттері жатады.
Құлиеленушілік құрылыс тұсында материялдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттін қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағаның айтады.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарында VI – XII ғасырлар аралығында қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев, Русин, Батыс Еувропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриялдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVIІ ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIІІ ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына түскен Францияны, Америка Құрама Штаттарын атауға болады.


5.Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің (типалогиясы) жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:
а) таптық қарсыласу рпинциппі. Мемлекеттердің - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде; феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;
б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі. Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;
в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери – полициялық мемлекет болып бөлінеді.
Мемлекеттер әр түрлі тұрпата болады:
- унитарлық, яғни тұтас мемлекет - әлеуметтік ұйымның жоғары дәрежесінде үстемдік ету . Басқа басқарушы ұйымдардың билігі жоқ;
- федеративтік - мұнда әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзінің билік органдары болды. Сонымен қатар федералдық саяси құрылымдар құрылды. Одақтық заң одақ аумағында орындалуға тиісті. Федерацияның субьектілері – штаттар, кантондар, жерлер, провинциялар, республикалар;
- конфедерация – онда біріккен мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды. Конфедерацияда өзара қимылды үйлестіретін ұйымдар құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет