Дістемелік кешен



бет17/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

Лекция №5


Тақырып: Салыстырмалы саясаттану.
(1 сағат)


Жоспары:

1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні .


2. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде.
3. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.
4. XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы
саясаттанудың бөлінуі.
5. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.


Лекцияның мақсаты:


Студенттерге салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні, салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі екендігі, салыстырмалы саясаттанудың әдістері, XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі және салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы түсінік беру.

Лекция мәтіні:


1.Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні . Салыстырмалы саясаттанудың зерттеу обьектісі мен пәні жалпы саясаттанудың мақсат, міңдеттерімен сабақтас тек мұнда саясатты жаңа қырынан тереңрек зерттеу мүмкіндіктері салыстырмалық негізде қарастырылып талданады. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып отырған елулі өзгерістер саясат саласында милінше айқын да дәл көрініс табуда. Ол саяси процестердің әр алуандылығында байланысты өзіндік ерекшелігі бар жаңа мазмұндармен байып, толығуда. Адамдар арасындағы саяси байланыс күрделене түсуде. Саяси өмір жаңа сапаға ие болуда, бұл жағдай оны жан – жақты терең зерттеуді қажет етіп отыр.
Саясатттанудың XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасқаның біз білеміз ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО – ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассотциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. ХХ ғасырдың 50 жылдарында салыстырмалы саясаттанудың өмірге келуі саяси зерттеулерге жаңа серпін берді. Бүгінгі таңда АҚШ – тың, Батыс Еувропаның және Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міңдетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған маман дайындайды. Мысалы, АҚШ – та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді әсіресе саясаттанудың қолданбалы түрі кең таралған оны бітірген мамандар - саясаттанушылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдыңдағы бағдарламаларың талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кенінен пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет