2. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде. Салыстырмалы саясаттануда. Салыстыру эмперикалық зерттеулердің негізгі әдісі. Эмперикалық әдістер мәліметтерді жинау және оларда таңдау әдістері болып екі топқа бөлінеді. Нақты ақпараттық мәліметтерді жинау кезінде бақылаулар, сурақ – жауап, құжаттарға талдау, тәжірбие жасау жүргізіледі. Бақылау саясиөмірдегіоқиғаны, сондай – ақ ондағы орын алған жағдайларды тура немесе жинай, сонымен қатар тікелей көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибе арқылы оқиғаға қатысушылар басшылыққа алған себептерді, оларды саяси өмірдің әр түрлі туыстарына деген көзқарастарын анықтайды. Статистикалық және басқа құжаттарға талдау жасау адамдардың саяси іс – қимылдарының обьективті нәтижелеріне көз жеткізуге көмектеседі. Тәжірбие жасау адамдардың басқа зерттеу әдістерінің көмегімен анықталған саяси іс - әрекетінің сипатына ықпал еткен факторлар туралы біздің ұсыныстарымызды іс – жүзінде тексеру әдісі болып табылады.
Қазіргі заманғы саясаттану философиялық тұрғыда нақты құбылыстармен жағдайларды қарастыруға, ияғни абсолюттік идеяларды, қияли үлгілерді емес, нақты фактілерді зерттеуге ден қояды.
Салыстырмалы саясаттану саяси құбылыспен әр түрлі әлеуметтік күштерінің өз ара іс - әрекеттерінің нәтижелерің үш негізгі теориялық жүйе - жан – жал, келісім және флюрализм арқылы зерттейді.
3. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.Салыстырмалы саясаттануды жеке әдістемелерсіз, яғни нақты да дәйекті жұмыстарсыз зерделеу мүмкін емес. Олар нақты саяси құбылыстарды, хал – ахуалды және оқиғаларды айқынрақ түсініп, білуге жағдай жасайды. Осылардың көмегімен эмперикалық әлеуметтану материалы орта деңгей теориясының саясаттануға талдау жасау үшін пайдаланылады. Саяси ғылым өзіне әлеуметтануды сенімді іргетасетуге тиіс, жеке әдістемелер статистикалық мәліметтерге, халықпен саулнама жүргізуге (анкета алу және сухбаттасу), тікелей бақылауға, құжаттарға талдау жасау ұстанымдарын қалыптастырады. Кез – келген жағдайдағы нақты саяси жағдайлар төмендегідей ретпен зерттеледі: Талдау жасау - себебін анықтау – болжам жасау. Сайлау алдындағы науқандарға, үкімет дағдарыстарына, халықаралық саяси процеске саралап талдау жасау кең тараған әдістердің бірі оның үстіне бұларда болжамдардың ықтималдық жағы басым келеді.
Г. Лассуэлл нақты саяси жағдайларды зерделеу үшін басты бес сұрақтан тұратын жүйені пайдалануды кеңес етті. Олар:
1. Құндылық ретіндегі бағыттардың қандайын тандауға болады?
2. Бұл құндылықтарды жүзеге асыруды көздейтін қандай бағыттар бар?
3. Бұл бағыттарға қандай факторлар ықпал етеді?
4. Болашақ дамудың қандай жобасы болуы мүмкін?
5. Бұл құндылықтардың ойдағыдай жүзеге асуын қандай балама саяси бағыттар қамтамасыз ете алады?
Сөйтіп міндеттер айқындалады: мақсаттар – көзқарастар – жағдайлар – жобалар – баламалар. Ең күрделісі – соңғы екеуі.
Американ саясаттанушылары демократиялық қоғам денгейіне жедел талдау жасау үшін төмендегідей жүйені пайдаланады.
Оның бастау желісі – ашықтық, екіншісі – көсемдер ұстанымындағы бәсекелестік. Әрекет желісі қоғамға жақындаған сайын ол демократияшыл бола түседі. Қоғамдық – саяси дағдарыстың өрістеуі теориялық схемалары бойынша жүреді.
Мысалы, солардың біреуінің тұжырымдауынша дағдарыс үш кезеңде өтеді:
2. Күштердің ара ------- ашылуы арқылы жағдайын айқындалуы ( жанжал кезені )
3. Жанжалдарды шешу.
Мұндай нақты да өзекті саясаттануды үкімет, саяси жетекшілер мен партиялар аса ықалспен пайдаланады. Қабылданатын шешімдер мен заңдардағы саясаттану тұрақсыздығы сараптама кәсіби саясаттың құрамдас бөлігіне айналады.
Саяси өмірдің мейлінше серпінді дамуы, мұнда стихиялық және жанжалды жағдайлардың тым көбейе түсуі саяси процесті талдап зерттеу мен болжам жасауға зор маныз береді.