Дістемелік кешені


Мал қора жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар



бет49/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
8.5. Мал қора жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар .
Қораларда қажетті микроклиматты сақтап тұру үшін дұрыс ауа алмасуды қамтамасыз етудің, яғни таза ауаның біркелкі таралып, ластанған ауаны алмастырудың маңызы үлкен. Ауа алмасу дұрыс жүрмейтін қораларда желдетілмейтін қора бөліктері байқалып, онда ылғал мен зиянды газдардың мөлшері артады немесе керісінше, ауа қозғалысы жоғарылап жануарларға теріс әсер ететін жел өті пайда болады. Жалюзді ауа алмасу жүйесі
Жануарлар денесінен қора ауасына үнемі жылу, дымқыл бу, көмірқышқыл газы, аммиак, күкіртсутегі және басқа заттар бөлініп отырады. ауасы толық тазартылмаған қора жайда зиянды заттар тым көп жиналып қалады. Содан малдың физиологиялық күйі нашарлайды, зат алмасу баяулайды, азық қорыту мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді. Салдарынан, малдың өнімділігі, резистенттілігі, денсаулығы төмендейді. Сондық тан да, мал қора ішіндегі микроклиматты қалыпты сақтап отыру үшін ауаны үнемі тазартып отыру қажет.
Желдетудің бірнеше түрі бар. Оның түрлері төмендегі сызбада көрсетілген.
8.6. Қиды шығару және канализация жүйелері.
Мал қоралары ішіндегі канализация қоймалжың қиды, қораның ішін тазалағаннан кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитариялық тазалықтан өткізгеннен кейін шайынды суларды шығару үшін керек. Канализация құрамына кіретін жабдықтар: қоймалжың қи ағатын науа, (тік бұрышты, ені 30 см, тереңдігі 20 см), ал оны қи қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кемдегенде 1 пайыз, қи қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар, қи ағатын құбырлар, гидравликалық қақпа, бақылау құдықтары, қидың сұйық бөлігі жиналатын жинағыш.
Қорадан қиды шығарудың бірнеше тәсілдері бар: механикалық әдіс, гидравликалық әдіс.
Қазіргі уақытта Европа мен Солтүстік Америка мемлекеттерінде бетон ванналарын пайдалана отырып, қиды өздігінен ағып кету жүйесі кеңінен қолданылады.
Әрбір загонның астында жинағыш ванналар Ванналардың беті торлармен жабылады. Әрбір ваннада тығыны бар тесік болады. Тесіктер өзара құбырлармен байланысып, қидың өздігінен ағып шығару жүйесін құрайды. Ванналарды қолданбас бұрын оларды 10см дейін сумен толтырады.Содан кейін олар қимен толтырылады. Ашу процессі барысында қи қоймалжың затқа айналады. Қолданудың 15 күнінде ванналарды тазалау қажет.
Ол үшін арнайы ілмектің көмегімен тесіктен тығынын алып тастаймыз, қи өзігінен төмен қарарй ағып құбырлар арқылы сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет