Терезелер мен жарықтандыру. Терезелредің саны мен мөлшері ғимаратқа сай және сәулеттік шешімге сай болуы керек. Терезе қимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан, сыртқы су аққыштардан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы – жаппалы, бір немесе екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.
Ағаш жақьаулы бір қабат терезелердің жылу өткізгіштік коэффициенті 5,8 Вт/(м² х С), ал қос қабат терезенікі 2,67 Вт/(м² х С).
8.4. Мал қора еденіне қойылатын гигиеналық талаптар және төсеніштердің гигеналық маңызы.
Еденнің конструкциясы мен жасалған матеиалы қора микроклиматына, санитариялық – гигиеналық жағдайға, жануардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына, мал өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Едендердің бірнеше түрі бар. Барлығына қойылатын талп бірдей: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулықтарына зиянсыз, тазартып жинауға қолайлы болуы керек, малдың түрлі әрекеттеріне төімді болып келуі тиіс. Еденнің түрлері өте көп: монлоитті едендер, ағаш едендер, керамзитті – бетон едендер, құрама едендер ( ағаш, темір – бетон, қыш, шойын, асбесті цемент торлардан, металл прокаттары мен пластмассадан жасауға болады). Монолитті едендер- ол топырақ, саз балшық, сазды қиыршық, тастар, топырақ аралас бетоннан жасалады. Әк пен ккерамзиттен, бетоннан, цемент пен құм араластырылп жасалған, кірпіш және қыш едендер қолданылады.
Ағаш едендер – саз немесе бетон үстіне сүрленген ағаш төселеді.
Керамзитті – бетон едені заауыттарда жасалатын ірі ауқымды плиталардан салынады. Ондай едендер сиыр және шошқа қораларында жататын жерлерінде, ат қораларында төселеді.
Мал төсеніштерінің негізгі міндеті - мал үшін жататын орынның қрғақ, жұмсақ және жылы болуы. Төсеніш материалдары құрғақ, жұмсақ, жылуды аз өткізетін және ылғалды сіңіріп алғыш болуы керек. Төсеніштердің бірнеше түрі бар: сабан, ағаш ұнтағы, жапырақ үйінділері, шетелде резеңке төсеніштер қолданылып жүр. Біздің елімізде ең көп қолданылатын төсеніш - ол сабан. Ол экономикалық жағынан да да тиімді, төсеніш ретінде көрсеткіштері жоғары. Сабанның жылу ұстағыш қасиетін жоғарылату үшін оны майдалап кеседі (10-12 см). Алайда, сабанның бактериостатикалық және бактерицидтік қасиеті жоқ. Сонымен қатар, жылқы шаруашылығында ағаш ұнтағы қолданылады. Шетелде сиырлар астына матрас төсеу әдісін қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |